Государственного педагогического



бет6/29
Дата25.12.2016
өлшемі8,2 Mb.
#5258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әбдуалиева Л.Ш. Халық қолөнері. – Алматы:Рауан 1992.-120б.

  2. Әлімбаев М.М. Алаша. /Асыл мұра/ Егемен Қазақстан. 1998.-29б.

  3. Ауғанбаева Ұ. Кілем тоқу. Қазақстан мектебі. -2002.

  4. «Шаңырақ» үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991.


Аннотация. Подводя итог многие предприниматели и дизайнеры рука мастерского искусства делают из шерсти различные предметы. С разными технологиями изучают исскуства. из делают разные предметы (калпак, обуви, сумки, браслеты, чехлы для сотовых телефонов, костюмы, пальто) сейчас высшее учебного заведения должны внедрит программу из войлочного исскуства
Annotation. Summarizing many entrepreneurs and designers hand craftsmanlike made ​​of wool various items. With different technologies studied arts. of doing different things (kalpak, shoes, bags, bracelets, cases for cell phones, suits, coats) now higher educational institution should implement a program of Art Felt


ӘОЖ 32 (574)
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ АЛДЫН АЛУ ӘДІСНАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кадыркулов А.Ж., Тастанова М.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Адам – қоғамның негізі. Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Жеке адам қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.

Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу.

Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады. Менің еңбегім міне осы мәселелерге арналған.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.

Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен жиырма бір жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык катынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр.

Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық-нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері тұр.

Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән-жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.

Ғылыми еңбекті жазу барысында түрлі еңбектер қолданылды, оның ішінде Қазақстан Республикасының осы және басқа да салалардағы ғалымдарының, онымен шектеліп қоймай шет ел ғалымдарының еңбектері терең зерттеліп зерделенді. Атап айтсақ, С.В.Максимовтың, К.Ш.Курмановтың, Б.В.Здравомыслованың.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституциясының I-бабында "ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (96-б.); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-б.); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-б.); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-б.); абайсызда кісі өлтіру (101-б.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-б.).

Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар қоғам үшін және философия, дін, психология, этика, құқық үшін орталық тақырыптардың бірі болып табылады.

Біздің мемлекетімізде жеке адамдарға қарсы қылмыстар өміріміздің барлық саласында отбасында, өндірісте, саясатта көрініс тапқан.

Соңғы кезде тапрысыпен кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау көбейіп келеді. Бұл қылмыстардың көбейуі қоғамның және көптеген адамдардың рухани мәдениетінің төмендеуіне және дөрекілеуіне байланысты. Бұдан біздің өміріміздің барлық салаларының дұрыс жұмыс атқармайтындығын, этикалық тәрбиеде кешірілмейтін қателіктер бар екенін, ал кейбір жағдайларда мұндай тәрбиенің мүлдем болмайтындығын көреміз.

Кеңес Үкіметі кезінде әркім өз көршісінің өзінен бай болмайтындығына көзі жететін. Қазір бай адамдар, олардың ішінде негізсіз байығандар көбейіп кетті. Біздің мемлекетіміз оған дайын емес еді.

Оның үстінде адамдардың көптеген игіліктердің бар екенін бірден білді. Көшелердегі әдемі дүкендер адамдарды материалдық игіліктерге жету үшін және нәпсісін қанағаттандыру үшін "ерлік" жасауға итермелейді. Осыдан кісі өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, зорлау көбейіп кетті.

Сондықтан, қоғамның санасын, соның ішінде заңгерлердің санасын түпкілікті өзгерту қажет. Қылмыс жасаған адамдармен қоса оларға көмектесетін және жазадан құтылуға жәрдемдесетін кейбір заңгерлер қылмыстықтың кебейуіне себепкер болады.

Біздің міндетіміз жеке адамдарға қарсы қылмыстардың табиғаты мен себептерін түсініп, олардың алдын алу болып табылады. Бұл біздің тек қоғамдық емес, сонымен қатар азаматтық борышымыз.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді

Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі кодекске қарағанда көптеген қылмыстық- құқылық түсініктердің, институттардың жаңа ұғымы берілген.

Қылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік – қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздігі). Қылмыс құқығының ішінде ауыр қылмыс үлкен орын алып отыр.

Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алудың өзекті мәселелерін айта кетсем.

Тергеушінің түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың алдын алуы

Алдымен, қылмыстықтың алдын алуда нені түсінетіндігімізді анықтап алу қажет. Ғалымдардың арасында бұған байланысты келісімге келтірілген бір пікір жоқ. Кейбір авторлар алдын алуды қылмыстық алдын алу мен оны туындататын жағдайларды жою жұмыстарының жүйесін түсінсе, екіншісі "қылмыстылыққа жол беретін объективті және субъективті себептерді қою" деп түсінеді. Алғашқы авторлардың берген түсініктері алдын алудың мәнін толық ашық көрсетпейді. Ал, екінші авторлар алдын алу жұмыстарының жүйесін өте жалпыландырып жіберген. Субъективті пікірлерді жою қажеттігі бола тұра, оны объективті жағдайларға қарама-қарсы қоюға болмайды. Себебі, субъективті себептер объективті себептерсіз өзінен өзі пайда болмайды. А.И.Данилюктің пікірінше, қылымыстың алдын алу дегеніміз - қоғамның материалдық-техникалық негізін құруға, моральды кодекс рухындағы жаңа адам тәрбиелеуге, қылмыстықтың алдын алуға, тыюға, қылмысты ашуға, құқық бұзғанды жазалау және қайта тәрбиелеуге қоғамда құқықтық мәдениетті дамытуға байланысты жүргізілетін мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың саяси, экономикалық, құқықтық және өзге де шаралардың жүйесі болып табылады. Бұл алдын алу жұмыстарының тек жалпы түсінігі. Ал, тергеушінің алдын алу жұмыстары, соның ішіндегі түзеу мекемелеріндегі алдын алу жұмыстары сотталғандардың құқықтық жағдайының, анықтама органдармен қарым-қатынастардың, күзет тәртібінің, құқықтық мәдениетті ендірудің ерекшеліктерімен көрініс табуы қажет.

Сонымен тергеушінің түзеу мекемелеріндегі жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың алдын алу дегеніміз іс жүргізушілік және іс жүргізушілік емес шаралардан тұратын, өз өкілетті шеңберінде өзге мемлекеттік орындармен бірлесіп жүргізілетін, рецидивті болдырмауға, қылмыс жасауға тиімді жағдайларды жоюға және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталан жұмыстардың жиынтығы және тергеушінің маңызды міндеті болып табылады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларғаәкімшілік қадағалау қылмыстылықтың алдын алудың бір шарасы ретінде

Жеке адамдарға қарсы қылмыс жасағандардың рецидивін болдырмауда бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға әкімшілк қадағалаудың маңызы ерекше десек қателеспейміз.

Әкімшілік қадағалау өзге алдын алу шараларына қарағанда өзгешелігі оның мемлекетік мәжбүрлеу шарасы болып табылатындығында. Ол белгілі бір уақыт аралығында жүргізіледі. Бұл шараның басты мақсаты сотталып шыққандардың қайтадан қылмыс жасауын болдырмау. Әкімшілік қадағалау, мәжбүрлеу шарасы бола тұра, тәрбиелеу шарасы да болып табылады. Әкімшілік қадағалау барысында мәжбүрлеу және тәрбиелеу шаралары өз үйлесімділігін табады.

Әкімшілік қадағалауда қолданылатын шаралардың барлығы қадағалауға бағытталмаған. Бұл шаралар тұлғаның қайтадан қылмыс жасауының алдын алады. Олар бақыламайды, тек жұріс-тұрыстың қандай болу керектігін түсіндіреді.



Жеке адамдарға қарсы рецидивті қылмыстылықтың алдын алудың мәселелері

Жеке адамдарга қарсы қылмыстылықтың алдын алудың ішіндегі өзекті мәселелердің бірі - рецидивті қылмыстылықтың алдын алу оның себептері де бар. Біріншіден, рецедивті қылмыстылық үлкен орын алады. Екіншіден, бұрын сотталғандар қылмыстылықтың ауа райының өзгерте алатындығын теория мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Үшіншіден, рецидивті қылмыстық әлеуметтік, психологиялық, статистикалық табиғатты тұрғысынан жете зерттелмеген.

Жеке тұлғаларға қарсы рецедивті қылмыстардың алдын алу ең алдымен психологиялық әсер етеді. Ал, сотталып шығып, тордың арғы шеті қандай болатындығын көргендерге қылмыс жасамау туралы психологиялық әсер ету өте қиын. Қылмыс жасап сотталып шыққандардың қылмыс жасауда белгілі бір тәжірибелері болады. Сондықтан, олар қайтадан қылмыс жасаған кезде ұсталмаймыз деп ойлайды.

Рецедивті қылмыстықтың алдын алудың қазір тек тиімді екі ғана жолы бар:

Бірінші, заңның жалпы алдын алу қызметі. Қылмыс жасауға дайын жүргендердің тек жартысын ғана заң ұстап қалады. Ал қалғандары ұсталмаймыз деп ойлайды немесе жазадан қорықпайды. Бұл қылмыстық жазалардың тиісті түрде қатал емес деген ойға алып келуі мүмкін. Сонымен, қылмыстық тәжірибесі бар адамдардың жаңа қылмыс жасауының қылмыстық жаза тоқтатпайды деген сөз.

Рецедивті қылмыстылықтың алдын алудың тағы бір жолы құқық қорғау органдарының қызметі болып табылады. Осы органдар өз қызметтерін дұрыс орындағанда көптеген қылмыстардың алды алынады. Ал, тәжірибесі бар қылмыскерлер құқық қорғау органдарының назарына оңайлықпен іліне қоймайды.

Жоғарыда айтылғандар жеке тұлғаларға қарсы рецидивті қылмыстардың алдын алу мәселелері жете зерттеліп, дамытылмаған.

Менің ойымша мұндай психология әсер ету мүмкін емес, тек олардың қылмыс жасауына итермелейтін жағдайларды қою керек. Мұнда ең алдымен материалдық қажеттікті қанағаттандырудың өзге жолдарын ойластыру аса маңызды. Мысалы, бұрын тапрысыпен кісі өлтіріп, сотталып шыққан адам өз отбасын асырау үшін бұрынғы кәсібіне қайтадан оралуы мүмкін және бұрын жіберген қателіктерін бұл жолы жібермеуге тырысады. Екіншіден, қоғам мұндай тұлғалардан теріс бұрылмау қажет, қарсы жағдайда барлық мәжбүрлеу шаралары алынады. Үшіншіден, сотталған адамдары жазасын өтеу барысында жұмысқа бейімдеу қажет. "Адамды адам еткен – еңбек" деген мақалды осы жерде мысал ретінде келтіруге болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (21.05.2007 ж. толықтырулармен және өзгертулермен).

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16.07.1997 ж. (18.01.2011 ж. толықтырулармен және өзгертулермен).

  3. А.Лаврин. Хроники Харона. Энциклопедия смерти. М., 1999 г. с. 11.

  4. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің (Құқықтық статистика және ақпараттар орталығы) мәләметтері. Астана, 2010 ж.

  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексі. 13.12.1997 ж. (18.01.2011 ж. толықтырулармен және өзгертулермен).

  6. «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» ҚР ЖС 2007 жылғы 11 мамырдағы N 1 НҚ.


Аннотация. В данной работе рассматриваются вопросы по борьбе с преступностью и эффективным методам предупреждения преступлений против личности, определение деяний относящихся к данным преступлениям, их отличие от других общественно-опасных деяний, признаки и состав этих преступлений.

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет