Препараттары Дезоксикортикостерон ацетат. Desoxycortіcosteronі acetas – ақ ұнтақ, су-
да ерімейді. Енгізілуі бұлшық етке 0,005-0,01 күнде немесе күн ара немесе тіл астына 1 таблеткадан күніне 1 рет немесе күн ара.
Шығарылуы: ампулада 1 мл 0,5% майлы ерітіндісі түрінде, таблеткада
0,005.
Сақталуы: Б тізімі.
Гидрокортизон ацетат. Hydrocortіsonі acetas – көз ауруында 0,5% майы.
Тері ауруында 1% майы беріледі немесе буын ішіне енгізіледі 0,005 – 0,075
артритте.
Шығарылуы: флаконда 5 мл толық ерімеген гидрокортизон 0,125; 1%
майы; 0,5% көз жағылмасы.
Сақталуы: Б тізімі
Преднизолон. Prednіsolonum – ақ ұнтақ, суда ерімейді. Берілуі: ішке
0,005-0,01, тері ауруында 5% жағылмасы.
Шығарылуы: таблеткада 0,001 және 0,05; 0,5% жағылмасы.
Сақталуы: Б тізімі
Триамцинолон. Полькортолон. Кеналог. Triamcinolonum – ішуге 0,5-1
таблеткадан тәулігіне 1-4 рет белгіленеді.
Шығарылуы: таблеткада 0,004
Сақталуы: Б тізімі.
Дексаметазон. Дексазон. Dexamethasonum – ішуге 1-2 таблеткадан тәу-
лігіне 2-3 рет тамақ үстінде немесе тамақтан соң; 0,1% 10мл флакондағы сус-
пензия көз және құлақ тамшылары түрінде тағайындалады.
Шығарылуы: таблеткада 0,0005; 0,1% суспензия флаконда 10 мл.
Сақталуы: Б тізімі.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Tabul. Prednіsolonі 0,005.
D.t.d. N 20.
S. 1 таблеткадан ішке күніне 2 рет.