Акромегалияның негізгі себебі гипофиздің алдыңғы бөлімінің (СТГ түзіледі) ісігі болып табылады.
Аденогипофизде Gs-белоктар соматолиберин рецепторынан сигналдарды тасымалдауға қатысады. Gs-белоктың α-суббірлігі генінің мутациясы болғанда бұл gsp онкогенге айналады, мутация Gs-белок жүйесінің активтену фазасының ұзаруын тудырады, өсу гормонының шексіз синтезі мен жасуша бөлінуі жүреді. Нәтижесінде акромегалияның клиникалық белгілері байқалады және гипофиздің ісігі дамиды.
ІІІ бөлімі- катализдік. Бұл-аллостерикалық фермент аденилатциклаза.