7. Бүйрек үсті безі қыртыстықабатының гормондарының
препараттары және олардың жасанды аналогтары.
Бүйрек үсті бездері – бүйректің жоғарғы тілігінде орналасқан ішкі секре-
ция бездері. Бүйрек үсті бездерінде милы қабат және қыртысты қабат бар. Бүйрек үсті бездерінің милы қабаты қанға адреналин бөліп шығарады, ал қыртысты қабаты кортикостероидтық гормондарды бөліп шығарады. Кортикостероидтар
3 топқа бөлінеді:
1. Минералокортикоидтар;
2. Глюкокортикоидтар;
3. Жынысты гормондар.
а. Минералокортикоидтар.
Минералокортикоидтар – минералдардың алмасуына, әсіресе натрий жә-
не калий алмасуына әсер ететін бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гормондары.
Бұл гормондар бүйрек өзекшелерінде натрий иондарының қайта сіңуіне
және калий иондарының секрециясына әсер етеді. Минералокортикоидтар көп мөлшерде бөлінгенде байқалады:
1. Ағзада натрийдің мөлшері көбейіп судың жиналуына байланысты
ісіктер
2. Артерия қысымының жоғарылауы.
3. Бұлшық еттердің әлсіздігі және аритмиялармен сипатталатын
гипокалиемия.
Минералокортикоидтардың жетіспеушілігінде денеден бүйрек арқылы
натрий иондары және судың шығарылуы күшейеді. Ол судың жетіспеушілігіне
(Адиссон ауруы) әкеп соғады. Негізгі минералокортикоид болып альдостерон
және одан пайда болған – дезоксикортикостерон саналады.
Дәрілік препарат ретінде дезоксикортикостерон ацетаты Адиссон ауруын-
да, миастенияда ( бұлшық еттердің әлсіздігі) қолданылады.
б. Глюкокортикоидтар.
Глюкокортикоидтар көмірсу, белок алмасуына әсер етіп, белоктың син-
тезін бұзып оның көмірсуға айналуына көмектеседі.
Глюкокортикоидтар май алмасуында өзгертеді. Глюкокортикоидтардың
ең негізгі қасиеттері болып, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы белсен-
ділігі, дәнекер тіндердің дамуын әлсіретуі, иммунодепрессивтік белсенділігі,
шокқа қарсы және антитоксикалық әсері саналады.
Табиғи глюкокортикоид болып гидрокортизон есептеледі. Дәрілік препа-
раттары - гидрокортизон ацетат, преднизолон, триамцинолон және дексаме-
тазон. Бұл препараттар бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігінде (Адиссон ау-
руы), дәнекер тіндердің бұзылуларында, ревматизмде, бронх демікпесінде,
шокқа қарсы дәрі ретінде тағайындалады.
Тері ауруларын емдеу үшін синафлан және флуметазон, ал бронх демік-
песінде ингаляциялық жолмен беклометазон дипропионат қолданылады.
Глюкокортикоидтарды тұрақты қолданған кезде ісіктер, артерия қысымы-
ның жоғарылауы, гипергликемия, жара ауруының асқынуы, жұқпалы аурулар
дың асқынуы, остеопороз (сүйек тіндерінің сиреуі), май алмасуының бұзылуы болуы мүмкін. Тұрақты ұзақ уақыт қолданған люкокортикоидтарды бірден тоқтатқанда бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігімен сипатталатын тоқтату синдромы пайда болады.
Глюкокортикоидтарды гипертония ауруының ауыр түрінде, жүкті әйел-
дерге, қантты диабетте, асқазан және 12 елі ішек жара ауруларында, психоз-
дарда тағайындауға болмайды.