Гормондар биохимиясы ц-амф және ц-гмф арқылы әсер ету механизмі


Мембрана нәруыздары фосфорланғанда мембрананың бірқатар заттарға, негізінен, иондарға (Са 2+) өткізгіштігі жоғарылайды



бет7/7
Дата11.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#142192
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№1-1 дәріс - гормондар-1 249a36861e85b728d008c054762b3146

Мембрана нәруыздары фосфорланғанда мембрананың бірқатар заттарға, негізінен, иондарға (Са 2+) өткізгіштігі жоғарылайды.

І механизм – өте қуатты каскадты механизм:

1 гормон 500 цАМФ

1цАМФ 100 пк А-ны активтендіреді.

1 пкА 1000 ферментті активтендіреді.

Сонымен, 1 гормон 50 млн-ға жуық ферментті активтендіреді.

Гормондардың әсері бірнеше жолдар арқылы аяқталады:

І- гормон-рецептор комплексі интернализация (мембранадан цитозолге түсуі) процесі кезінде диссоцияланып, гормон лизосомаларда бұзылуы мүмкін.

ІІ- Фосфодиэстераза цАМФ-ты аденил қышқылына айналдырады:

цАМФ +Н2О АМФ

ІІІ- Протеинфосфатаза фосфорланған нәруыздарды фосфорсыздандырады:

Фосфопротеин нәруыз+ Н3РО4

Гуанилатциклазды жүйе

  • ГЦ-ды жүйенің 2 түрлі формасы белгілі: мембранамен байланысқан және цитозольды (ерітіндідегі).
  • Мембранамен байланысқан формасы 3 бөлімнен тұрады:
  • І- рецепторлық (плазма мембранасының сыртында орналасқан);

    ІІ- ішкі мембраналық домен;

    ІІІ- катализдік, мұнда фермент-гуанилатциклаза (ГЦ-аза).

ГЦ-аза келесі реакцияны катализдейді:

ГТФ цГМФ + Н4Р2О7

цГМФ протеинкиназа G-ды активтендіреді.

Активсіз ПК G екі суббірліктен тұрады. Әр қайсысында реттеуші мен катализдік домен бар. 2 цГМФ реттеуші домендермен байланысқанда, ПК G активті күйге айналады.

ПК G диссоцияланбайды.

ПК G кейбір жасуша ішілік нәруыздардың фосфорлануына әкеледі.

Гуанилатциклаза

Мембранамен байланысқан ГЦ-ды жүйенің активаторлары: натрийуретикалық пептид (НУП) пен бактериалды термостабильді эндотоксин.

НУП вазодилатацияның, натрийурез бен диурездің жоғарылауына әкеледі. цГМФтың натрийуретикалық эффектісі катиондық каналдардың ашылуымен байланысты.

НУП ағзада қан көлемі көбейгенде (гиперволемия), жүрекшелерде түзіледі. Ол бүйрекке тасымалданып, бүйрек түтікшелерінің жасушаларында мембранамен байланысқан ГЦ-ды жүйені активтеп, натрий мен судың экскрециясын жоғарылатады. Қан көлемінің азаюына әкеледі.

Қан тамырларының тегіс бұлшық ет жасушаларында да ГЦ-ды жүйе болады, оның әсерінен бұлшық ет босаңсуы іске асады. ГЦ арқылы эндогенді (азот оксиді) және экзогенді вазодилятаторлар да әсер етеді.

Бактериалды эндотоксин ішектің эпителий жасушаларындағы ГЦ-ды жүйені активтеп, ішекке судың сіңірілуін баяулатады және диареяны дамытады.

Цитозольды ГЦ-аза

Бұл фермент 2 суббірліктен тұрады, коферменті - гем.

Бұл формасының активаторлары: тамырлардың босаңсуын туғызатын эндотелиалды фактор –азот оксиді (NО), липидтердің пероксидтік тотығуының радикалдары жәнежүрек ауруларында қолданылатын нитровазодилататорлар (нитроглицерин, нитропруссид).

Цитозольды гуанилатциклаза

NО үнемі қан тамырларының қабырғасында түзіліп отырады:

2НАДФН2 2НАДФ

Аргинин цитруллин + NО

2О2 2Н2О

Фермент- NOS (NO-синтаза).

NO ГЦ-ның гемімен әрекеттескенде, цГМФ түзіледі. NO қысқа уақыт (бірнеше секунд) әсер етеді. Бұндай эффектіні ұзағырақ нитроглицерин көрсетеді. Ол ұзақ уақыт NO бөліп отырады.

Сұрақтар

  • 1- І механизм арқылы әсер ететін гормондардың рецепторлары қай жерде орналасады?
  • 2-АЦ-аза қандай реакцияны жылдамдатады?
  • 3-Қандай ферменттерді пкА активтендіреді?
  • 4-цГМФ көбейсе қан тамырларында не болады?
  • 5- NO қандай заттан түзіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет