Гормондар биохимиясы


Бүйрек үсті милы және қыртысты қабаты



бет65/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Бүйрек үсті милы және қыртысты қабаты
гормондары синтезінің реттелуі

Бүйрек үсті милы және қыртысты қабаты гормондарының түзілуі және секрециясы бір-бірімен тығыз байланысты. Ацетилхолиннің әсерінен жүйке стимулына жауап ретінде бүйрек үстінің адреномедуллярлы синапстарында және симпатикалық жүйке жүйелерінде катехоламиндердің секрециясы жоғарылайды. Мұндайда бас миында серотониннің секрециясы жоғарылайды. Ұйықтап жатқанда катехоламиндердің секрециясы төмен, қандағы мөлшері көп емес және күнделікті өмірде де солай. Алайда, симпатикалық жүйке жүйесінің кез-келген белсенділігі, әсіресе, стресс кезінде катехоламиндер секрециясының массивті түзілуіне алып келеді. Күшті стресс кезінде катехоламиндердің қандағы мөлшері 4-5 есеге дейін артады. Күшті ұзақ стресс кезінде адреналин мөлшері 50, норадреналин мөлшері 20 есе артқаны тіркелген жағдай.


Катехоламиндер мен серотониннің әсерінен гипоталамуста гопофиздің алдыңғы бөлігіне әсер ете отырып антикортикотропты гормон (АКТГ) секрециясына жағдай жасайтын кортикотропин-рилизинг-факторы түзілуі жоғарылайды. АКТГ секрециясы опиаттармен, гаммааминомай қышқылды-эргиялық (ГАМК) нейрондармен және глюкокортикоидтармен тежеледі. Глюкокортикостероидтар АКТГ өнімдерін күштірек тежеп, кортикотропин-рилизинг-фактор секрециясын төмендетеді. АКТГ кортикостероидтар секрециясын, негізінен глюкокортикоидтардың және азырақ деңгейде минералкортикоидтардың секрециясын жоғарылатады. Кортикостероидтар өз кезегінде бүйрек үстінің милы қабатына түсе отырып, норадреналиннен адреналин түзілуіне жағдай туғызатын метилтрансферезаны белсендіреді.
Норадреналиннің секрециясына ацетилхолин әсер етеді. Ацетилхолин кальцийдің жасуша ішіне түсуін күшейте отырып, постсинаптикалық жасушалар мембранасының өткізгіштігін жоғарылатады. Бұл катехоламиндердің синапткалық қуыстарға құйылуына алып келеді.
Альдостеронның секрециясына қандағы натрий мен калий мөлшері әсер етеді. Натрийдің қандағы мөлшерінің төмендеуі, альдостеронның жоғарылауына, ал калийдің төмендеуі альдостеронның төмендеуіне алып келеді.
Альдостеронның секрециясында артериялық қысым төмендегенде, қан жоғалтқанда, ишемияда фермент реннин түзілетін бүйрек маңызды рөл атқарады. Ол қан плазмасының ақуызы ангиотензиннің ангиотензин-1-ге (декапептид) айналуын тездетеді, соңғысы ангиотензин түзуші ферменттің әсерінен ангиотензин-2-ге айналады. Ангиотензин-2 1-ші механизм бойынша бүйрек үсті қыртысты қабатына әсер ете отырып, протеинкиназа С белсенділігін жоғарылатады. Бұл цитоплазмада кальцийдің жоғарылауына және цитохром Р450 белсенуіне жағдай жасап, нәтижесінде альдостеронның секрециясы мен түзілуі жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет