Государственного педагогического


Аннотация.В данной статье рассматривается психологические условия развития творческих способностей студентов



бет17/29
Дата25.12.2016
өлшемі8,2 Mb.
#5258
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

Аннотация.В данной статье рассматривается психологические условия развития творческих способностей студентов.



Annotation.This article examines the psychological conditions of the development of creative abilities of students.


ӘОЖ: 37.001.71

А 17
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖАСАЙ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ.
Ботамқұлова А.Б

Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті, Тараз қ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. Білім берудің адамға, жеке тұлғаға қарай бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады. Білім беруде үйренушінің дербес мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталып арнайы орта оқу орындарында жалғаса түседі. Сондықтан да, 12 жылдық білім беретін мектептегі үрдіс жеке тұлғаға бағдарланған оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қажет етеді. Яғни 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» моделіне көшті. Ал, нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру.

Білім берудің басты мақсаты – білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде лайықты ақпаратты өзі табу, талдау және оны пайдалану сөйтіп қарқынды дамып жатқан заманға лайықты өмір сүру болып табылады.

Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында мамандардың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты инновациялық іс-әрекет кезеңі. 


Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым. Оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде бағалаған. Осы орайда А.Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қара сөзінде: «Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп, ұстап, татып,ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді. Ағартушы М.Жұмабаев тұлға мәселесін қарастырғанда: «Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес.

Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару, қаласа- өзін, барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз».  Қоршаған әлемге өз қатынасын сезінетін, іс-әрекеттің нақты түрімен айналысатын, белгілі топтағы адамдардың өкілі, нақты адамды – психологияда тұлға ретінде көрсетеді.

Сонымен қатар әрбір индивид өзіндік ішкі ерекшелік пен сапаға ие. Осы тұлғадан білім алушы пайда болады Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр.

Сондықтан да бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра оқытумен қоса тәрбие де аса маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бойында мәдени құндылық қасиеттерін қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасын ұштастыра отырып жүргізу қамтамасыз етілуі керек.

12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады.
Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны тәжірибеде пайдалана алуынан көрінеді. Ол оқу үрдісінің барлық кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын орындау нәтижес ішкі белсенділікке байланысты. Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі бір қажеттіліктерден туындайтыны баршамызға белгілі.

Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелерге тоқталуды жөн көрдік. Олар оқушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым-қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып жауап алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету. Бұл үшін ең біріншіден оқушыларға білім беретін оқулығымызға байланысты деп ойлаймын.

Көрнекті психолог - ғалым Д.Б.Элькониннің оқу әрекеті баланың психикалық дамуын шапшаңдататын жетекші әрекет болуымен қатар, қарқынды жаңа өзгерістер кіші мектеп жасындағы кезеңге тән деген тұжырымын әр уақытта есте сақтаған жөн.

Сондай-ақ , оқу әрекетінің басқа әрекеттерге де ықпалы зор. Демек мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеттерінің бірі - оқу әрекетін оқушыларға игерту. Оқу әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері мен бағытының дамуына кем дегенде төрт жағдай ықпал етеді. Олар: біріншіден, ғылымның даму деңгейі; екіншіден, қоғамның өскелең талабының оқушыларға ғылыми білім беруді қажетсінуі; үшіншіден, нақтылы қоғамның материалдық мүмкіншілігі; төртіншіден, психология-педагогика ғылымының даму деңгейі. Олай болса, біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына кіруге дайындық барысында оқушыларға нені, неге, қашан, қайда және қалай үйрету негізгі мәселе болып отыр. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой - өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек оқу әрекетінде ғана болады деп бір жақты түсінуге болмайды. Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар өте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді. 12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы; оқытудың сабақтастығы; әрбір оқыту сатысының даралығы. Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің педагогикалық-психологиялық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин, М.И.Махмутов, В.В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманский т.б.) жан-жақты талқыланып келді. Оқушылардың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сөз қозғалған.

Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін дамытады. 12 жылдық орта мектеп оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. Орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді (профильді) оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл – қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы.

12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз

Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында «адам проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады. Білім берудің мақсатында – адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда. Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында,әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен – биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған.

Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте, ішкі икемділігі мен түрлі мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек. Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді. 12 жылдық мектеп оқушысы өзіндік санасы мен өзіндік танымы бар, өз бетімен білім ала алатын, коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары жоғары болуы қажет деген тұжырым жасауға болады.

Қазақстан Республикасының №273с қаулысына сәйкес 2009-2010 оқу жылынан бастап мектебімізде Макмилан баспасынан шыққан «Way Ahead», «Move Ahead» оқулықтарымен жұмыс жүргізіп келеміз. Оқулық Европалық стандартқа сәйкес құрылған «Макмиллан» баспасынан шыққан «Way Ahead» оқулығының оқыту методикасының басты мақсатының бірі бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін ерте жастан ана тілінің көмегінсіз меңгерту. Бұл ағылшын тілін ерте жастан оқыту кезеңінде коммуникативтік сөйлеу, тыңдау оқу және жазу негіздерін қалыптастыру көзделеген, яғни оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым-қатынас қалыптастыру екендігі белгілі. Көпшілік алдында сөйлеу, білу машығын жетілдіру.

Біздің №47 орта мектебіміздің Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының «Биология» мамандығында оқитын студенттермен on-Line жүйесінде қазіргі заманғы соңғы үлгідегі мультимедиялық кабинеттерде өз білімдерін шыңдай түсуде. Қазіргі кезде білім берудің негізгі мақсаты -бұл белгілі бір білім, іскерліктер және дағдылардың жиынтығы емес, осы жиынтық негізінде өз бетімен ақпаратты табу, оған талдау жасау, тиімді түрде пайдалану және білім алу болып табылады. Электронды жоба технологиясы – коммуникативтік біліктілікті дамытудың бірден бір жолы болып табылады. Электронды жоба – жеке ұжымдық жұмыстың бір түрі. Оқушылардың танымдық біліктерінің және практикалық біліктерінің қалыптасуына, танымдық ізденімпаздығын арттыратын оқытудың тиімді түрі. Бұл оқыту жүйесі шетел педагогикасында кең тараған. Біз де институттың барлық факультет студенттерімен үздіксіз педагогикалық практикасын жалғастыру үстіндеміз. І курс студенттері «Менің Отаным – Қазақстан», «Менің білімім болашақ жарқын еліме» атты электронды жобаны қорғап шығады. ІІ курс студенттері лингафон кабинеттерінде жұмыс істеп, үздік тәжірибелі сабақтарға қатысып үйренеді. ІІІ курс студенттері ІV курс студенттеріне әр түрлі әдістерді қолдана отырып ашық сaбақтар жүргізеді.

Біздің мектеп қабырғасында оқушылар тұрақты қалыптасқан құзыреттілік қабілеттіліктерін оқудың орта, жоғары оқу орындарында жалғастыра алу мүмкіндіктеріне ие бола алады.  Оқушы тұлғасындағы құзыреттік қабілет-жасай алу, жасай алуға үйрету сияқты мұғалімдерге жүктелген міндеттерден бастау алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.

2. Бахишева С. «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы».Білім кілті.[№1, 2006]

3. Жазықбаева Ұ. «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы 12 жылдық білім берудің тиімділігі». Білім әлемі. [№1, 2007]

4. Дәулетов Н. «Бала қабілетіне қарай білім беру – бұл өмір талабы». Егемен Қазақстан. [19 қазан,2005]

5. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992


Аннотация. в статье рассматривается умение компетенция на личности ученика, и возложение все обязанности учителям.

Annotation. The article considers the skill competence on the individual student, and putting all the responsibilities of teachers.

ӘОЖ: 371.003.74.44

А 37

МУЗЫКА ПӘНІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МОДЕЛІ.
Ботамқұлова А.Б

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған басты міндет оқушылардың экологиялық ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай экологиялық білім беру және тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз оның тек қана дене бітімінің өсіп жетілуі емес, сондай-ақ баланың ішкі жан-дүниесінің байып, рухани өсуі, қабілеті мен дарынының артуы, іскерлігі мен дағдысының өрістеуі, ой мен адамгершілік көзқарастарының, экологиялық мәдениетінің қалыптасуы болып табылады [167]. Оқушының бойында осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыру, олардың іске асырылуы музыка пәні бойынша оқуда және оқудан тыс жұмыстарын ұйымдастыруға тікелей байланысты. Алдыңғы тармақшада көрсетілгендей, музыка пәні бойынша оқуда және оқудан тыс уақыттарда жүргізілетін жұмыстарының түрлері өте көп. Бәрінің де мақсаты баланы жан-жақты жетілдіру, дамыту.

Экологияның, экологиялық мәдениеттің мәніне және мектеп оқушыларының музыка пәні бойынша оқуда және оқудан тыс іс-әрекеттері арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі таңдағы жағдайына жүргізілген талдау, бізге оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының тиімді формалары мен әдістерінің жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.

Осы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға байланысты әрі қарай жүргізілетін жұмыстың тиімділігі оның табыспен шешілуіне байланысты. Теориялық тұрғыда жеткілісіз зерттеу бұл проблеманың практикалық шешімін қиындатады. Соңғы жылдары оқуда және оқудан тыс уақыттарда оқушылардың экологиялық мәдениетін қылыптастыру мәселелерінің көкейкестілігіне байланысты, оқушылардың қалыптастырылатын тәрбиелілігінің өлшемдерін анықтаудағы әртүрлі тәсілдерді сипаттайтын бірқатар жұмыстар пайда болды. Соның ішінде зерттеу әдістеріне қатысты А.Г. Ковалевскийдің, С.Г. Якобсонның зерттеулері өзіне назар аударады. Оларда «қайта құру эксперименті» ерекше орын алады [168; 169].

Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін анықтау үшін оның өлшемдерін; яғни тәрбиеленушілердің санасы мен тәртібіндегі өзгерістерді сипаттайтын белгілерді білу керек.

Адамның санасындағы сандық және сапалық өзгерістер тәрбие тиімділігінің маңызды көрсеткіші қызметін атқарады. Алайда, оқуда және оқудан тыс уақыттардағы тәрбие процесі мұнымен шектелмейді. Тұлғаның шынайы ойы мен сезімдерін қандай көрсеткіштермен бағалауға болады дегенде, әрине, тұлғаның саналы іс-әрекеттерімен бағалауға болады деп тұжырымдаймыз

Сонымен, тәрбие тиімділігінің аса маңызды да дәлелді өлшемдеріне тұлғаның өмір мен іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы практикалық тәртібін, мінез-құлқын жатқызуға болады. Атап айтқанда, практикалық мінез-құлық тәрбие әрекеттерінің жетістіктері мен кемшіліктерін өте айшықты дәлелдейді.

Өлшемдер проблемасы педагогикадағы әдіснамалық зерттеу әдіс-тәсілдерінде ең күрделі мәселе, ол әлі де болса толық зерттеліп болған жоқ, десе де педагогика ғылымында және практикада әр жастағы оқушылар тұлғасының, көзқарасының, мінез-құлқының, санасының кейбір жақтарының даму көрсеткіштерінің сипаттамасы бойынша айтарлықтай материал жинақталған. Сонымен бірге әртүрлі көрсеткіштер жетекші қағида болып табылады. Мысалы, Н.И.Монахов оқушы тәрбиелілігін анықтауды тұлғаның әртүрлі сапасын (адамгершілік, саяси-идеялық, экологиялық, экономикалық және т.б.) бірлікте дамытудағы деңгейін анықтау негізінде, оларды тұлғаның кешенді қасиеті ретінде сипаттай отырып, анықтау қажеттігін ұсынады [170].

О.С.Богданованың пайымдауынша, тәрбиелілік деңгейі бала тұлғасының адамгершілік сапасының даму деңгейі деп түсіну керек және, оның адами мінез құлық қасиеттері деңгейін дамыту туралы айту керек деп пайымдайды[171].

Л.И.Божович, А.В.Засимовский, Т.Е.Конникова оқушы тәрбиелілігі деңгейін негізінде оның әртүрлі мотиві, мінез-құлқы, іс-әрекеті көрініс алған тұлғаның бағыттары бойынша анықтауды ұсынады [172; 173; 174].

Дейтұрғанмен И.С.Марьенконың тұлға сапасының кейбір өлшемдері туралы айтуға болмайды деген пікірімен келіспеуге болмайды [175]. Жанама өлшемдері аса шынайы болып табылады, солардың ішінде жетекші өлшемдер ретінде тұлғаның кейбір саласы мен сапасының мазмұнын суреттейтін сандық және сапалық сипаттамаларды таңдауға болады.

Біз зерттеу барысында педагогика ғылымында оқушылардың тәрбиелілік өлшемдеріне экология ,экологиялық білім, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет ұғымының мәні мен процесі анықтамаларына берілген пікірлерді негізге ала отырып, өзіміздің зерттеу пәнімізге қарай музыка пәні арқылы оқушылардың эколгиялық мәдениетін қалыптастыру моделін жасадық.

Мұнда біз моделдердің мынадай теориялық әдіснамалық мазмұны мен принциптерін басшылыққа алдық.

Әдіснамалық тұрғыдан модель ұғымына Б.А.Глинский, Б.С.Грязнов, Б.С.Дынина және Е.Д.Никитина берген түсініктемелері біз үшін құнды деп есептейміз: «Модель-дербес объект, ол танылатын объектімен біздің зерттеу объектіміз біраз сәйкестікте болады (бірдей емес және мүлде өзгеше емес), кейбір қатынастарда соңғысының орнын баса алады және зерттеуде белгілі ақпаратты береді, сәйкестіктің белгілі ережелері бойынша моделденетін объектіге ауыса алады. Моделге қажеттілік сонда пайда болады, егер бізге керекті объектіні қарастыру кейбір себептермен тиімсіз немесе мүмкін болмаса» [176].

Сонымен, модель объект жөнінде белгілі дәрежеде «квазиақпарат» береді, сондықтан моделдің өзін және моделді зерттеудің нәтижесінде алынған ақпараттан, объект жөніндегі ақпаратқа ауысуды құрудың анықталған ережелері қажет.

Педагогикалық зерттеулердегі моделді құру ережелері, біздің көзқарасымыз бойынша, оның жұмыс істеуі және нәтижеге жетуі ескертілетін белгілі «шекаралық» шарттарды қамтуы керек. Педагогикалық зерттеулердегі құрылған моделдерді талдау, бұл құрулар сөздің дәлме-дәл мағынасында моделдер болмайтындығын көрсетеді.

Енді американдық философ М.Вартофскийдің көзқарасын жеке қарастырайық. Ол моделді болашақ әрекетке бағдарланған прототип деп атауды ұсынады. «Ең алдымен менің есептейтінім, моделдер-біздің техникалық жабдықтауымыздың жоғары мамандырылған бөлігі, олардың өзіндік функциялары болашақты жасауда тұрады… модель ретінде мен кейбір мәнді

ғана емес, осы мәнді анықтайтын әрекет тәсілін көремін. Бұл мағынада моделдер – мақсаттарды іске асыру және сонымен қатар осы мақсаттарды іске асыратын инструменттер… Модель бір мезгілде мақсатты ескереді және оның жүзеге асуын кепілдейді»,- дейді. [177].

Моделдің мұндай түсінігі педагогикалық зерттеулердегі «моделдеу» үшін принциптік маңызы бар. Педагогикалық моделді қарастыру процесінде зерттеушінің алатын білім құндылығы анықталған білім беру немесе оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететін белгілі инструменталдық құралдарды іздестіруде болады.

Жоғарыда аталғандарға сәйкес, педагогикалық зерттеулерге қатысты, өзінен-өзі мынадай қорытындылар келіп шығады: бірінші – «модель» термині шартты сипатта болады, солай болғандықтан талаптардың бірі, оған, дағдыдағыдай, педагогикалық моделдер қанағаттандырмайды, нәтиженің жетістігінің ерекшеліктерін ескертетін айқындалған «шекаралық» шарттар жиынтығының болмайтындығынан тұрады. Екінші - моделді қарастыру процесінде зерттеуші алатын ақпараттың құндылығы, ол берілген нәтижеге жету технологиясын анықтауда және оны алуда инструменталдық құралдардың жеткіліктілігін бағалауда және ғылыми – педагогикалық әдебиетте «моделдеу» ұғымына әр түрлі тұрғыдан қарауды табуға болады.

Ресейдің педагогикалық энциклопедиясында моделдеуді, бір жағынан, табиғи немесе әлеуметтік шындықтың белгілі үзіндісінің моделдерге-аналогтарға объектілерді зерттеудің әдісі ретінде, ал екінші жағынан нақты бар нәрселер мен құбылыстардың немесе құрастырылатын объектілердің моделін құрастыру және қарастыру процесі ретінде анықтайды [178].

Ал, педагогика және психология түсіндірме сөздігінде моделдеу әдісі «Мұндай моделдер бірнеше топқа бөлінеді. Олар белгілерді моделдеу (бейнелік, математикалық, сөздік және т.б.), бағдарламалық моделдер (блок-жүйе, алгоритм, эвристика және т.б.), заттық моделдеу (бионика). Әрбір нақты жағдайда модель өзінің рөлін түпнұсқаға ұқсас болғанда ғана дұрыс орындай алады» деп тұжырымдалған [179].

Н.Д.Хмель моделдеуді біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың маңызды бөлігі болады деп есептейді: «Яғни, зерттеуші-ұстаз үшін моделдеу зерттелінетін құбылыстың идеалдық моделін қайта жасаудың тәсілі болады. Практик-ұстаз үшін моделдеу іс-әрекетінің мақсатына сәйкес оның жағдайын ұстаз өзгерткісі келетін белгілі бір педагогикалық құбылысты немесе процесті тұтасымен ойша (алдын ала) қайта құру тәсілі болады. Басқаша айтқанда, моделдеу ұстаз үшін педагогикалық теория мен нақтылы практикалық іс-әрекет арасындағы бөлік болады»,-дейді [180].

Ал, Ю.А.Конаржевский моделдеуді «объектіні жанама түрде практикалық немесе теориялық пайдалану әдісі, бұл жағдайда бізге керекті объект тікелей зерттелмейді, керісінше, танылатын объектімен белгілі объективті сәйкестілікте тұратын көмекші немесе жасанды жүйе (квазиобъект) пайдаланылады, ол танымның белгілі кезеңінде оның орнын ауыстыра алады және оны зерттеуде

сол моделденетін объекті жөнінде ақпарат бере алады» деп анықтайды [181].

Модельдеуге, педагогикалық процесті модельдеуге берілген осы аталған қағидаларды басшылыққа ала отырып, біз оларды өз жұмысымызда, яғни музыка пәні арқылы мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін жасауда пайдаландық. Ол үшін біз, ең алдымен оқуда және оқудан тыс уақытарда музыка пәні арқылы мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың компонеттерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтадық (Кесте-2), оларды ескере отырып модельді құрастырдық (Сурет-1).

Осы модельдің негізінде оқушылардың музыка пәнін оқыту мен музыка пәні бойынша оқудан тыс уақыттарда өткізілетін тәбиелік іс-әрекеттерде экологиялық мәдениетінің қалыптасу деңгейлерін анықтадық (жоғары, жеткілікті, орта, төмен).

Кесте 1 - Оқуда және оқудан тыс уақытарда музыка пәні арқылы мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың компонеттері, өлшемдері және көрсеткіштері


Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Эмоционалдық мотивациялық

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

мазмұнындағы музыкалық шығармаларда бейнеленетін табиғат нысандарын қорғау қажеттілігін жағымды эмоционалдық сезіммен түсінуге ынтасының болуы.



-қазақ халық әндері мен күйлерінде экологиялық мазмұнда бейнеленетін табиғи нысандардың экологиялық проблемаларын танып көруге талпынысы;

-экологиялық мәдениет мазмұнындағы музыка пәнін және ондағы экологиялық тұрғыда бейнеленген нысандарды эмоционалдық сезіммен қажетсінуі;

-халық музыкасындағы экологиялық мазмұндағы нысандардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы рухани-әлеуметтік мәнін жете түсінуі;

-халық музыкасындағы экологиялық мазмұнда сипатталатын нысандарға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арнайы бағытталған музыкалық шығармаларға қызығушылығы және оларға азаматтық көзқарасы;

-табиғатқа аялы көзқарасты бейнелейтін музакалық шығармалардың ұлттық құндылықтар екендігін экологиялық сезіммен қабылдауы.



Танымдық

Экологиялық мазмұндағы қазақ халық музыкалық шығармаларына танымдық іс-әрекеті мен белсенділігі.

-экологиялық проблемалар шынайы бейнеленетін қазақ халық музыкалық шығармаларын тани білуі;

-экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетін қазақ халық музыкалық шығармаларына шынайы дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы.



Мазмұндық


Экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы музыкалық шығармалада бейнеленетін экологиялық мәселелер туралы білімінің толықтығы және мазмұндылығы







  • экологиялық мәдениетті қалыптастыра алатындай сипаттағы халық музыкасының мазмұнымен таныс болуы;

-музыкалық шығармалада бейнеленетін экологиялық мәселелердің тәрбиелік мүмкіндіктерін білуі және түсінуі;

-экологиялық сипаттағы музыкалық шығармалардың атқаратын экологиялық білімдік, тәрбиелік қызметін білуі;

-музыкалық шығармалардың экологиялық мәдениетті қалыптастыра алатындай мазмұндық сипаты бар халықтық музыкалық мұралардың өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуі.


Іс-әрекеттік

Өзінің экологиялық мазмұндағы білімін күнделікті іс-әрекеттік тәжірибеде пайдалана білуі және көрсетуі.

- музыкалық шығармаларда бейнеленетін экологиялық мәселелер мазмұнына талдау жасай білуі;

- музыкалық шығармаларда бейнеленетін экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы мазмұндық сипаты бар көне және заманауи музыкалық мұраларды үлгі тұтуы;

-экологиялық мазмұндық сипаты бар қазақ халық музыкалық шығармаларын өзінің таныстарына, қарым-қатынас орнататын басқа адамдарға көрсетіп оларға сипаттама бере білуі,экологиялық мәдениетті өмір сүру қажеттігін саналы түрде менгеруі;

-экологиялық мазмұндық сипаты бар қазақ халық музыкасына сипаттама бергенде өзінің экологиялық көзқарасын көрсете білуі;

Қазақ халық музыкасы жанрларындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыратындай мазмұндағы көріністерді деректі мысалдар келтіре отырып әңгімелей білуі.




Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру туралы тұжырымдамасы. Астана, Ақорда 2009.

  2. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 17 қаңтар 2014.

  3. Қульманова Ш.Б. Научно-педагогические основы воспитания младших школьников средствами казахской народной музыки: Дисс.д.п.н. (Инст-т повыш.квалиф. и переподгот.кадров системы образ (ИПКСО), Алматы, 2000. – 415 б.

  4. Қозыбаев Е. Формирование эстетической культуры старшеклассников средствами казахского музыкального фольклора: Автореф.дисс.. канд.пед.наук. –Алматы, 1998. – 25 б.

  5. Оразалиева М.А. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыру. Пед.ғыл.канд.дисс.– Алматы, 1998. – 122 б.

  6. Өтемұратова Б.С. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетін пайдалануға музыка мұғалімдерін даярлау: Пед.ғыл.канд. дисс. 13.00.01. –Алматы. 2000. – 25 б.

  7. Ветлугина Н.А. Возраст и музыкальная восприимчивость // В кн.: Восприятие музыки / Ред сост. В.Н.Максимов. – М., 1980. –. 229-243бб.

  8. Апраксина О.А. Задачи музыкального воспитания в свете реформы школы //Музыкальное воспитание в школе / Сост. О.А.Апраксина. – М., 1986. – вып. 17. – 5-15 бб.

14. Наушева Г.Г. Современная система художественно-эстетического воспитания молодых специалистов в условиях перехода на 12-летнее образование // Білім кілті = Ключ знаний.- 2011. - № 6. - С. 6-7
Аннотация. В данной статье главное задача перед общий образовательной школы является развитие экологического мышления учеников, в данное время для них рассматривается экологическое образование и воспитание.
Annotation. In this article, the main task before the general education schools is the development of ecological thinking of students at a given time for them to consider environmental education.
ӘОЖ 371.3:378.016:342.744
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ботамқұлова А.Б

Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті, Тараз қ
Халықаралық білім кеңестігінде жоғары білім бойынша кредиттік оқытудың іргелі төрт жүйесі бар. Олар: Еуропалық жүйе -ESTS, американдық жүйе - USCS, британдық жүйе- CATS, Азия мемлекеттерінде жене Тынық мұхиты кеңестігіндегі жүйе - UCTS.

Қазақстаннның білім жүйесі негізінен еуропалық кредиттік жүйеге /ESTS/ енуде.

Еуропалық кредиттік жүйе бойынша еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. ipгелі мемлекеттерде білім береді.

Республика білім беру жүйесінің кредиттік технологияға кешуіндегі басты мақсат - Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кірігу болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім жене ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту технологиясы Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылықка алып жасалынған.

Оқытудың кредиттік технологиясысындағы оқыту күрделі педагогикалық процесс. Педагогикалық процесс ретінде оқыту мына әдіснамалық тұғырларды, теорияларды және идеяларды және өзіндік алгоритмді басшылыққы алуы керек.

Әдіснама деген ұғым - ғылыми-танымдык іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім.



Оқытушы оқыту процесін жүзеге асыру барысында ғылыми ізденістің бағытына сай екі бағытты ұстануы қажет. Бірінші - іргелес ғылымдар саласының мүмкіншіліктері, негізгі керекті тұжырымдар талданып алынады. Оқыту процесі әдіснамасы философиялык диалектикаға негізделгендіктен төмендегі әдіснамалық тұғырларға сүйенеді:


  • Орта әcepiн ескеру;

  • Гуманитарлық – мәдениеттанушылық

  • Жүйелілік;

  • Аксиологиялық;

  • Жобалау;

  • Праксиологиялық;

  • Жаһандық ;

  • Жеке тулғалық - әрекеттік;

  • Деонтологиялық;

  • Рефлексивтік;

  • Ресурстық;

  • Диалогиялық тұғыр;

  • Жеке тулғалық - бағдарлық;

  • Инновациялық тұғыр;

  • Нормативалық;

  • Компетенттік немесе құзіреттілік;

  • Стандарттық;

  • Квалитологиялық тұғыр;







Жоғарыдағы аталған тұғырлардың кейбіріне тоқтала кетейік.

Синергетика тұғыры оқыту процесін тұтас жүйе ретінде тұракты байланыста, өзіндік ұйымдастырылу арқылы өзгеріске түсетіндігін ескереді.

Іс-әрекет тұғыр- нақты ғылыми-әдіснамалық ұстаным ретінде танылады. Педагогикалық процесті кайта құру немесе өзгерістер енгізудің алғашқы формасы - еңбек. Адамның материалдық және рухни байлықтарды жасаудағы іс-әрекеттері еңбек барысында атқарылып, оқыту субъектілерін шығармашылықпен өзгеріске түсіреді. Белгілі психолог А.Н.Леонтьев адамзат мәдениетінің жетістіктерін игеруде - іс-әрекет атқару арқылы онын жетістіктерін одан орі жетілдіреді деп есептеді. Сондыктан окушыларды өмірге және жан-жакты іс-әрекеттерге дайындауда олардың мүмкіндіктерін ескеріп, өмір тіршіліктеріне кажетті істерге тартып, олардың өмірін әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан ұйымдастыру кажет.

Ал мәдениеттану тұғыры - окушының жеке тұлғасын зерттеп, кұндылық бағдарын калыптастыруда аксиологиялық құндылык іліміне сүйеніп, нақты ғылыми әдіснама ретінде таным мен педагогикалық іс-әрекеттерді кайта құруға немесе өзгерістер енгізуге бағыт-бағдар береді.



Мәдениеттану тұғыры арқылы жеке тұлғаның мәдениетпен объективтік байланысы негізінде оның мінез-кұлқындағы құндылыктар жүйесін анықтайды. Өйткені адам мәдениет арқылы дамығандыктан сол мәдениетке жаңа элементтер енгізуге үлес косады. Сол себептен адам мәдениет құндылыктарынын жүйесін игеріп өзін-өзі дамытса, екінші жағынан, онын шығармашылықты жеке тұлға болып дамуына жағдай туады.

Түйіндей келе, оқыту процесі әдіснамалық негізіне философиялық тұрғыдан тарихи, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, психологиялық, педагогикалық және басқа да оқушыны калыптастыратын құрылымдар алынады. Окытудың мәні, құрылымы, қағидаларының теориялық жақтары ескеріледі. Әдіснамалық танымал, оқыту процесіндегі жаңашыл идеяларға, жалпығылыми және ұлттық мәдениеттің дамуына, коғамдық жағдайларды қарастыратын тұжырымдар мен диалектикалық заңдылықтарға, ғылыми-техникалық жағдайдың өзгергеніне, бүгінгі танда қандай денгейге келгеніне талдау жасауға мүмкіншіліктер туғызады, яғни білімге деген сұраныс анықталады.

Оқытушы тиімді нәтижелерге жетуі үшін, қандай ғылымның болса да, белгілі бір ізденісті калай, кандай мақсаттар үшін жүргізетіні туралы нақты, мүлтіксіз түсінігі болуы керек. Мұнын өзі таным кызметін ұйымдастыруға, танымнын белгілі бір "әдістер жүйесін" таңдап алуға көмектеседі.

Ғылыми-педагогикалық ізденістін екінші бағыты - окыту процесін нактылы ғылыми түсініктермен сипаттау, яғни бұған сай келетін теория тұрғысынан ой елегінен өткізу де манызды болып табылады.

Кредиттік оқыту технологиясы тек төмендегі теорияларды басшылыққа алғанда ғана жемісті нәтижеге жету мүмкін деп есептейміз:


  • Оқытуды дараландыру теориясы;

  • Педагогикалық антропология теориясы

  • Креативтік теория немесе креативтік педагогика;

  • Шығармашылық негізде өзін-өзі дамыту теориясы;

  • Біліктілікті арттыру теориясы,

  • Адаптивтік педагогика;

  • Педагогикалық акмеология;

  • Педагогикалық қонфликтология;

  • Андрогогика;

  • Тестілеу теориясы;

  • Антропология;

  • Дидактикалық бірліктерді ірілендіру

  • Қолдау көрсету педагогикасы;

  • Оқыту әдістері теориясы;

  • Білім беру ортасы педагогикасы;

  • Оқыту технологиясы;

  • Жобалау педагогикасы;

  • Рейтинг теориясы;

  • Жеке тұлғалық - бағдарлық теориясы;

  • Педагогикалық системология;

  • Педагогикалық технология;

  • Білім сапасы тұралы теориясы;

  • Педагогикалық аксиология теориясы;

  • Оқытуды алгоритмдеу теориясы;

  • Педагогикалық праксиология теориясы;

  • Кәсіби біліктілікті арттыру теориясы;

  • Педагогикалық психология теориясы;

  • Педагогикалық антропология теориясы

Оқыту теориялары оқытудың кейбір жақтарын, белгілері мен ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдайды, оларды мазмұндық жақтарына қарай топтастырып және жүйлеп, оқыту процесінің жалпы белгілері және ерекшеліктерін айқындайды.

Кредиттік технологиясын енгізу барысында, осы уақытқа дейін қолданылып келген классикалық жүйені жоққа шығару теріс пікір болып есептеледі. Бүгінгі таңда, кеңестік дәуіріндегі білім жүйесін барлық әлем мойындап отыр. Алайда қоғамның, ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа озық технологиялардың жедел дамуына байланысты, оқытудың басты идеясы өзгерді.

Олар:


  • Оқуға үйрету немесе білімді өз бетімен іздену арқылы таба білу идеясы;

  • Білім беру ортасының ашық болу идеясы;

  • Шығармашылық идеясы;

  • Білім беру байланысының оң болуының басымдық идеясы;

  • Білім берудің интегративтігі идеясы.

Дәстүрлі классикалық оқыту және кредиттік оқыту технологиясын салыстырып көрелік:




Оқытудың технологиялары

Оқыту процесінің субъектісінің басты ұстанымы

Оқыту процесінің объектісінің басты ұстанымы

Дәстүрлі классикалық

Ғылыми ақпаратты беру, оны игерту, есте сақтау, практи-калық қолданысын айқындау, бақылау.


Оқушылар танымдық белсенділікпен білімді қабылдау, практикада пайдалану

Кредиттік

Білімді игерудің алгоритмін айқындау, оқушының білімге деген қызығушылығын қолдау,

білімді ғылыми жаңалықтармен толықтыру, қолданбалы мәнін ашу, бақылау




Білімді игеру бағдарламасын құрады, кәсіби білім бағдары, қолданысы айқындалады, әлемдік тәжірибе ескеріледі.


Жоғарыдағы кестедегі ақпараттар, оқыту процесінің екі жақтылы процесс екендігін, онда субъект-объект, объект-субъект, субъект-субъект қарым-қатынас жүйесінің нақты орнын аңғартады.

Кредиттік оқыту технологиясының басты кағидаттарының бірі –оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, яғни мотивация туғызу.

Сондықтан оқыту процесіндегі басты тұлға ретінде-оқытушы өзінің позициясын төмендетуге тиісті емес.

Кредиттік технологиясының негізгі ерекшеліктері - студенттердің жекелей оқу жоспарын құруында болып отыр. Студенттің жекелей оқу жоспары дегеніміз - эдвайзер көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке оқушының білім траекториясын анықтауы.

Кредиттік оқыту технологиясында педагогтың шығармашылық еңбегі, шеберлігі, педагогикалык жетістіктері, жаңашылдығы оқытудың алгоритмін жасауда көрініс береді, олар:



  • Оқытудың басты мәселесін іздеу, өзектілігін анықтауда;

  • Мәселені мәнділігі бойынша реттеуде;

  • Мәселені талдауда;

  • Мақсатты, міндеттерді және іс-әрекет бағытын айқындауда;

  • Мәселені шешу жолдарын белгілеуде;

  • Мәселені шешу механизмдерін нақтылауда;

  • Жоспар, бағдарлама жасауда.

Педагогтың басты міндеті оқушылардан ортақ мақсатқа бағытталған шығармашылық топтарды құру, олардың таным процесін басқару, ынталандыру, яғни интерактивті оқыту формасын жасау.

Алайда, өкінішке орай, интерактивті оқыту формасын – интерактивті тақталарды, сызба-нұсқаларды, слайдтарды, презентациялық матералдарды пайдалану деген ұғымдар орын алып отыр. Бұлар, дидактиканың «алтын заңы» деп танылған Я.А. Коменский ұсынған көрнекілік кағидасы болып есептеледі.

Кредиттік технологияда мотивация интерактивті оқытудың басты шарты болса, ал интерактивті оқыту формасы мен әдістері оқытудағы жетістікке жеткізетін ситуациялар, итермелеуші күштер болып есептеледі.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Университетское, 2002. -256 б.

2. Суворов Н. Средневековые университеты. –М., 1998. -246 б.

3. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы: Мектеп, 2000. -175 б.

4. Лахтин Г.А. Организация советской науки: история и современность. –М.: Наука, 1990. -224 б.

5. Водичев Е. «Исследовательские» университеті США и российская университетская система: опыт сравнительного анализа.

6. Мынбаева А.К. Современное образование в фокусе новых педагогических концепций, тенденций и идей. –Алматы: Раритет, 2005. -90 б.
Аннотация. Подводя итог, процесс методики обучения создает для учеников исторический, философский, социально и психологическую структуру.

Annotation. To summarize, the process of teaching methods for students creates a historical, philosophical, social and psychological structure.

УДК 378.14
НАЦИОНАЛЬНАЯ ДОКТРИНА «МӘҢГІЛІК ЕЛ»:ИСТОКИ И ЗНАЧЕНИЕ
Гизатуллина Г.А., Таубаева С.Т.

Таразский государственный педагогический институт, г.Тараз
В Посланиях Президента прослеживается ясная и очевидная логика. Можно отметить несколько крупных вех. В послании 1997 года он озвучил знаменитую Программу-2030. Эта программа стала отправной точкой в стремительном движении Казахстана к построению процветающего общества в течение последующих лет.

Следующее знаковое послание было озвучено в 2006 году, где была представлена стратегия вхождения Республики в 50 конкурентоспособных стран.

В послании 2013 года Президент отметил, что мы уже вошли в 50 конкурентоспособных стран. Глава государства наметил новую еще более сложную и амбициозную цель-вхождение в 30 конкурентоспособных стран.

В 2014 году в Послании развивается стратегия вхождения в 30 конкурентоспособных стран.

Смысловая логика посланий Президента очевидна – создание инновационного общества, основанного на интеллектуальной экономике. А интеллектуальная экономика базируется на инновационном человеке, то есть личности, обладающей специфическими качествами – готовностью гражданина к значимым и креативным изменениям: в собственной жизни, экономическом развитии, в развитии науки и технологий, быть активными инициаторами и производителями этих изменений [5].

Циолковский К.Э. отмечал, что двигателем прогресса становятся люди, ведущие все человечество к счастью, радости и познанию. К этой категории он относил ученых, изобретателей, рационализаторов [2].

Современные реалии диктуют необходимость расширения этой категории людей до максимально постоянной величины.

В новом столетии показателем национального богатства выступают не запасы сырья или запасы производства, а количество способных к творчеству людей.

Инновационной экономике нужны работники с поисковым менталитетом, творческой интуицией, ясным видением того, к чему должна привести та или иная новая технология.

Существующий уровень инновационной культуры в стране не отвечает требованиям времени. Предпосылки для развития человека и его творческих сил нужно создавать. Решение данной задачи предполагает вложение средств в образование.

Известно, что мы отошли от советской системы образования и перешли к европейской системе образования. Но и она не является бесспорной. В европейской системе есть как свои плюсы, так и минусы.

Безусловным достижением нового типа учебной деятельности является креативное образование, имеющее конкретные практические цели и содержание: развитие творческих способностей человека, расширение возможностей потенциала работника на реализацию собственных идей. Оно нацелено на развитие постоянной потребности в созидании, поиске нового, в накоплении интеллектуального потенциала и использовании его на практике.

Значительным достижением европейской системы образования является воспитание инициативности, энергичности, целеустремленности. Такие позитивные качества способствуют формированию активных граждан, готовых бороться за реализацию своих целей и устремлений. Однако эти же качества ведут к острой борьбе и конкуренции, когда главным принципом в общении людей становится, кто кого съест, когда «homo homini lupus est».

Да и само постиндустриальное общество чревато глобальными противоречиями, о которых мы знаем только теоретически, но и они должны наводить нас на мысль о проблематичности светлого будущего, о том, что западный путь развития не так уж прекрасен, как может показаться некоторым [2]. Ведь даже в современном американском обществе разрыв между богатыми и бедными невыразимо высок. Доходы Билла Гейтса превышают доходы рядовых граждан в миллионы раз. И что самое сложное в этой ситуации, этот разрыв между богатством и бедностью носит не просто закономерный характер, а вполне обоснованный и справедливый. Поскольку в постиндустриальном обществе человек богатеет за счет своего ума, за счет своих креативных способностей. И такое противостояние создает неимоверную напряженность в обществе, которая может сниматься только усилиями социально ориентированного государства [3].

Большим плюсом западной системы образования является высокая оплата труда ученых, что является мощным мотивационным фактором для разработки не просто новых, но прорывных технологий. В этом плюс западной системы образования. Однако если посмотреть вглубь, то увидим, что эти науки преимущественно технического и естественных циклов – обслуживают общество потребления, создавая новые продукты и технологии, которые не только облегчают жизнь человека и делают его жизнь комфортной, но и разучивают людей трудиться, мыслить и самостоятельно принимать решение [2].

В то время как продвижение вперед требует формирование у студентов креативности, критичности, информативности. Многие критикуют современную систему образования с парадигмальной установкой на «критическое мышление», которое дает человеку мозаичные знания, направленные на умение решать ряд нескольких простых задач путем формальных операций.

Гуманитарная основа системы образования предполагает работу над личностью человека, ее ценностными установками. Но какие ценности сегодня постулируются. Это ценности «Доллара», прагматичные и материальные - благосостояние и конкурентоспособность стоят выше альтруизма и коллективизма. Можно сказать, что ценности капиталистического общества и рыночных отношений стали ценностями человеческой личности [2].

Изменить эти негативные тенденции может социально ориентированное государство, которое должно сместить планку ценностей в сторону духовности. С этой целью происходит укрепление позиции религий. И в нашем государстве много делается для возрождения религиозности общества. Но как отмечают многие философы, когда главным Богом является Золотой Телец, все усилия могут оказаться бесполезными. Кроме того, сами религиозные организации обросли чиновничье-бюрократическим аппаратом, подверженным коррупции. Сегодня необходим радикальный поворот мировоззрения человека, важнейшую роль в котором должна играть светская этика, а не только религиозная [4].

Преодолеть эту негативную сторону глобализации может социально ориентированное государство, идеологией которого является национальная доктрина «Мәңгілік ел». Высокий смысл этой доктрины заключается в мобилизации казахстанского общества на основе всеобщего труда, этнической толерантности, духовности, ради заботы о будущем, ради вечного процветания казахстанского общества, чтобы ветер истории не смыл с карты Земли Республику Казахстан. Поэтому национальная доктрина «Мәңгілік ел»-это не просто мобилизующая философия, позволяющая объединить общество и уверенно идти вперед, но и идеология социально ориентированного государства, а также методология воспитательного процесса.

Если обратится к истокам мобилизующей философии «Мәңгілік ел», то нужно вспомнить тюркскую ментальность, в которой была развита и тюркская толерантность, и идея мирового государства. Девизом этой идеи стали слова «небо – наш шатер, а солнце – наше знамя» [1]. Это значит, что тюркское государство стремилось предоставить всем покоренным народам равные территориальные, экономические, религиозные, культурные и социальные права. Целью тюркского государства были безопасность, порядок и справедливость.

Тюрки, стремясь овладеть миром, одной из важных целей считали привнесение в него мира, порядка и справедливости. Они обеспечивали это путем налаживания порядка, четкой административной и таможенной системы, безопасной торговли [1].

Правовая сфера тюркского общества включала такое основополагающее начало, как возвышение моральных ценностей в поведении индивида, то есть мораль была выше права. Именно поэтому у тюрков выше всех благ ставили магическую силу совести, об этом свидетельствуют пословицы «Жизнью жертвую ради чести», «Зайца может убить и шелест камыша, но герой погибает за свою честь» [1].

Кочевое право тюрков в нормативном порядке закрепляет коллективную взаимопомощь, обеспечивающие благополучие, распределение богатства, защитный механизм общества от тяжелых природных условий [1].

Тюркское правосознание провозглашало принцип родовой и коллективной ответственности за совершенные преступления членами общины.

Стройная система правил нравственного поведения закреплена в этикете гостеприимства, который стал воплощением великодушия и щедрости тюрка. Если у всех народов гостеприимство- это негласное правило, то у тюрков оно было закреплено в правовой сфере. Именно на основе тюркского гостеприимства развивается уважение и почитание своих родных, соседей, а отсюда формируется толерантность, этническая и религиозная.

Сегодня мир пребывает в посткризисном состоянии, пытается пересмотреть, переосмыслить заново моральные ценности и идеалы для дальнейшего развития, отличного от западного пути.

Западное мышление долгое время считалось безальтернативным. Но сегодня и Запад ведет поиск тех комплементарных ценностей, которые могли бы как-то компенсировать ограниченность собственных духовных ресурсов посредством включения новых измерений сознания, получивших развитие в восточных культурах /4/. Таким образом, намечается парадигмальный сдвиг в сознании западного человека. Нам не надо искать новые ценности для духовного оздоровления общества, они у нас есть, и Президент в своей философии «Мәңгілік ел» напомнил и воспроизвел великие ценности степи. Нам надо только им следовать и воплощать их в своей жизни.
Список использованной литературы:

1. Булекбаев С. К истокам тюркской толерантности// «Мысль», №1, 2014.С.25-35

2. Изотов М., Сарсенбаева З. Слагаемые инновационного процесса// «Мысль», №1, 2014. С.5-13

3. Иноземцев В.Л.Современное постиндустриальное общество: природа, противоречия, перспективы. М. «Логос»-2000, 185 с.

4. Качеев Д., Колдыбаев С. Плюсы и минусы общества потребления// «Мысль», №1, 2014. С15-18

5. Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире. Послание народу Казахстана.// Казахстанская правда.-2007.Февраль



Аnnotation. In the article of Gizatullinа G.A. and Taubaevа S.T. "National Doctrine" Mangіlіk el ": the origins and meaning " addressing global challenges of our time in the context of national doctrine "Mangіlіk el."

Аннотация. Г.А. Гизатуллина мен С.Т. Таубаеваның «Ұлттық доктрина «Мәңгілік ел» идеясының бастаулары мен маңызы» атты мақаласында жаһандық проблема мен қазірге кездегі маңызды мәселелер қарастырылған.

ӘОЖ:37.0

13+34(574)
Сыныптан тыс жұмыстарда халық педагогикасы арқылы оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыру
Қадырқұлов А.Ж., Джантлеуова Р.В.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындар мен жалпы білім беретін орта мектептердің алдында тұрған басты міндет оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Оқушыларды туған өлкені сүюге тәрбиелеу тікелей мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады. Сондықтан, ЖОО болашақ педагогтарды, оқушыларды туған өлкесін сүюге баулу мен тәрбиелеуге даярлаудың ғылыми-педагогикалық негізімен қаруландыру қажет. Ол үшін орта мектепте оқушыларды атамекенге құрметпен қарап, туған өлкесін сүюге тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық негізін анықтап алған жөн деп санаймыз. Өйткені, оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз оның тек қана дене бітімінің өсіп жетілуі емес, сондай-ақ баланың ішкі жан-дүниесінің байып, рухани өсуі, қабілеті мен дарынының артуы, іскерлігі мен дағдысының өрістеуі, ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы болып табылады. Оқушының бойында осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыру, олардың іске асырылуы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға тікелей байланысты. Сол себепті орта мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың тәрбиесін кешенді қалыптастырудың мүмкіндігінің мол екендігін көрсетпекпіз.

Оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастырудың осы аталған талаптарын іске асыру және бұл салада табысқа жету үшін жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің және сыныптан тыс жұмыстардың қандай жолға қойылғандығын ескеру қажет. Осыған орай жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға тиянақты білім беру мен туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастырудың міндеті олардың туған өлкеге сүйіспеншілігін дамытып қана қоймай, оны халық педагогикасы арқылы ары қарай арттырудың жолдарын іздестіріп, сыныптан тыс жұмыстардың белгілі бір жүйемен жүргізілуін де ойластырдық. Ұлттық салт-дәстүрлердің озық үлгілерін үйрету сабақ жүйесінде іске асырылумен бірге сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында жалғасын тауып, сабақта алған білім, білік, дағдыларды толықтыруға қызмет етуі керек.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыру мұғалімнің жеке басының қасиетіне, оның кәсіби білімі мен шеберлігіне және сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу қабілетіне тікелей байланысты. Егер осы қасиеттің бәрі бір-бірімен ұштасып жатса, оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілік сезімдерінің қалыптасуына жол ашады.

Зерттеу жұмысының міндетіне сәйкес оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыратын сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда біз мынадай мақсаттарды белгіледік:

1. Бағдарлама бойынша берілген материалдар мазмұнын оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыратын халық педагогикасымен байланыстыра отырып меңгерту;

2. Оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыру арқылы олардың оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру;

З. Сыныптан тыс жұмыстар өткізу арқылы оқушыларды туған жерге патриоттық сезімді қалыптастыру;

4. Қажетті әдебиеттер мен бұқаралық ақпарат материалдарымен жұмыс жасаттыру;

5. Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың іскерлігін арттыратын педагогикалық білім, туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыруда басты орын алатын бағыт ретінде қарастыру.

Оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыратын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, өзіндік ерекшеліктері көп болғанымен, оларда жүзеге асатын мақсаттар бірдей болуы тиіс. Олар:

- сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне оқушылардың қатысуының тек қана ерікті түрде іске асырылуы;

- сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерінің әр оқушының ықыласына, біліміне, бейімділігіне, қабілетіне, жас ерекшілігіне байланысты өткізілуі;

- ұйымдастырылған қандай да жұмыстың түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденімпаздығы мен қызығушылығын арттыратындай бағытта болуы;

- ұйымдастырылған жұмыстардың әртүрлілігі мен оқушылардың арасында өзара үйлесімділіктің болуы;

- жұмыс нәтижелі болуы үшін оның нақты белгіленген күні, мерзімі, айқын кестесінің белгіленуі;

- туған өлкеге сүйіспеншілікті арттыру жұмыстарының кешенді түрде іске асырылып отырылуы;

- сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды түгелдей қатыстыру жолдарының іздестірілуі.

Қазіргі кезде мектептерде сыныптан тыс жұмыстар көбінесе даталы мерекелерге байланысты өткізілетіндіктен, біз зерттеулерімізді жоғарыдағы бағыттарды нысанаға ала отырып жүргіздік.

Мектеп бағдарламасы бойынша сабақтардың мазмұндары шектеулі болғандықтан оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыруға қажетті халық педагогикасын, күнделікті оқу процесінің ағымындағы жаңалықтарды жан-жақты қамти алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарда тиімді ұйымдастырылған жұмыстың әр түрлері мен өзара үйлесім тапқан іс-әрекет қана оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Міне, осы орайда сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыруды төмендегідей жұмыстар негізінде жүргізген жөн:

1. Әртүрлі кештер мен апталықтар,

2. Үйірме және ондағы атқарылатын іс-шаралар,

3. Танымжорықтар мен топсеруендер,

4. Өлкетану жұмыстары және "Өлкетану" мүйісін ашу.

Халық педагогикасының оқып-үйрету сабақ жүйесінде іске асырылумен бірге сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында жалғасын тауып, оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдыларын толықтыруға қызмет етуі керек.

Оқушыларды халық педагогикасы арқылы туған өлкеге сүйіспеншілікке баулуда төмендегідей міндеттерді негізге алдық:

- халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушылардың бойында туған өлкеге сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру;

- қазақ жеріне, еліне, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру;

- Қазақстан Республикасының туына, елтаңбасына, әнұранына деген құрмет сезімін қалыптастыру;

- ғылымға, білімге деген ықыласын арттыру, өмірлік мақсаттарын айқындауға, жеке бастың жақсы қасиеттерінің қалыптасуына көмектесу;

- халқымыздың әдет-ғұрпы және салт-дәстүрімен таныстыра отырып, атамекенің сүйетін және қорғайтын азаматтарды тәрбиелеу:

Оқушыларды халық педагогикасы арқылы сүйіспеншілікке тәрбиелеуде Ә.Ашай, А.Аронов, А.Д.Алгазин, В.А.Сухомлинский, Н.Ф.Щитов, С.Ешімханов, П.Ф.Лукин, Г.П.Лебедев, А.П.Кабаченко т.б. ғылыми-зерттеу тұжырымдары мен еңбектерін басшылыққа алдық.

Мысалы, Ә.Ашай – оқушы жастарды ұлттық тәлім-тәрбие негізінде оқытып тәрбиелеу мақсатында Баян-Өлгей аймағының орта мектептерінің 10-11 сыныптарында 1991-1992 оқу жылынан бастап «Әдеп әліппесі» пәнің енгізді. Нәтижесінде пән ұстаздар қауымы мен ата-аналар тарапынан кең қолдау тауып, оқушыларды өз атамұраларын, халқын, елін, жерін сүйетін, сонымен бірге басқа ұлттарды да қадірлей білетін, қоғамдагы келеңсіз жағдайларга сын көзбен қарайтын оқушыларды тәрбиелеуге қол жеткізді.

Біз сыныптан тыс жұмыстарымызды оқушылардың бойында туған өлкеге деген суйіспеншілікке жетелейтін қасиеттерді іздеуден бастадық. Ол қасиеттерді төмендегіше белгіледік:

- атамекенді жақсы көру сезімі;

- туған өлкеге бауыр басып, сағыну;

- атамекенді қорғау жолында шайқасқан батырлар ерлігіне еліктеу;

- атамекен тарихына деген қызығушылық;

- туған өлкеге деген адалдық;

- мәдени және тарихи мұраларға деген мақтаныш;

- өткен шежірелер мен салт-дәстүрлерге деген құрмет.

Оқушылардың туған өлкеге сүйіспеншілігін қалыптастыруда атамекен жайлы білім мен тәрбиенің өлшемдері мен белгілерін анықтадық.

Мектеп жасына дейінгілер: баланың – туған жер, ауыл, атамекен төңірегіндегі әңгімелерге араласуы.

Бастауыш мектеп оқушылары: атамекенінің өткен тарихынан мағлұматы болуы, атамекенді қорғауға және аялауға бағытталған халық дәстүрін меңгеруі.

Жасөспірім: атамекендегі жер-су аттарының шығу тарихын зерделеу, қорғау жолында құрбан болғандарды құрметтеу, халық дәстүрлері арқылы атамекенді жырлауға, аялауға даяр болу.

Жоғары сынып оқушылары: халқымыздың туған өлкеге сүйіспеншілікті қалыптастыратын дәстүрлерін қолдана білуі, оралмандардың өз атамекендеріне оралу жағдайларын сараптаулары, атамекенін қорғау жолына даяр болуы, ауылым – алтын бесік акциясына ат салысулары.

Туған өлкеге сүйіспеншілікті қалыптастыратын қасиеттер, міндет, мақсаттар мен тәрбиенің өлшемдері мен белгілерін және ғалымдардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, сыныптар бойынша төмендегідей талаптарды қойдық:

- 6-7 сынып оқушыларына қойылатын талаптар: ауыл, туған жер, атамекен, Отан ұғымдарының ара жіктерін саралауы, атамекенді аялауды, қорғауды, сүюді қалыптастыратын қасиеттер мен халық педагогикасының дәстүрлерінен хабары болуы, атамекеннің тарихи шежірелері мен ескерткіштерін, киелі орындарын біліп, қадір тұтуы, оларды меңгеріп, білім мен тәрбиеде ұштастыруы;

- 8-9 сынып оқушыларына қойылатын талаптар: Көне түркі, қазақ елінің және XVIII-ғасырдағы халқымыздың атамекенді қорғау жолында жанын пида еткен ірі тұлғалары туралы мағлұматтарының болуы, тарихи тұлғалардың қалыптасуына ортаның, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың ықпалын білуі, халқымыздың туған өлкеге сүйіспеншілікке тәрбиелейтін дәстүрлерге деген көзқарастары, өз пікірлерін толық айта алуы;

- 10-11 сынып оқушыларына қойылатын талаптар: ата-бабалар ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрге деген құрмет, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке байланысты туындыларды ажырата, талдай, бағалай білуі, туған жерге, елге деген сезімдерінің дамуы, мемлекеттік рәміздердің шығу тарихын, оған деген құрмет және оны қорғауды өзінің борышы деп санауы, ата-баба дәстүрінен тәжірибе ала отырып, адам бойында туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын қасиеттерді меңгеруі.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға негіз болатын, халықтық дәстүрлермен қамтылған, білім мен тәрбие мазмұнына сәйкестендірілген тәлім-тәрбие жұмыстарының сыныптар бойынша үлгі тақырыптарын ұсынып, сол бойынша жұмыс жасадық.

6-7 сыныптарда жүргізілетін тәлім-тәрбие жұмысының үлгілік тақырыптары:

- Қазақстан Республикасьшың рәміздері (ұлттық байрақ, елтаңба, әнұранға деген құрмет). Қазақ жерін дүние жүзіне танытудағы байрақ пен әнұранды спорт шеберлерінің жеңісімен байланыстылығы.

- "Атамекен", "Отан", "Туған жер", "Ауыл" ұғымдарында туған өлкеге деген сүйіспеншіліктің белгісін анықтау.

- "Ауылым – алтын бесігім" (туған жердің әсем табиғаты мен көрікті жерлері).

- "Туған жердің тарихы" (туған жер атауының шығу тарихы мен оны қорғау жолындағы батырлардың ерліктері).

- "Атамекен – жыр арқауы" (ақын-жазушылардың атамекен, туған жер туралы поэзия кештерін ұйымдастыру).

- Шаһар бағыты бойынша Жамбыл облысы мен Тараз қаласының киелі жерлеріне танымжорықтар ұйымдастыру.

8-9 сыныптарда жүргізілетін тәлім-тәрбие жұмысының үлгілік тақырыптары:

- Жыр әніміз – атамекен (оқушылардың атамекен жайында жазған жырлары мен әндерінен кештер ұйымдастыру).

- Жібек жолы (өз өлкеміздегі Жібек жолының бағыттары мен кенттерін анықтау).

- Жер-су ұғымдары (жергілікті жердегі жер-су аттарының шығу тарихымен жұмыс жасау).

- Ауылым - алтын бесігім (осы тақырыптарда сынып аралық КТК ұйымдастыру).

- Хош келдің, бауырым (атамекеніне келген оралмандар жайында пікір-талас өткізу).

- "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" атты диспут ұйымдастыру.

10-11 сыныптарда жүргізілетін тәлім-тәрбие жұмысының үлгілік тақырыптары:

- "Ауылым – алтын бесігім" акциясын ұйымдастыру (ауылды қалпына келтіру және көркейту шараларына атсалысу).

- Атамекен – халық даналығында (атамекен жайындағы XV-XVIII ғғ. ақын-жыраулардың батырлар жырларының тәрбиелік мәндері жайында кеш өткізу).

- Өлкедегі киелі орындар мен ескерткіштерге экскурссия жасау.

- Алыстағы бауырлар (өз Отаны мен атамекенінен жырақта жүргендер жайында пікір-таластар өткізу).

- Астана – мақтанышым (Қазақстан астаналары мен қазіргі Астана туралы кеш өткізу).

- Туған жердің түтіні де қымбат (дөңгелек үстел өткізу).

Туған өлкеге сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлерінің (кештер, тәрбие сағаттары, КТК, пікір-талас, конференция т.б.) өлкетану, тарихи-аймақтану бағытындағы саяхаттардың тәжірибелі-эксперименттік жоспарларын (сценарийлерін) жасау, тәрбие жұмыстарын үнемі ұйымдастырып тұру керек. Отаның, атамекенің сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой-әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. 2007 ж. 27 маусымда шыққан.

2. М.Қ.Қозыбаев. Қазақстан тарихы. Очерктер. 1994 ж.

3. ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы – Астана, 2005 ж.

4. С.Нұпейсова. Білімгерлердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың тәсілдері.

«Қазақстан мұғалімі» республикалық газеті № 6-7, 16 ақпан 2007 ж.


Аннотация. В научной статье авторов Кадыркулова А.Ж. и Джантлеуовой Р.В. уделяется большое внимание внеклассной работе в школе, духовному развитию учеников, воспитанию патриотических чувств, любви к Родине, человеколюбия, раскрытию талантов и способностей у школьников.

Annotation. In the scientific article of authors of Kadyrkulov A.J. and Jantleuova R.V. is paid the largest attention on the educational work in a school, on the spiritual development of pupils, on education of some patriotical feelings, on feeling love with motherland, humanity and opening of some talents and abilities at schoolchildren.

37:173

Қ40

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОТБАСЫНЫҢ РОЛІ
Қапанова Ж.Т.

Тараз мемлекетттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Балаларды тәрбиелей отырып, ата- аналар еліміздің болашақ тарихын,

демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді. А.С. Макаренко

Отбасы- ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт- дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Әрбір отбасында балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты.

«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын, туған- туысын, жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деп қазақтың белгілі ағарушы педагогы Ы. Алтынсарин ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын ролін айрықша атап көрсеткен. Бала тәрбиесі өте күрделі құбылыс. Жас ұрпақтың тәрбиесі- қоғам алдындағы ортақ іс.

Қазақстан Республикасының президенті- Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялай отырып «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар- болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақтары. Бала тәрбиесі-тек ананың емес, ата- ананың екеуінің де міндеті. Балалар қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиісті емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Бала тәрбиелеу- болашаққа ең үлкен инвестиция [1].

Бірлігі жарасқан, ынтымақ, береке орнаған елдің ең басты байлығы-адам- өзінің адамгершілігімен, биік парасат, білігімен ерекшеленуі тиіс. Бұл орайда ұлттық тәрбиенің негізі болатын, ғасырлар бойы қалыптасып, маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан тәуелсіздік, ұлтжандылық, толеранттылық, ана тіліне деген сүйіспеншілік, заңға бағыну, этникалық мәдениет және салт- дәстүр сияқты қазақ халқының ұлттық құндылықтарының орны ерекше. Осы аталған құндылықтардың бала бойында қалыптасуында отбасы тәрбиесінің алар орны бөлек.

Отбасы- бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моралдьдық нормаларды игереді.

Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Оған қойылар талап- жан- жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Қазақ зиялыларының бірі М. Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару»,- деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата- ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын дәлелдейді.

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез- құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен міндеттерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі- ата- ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институттарында анықталады Ал отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым- қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрибесінің басқа тәрбиеден артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай түрі алмастыра алмайды.

Отбасы- баланың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік саяси құндылықтар беріледі [3].

Бала тәрбиесінде отбасы төмендегідей ролдерді атқарады:



  • отбасы болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады;

  • отбасы жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырады; Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, рухани және адами тұрғыдан дамуынан, жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға еңбек ету дағдысы тәрбиелеуге ықпал жасайды;

  • отбасында бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрлер жалғасады;

  • отбасы Қазақстан Республикасының мемлекетткік заңдарын құрметтеуші, елжанды азаматты тәрбиелейді;

Баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып өсуінде отбасы тәрбиесіне үлкен міндет жүктеледі. «Отан-отбасынан басталады»- деген сөз бекер айтылмаса керек, Отанына, туған елі мен жеріне, ана тіліне, тарихына, халықтың салт- дәстүріне, туыстары мен жолдастарына деген құрмет пен сүйіспеншілік тәрбиесі балаға ана сүтімен беріліп, жүрегіне ана сүтімен жетуі тиіс. Заманымыздың ақиық ақыны Мұхтар Шаханов жырлаған төрт ана: туған жері, туған тілі, туған дәстүр және туған тарихына деген сүйіспеншілік пен құрметті отбасы тәрбиесінде алған жан оларды қастерлей де білері анық.

Отбасындағы көріністің бәрі бала өміріне әсер етеді. Әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Ал ана болса-отбасы беріктігін сақтаушы, бала тәрбиелеуші, ерлерін сыйлап, рухани қолдау көрсететін тұлғалар. «Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары» дейді. Бүгінгі таңда көптеген отбасылар баланың тек материалдық жағын қамтып, рухани жағын көтеруге уақытты тапшы көреді.

Отбасында ата- аналар балаларына мейірімділік пен қамқорлық көрсете отырып, қатал да талапшыл болса, сондай-ақ ата-ана бойындағы барлық тәрбиелік қасиет бала бойына сіңірілсе, бала тәрбиесі жақсы жолға қоюға болар еді.

Бала үшін отбасы-бір жағынан- тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан- тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басым болып келеді. Отбасы-бұл мектеп, ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымы, дос- жарандары, сондай- ақ әдеп пен өнер кілті. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани- адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары болып келеді. Отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай [4].

«Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе»- деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған.

Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Әрбір әке мен кез- келген ана өз перзентіне болашақта қай сапа қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиенің саналылық сипаты мен тәрбиелік міндеттерді парасатты шешу жолдары осымен айқындалады [2].

Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата- аналардың өз баласының санасы мен әрекет- қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен тең болғанымен, дегенмен де олардың өз ерекшеліктері бар. Олар:


  • әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет қылығы мен ақыл- парасатына икемделуінен даралықты келеді;

  • тәрбие әдістерін таңдау ата- аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым- қатынасына т.б. тәуелді.

сыдан келіп, отбасылық тәрбие әдістері ата- аналардың тұлғалық сән- сипатынан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата- ана болса, тәрбие әдістерінің түрі де соншалықты. Мысалы, жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық және жазалау.

Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы- ертеңгі қуаныш»-деген А. С. Макаренко [5]. Олай болса, әрбір ата- ана баланы ертеңгі қуанышты сезіне білуге тәрбиелеу қажет.

Әрбір ата-ана баласының тәрбиесі үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін ұмытпағаны абзал. Тек отбасында ата- ананың қолайлы үлгі өгегесін игерген бала жан-жақты дамыған жақсы тәрбие алған тұлғаға айналады.

Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н. Ә. / «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы\ Астана, Ақорда, 2012

2. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы. Дарын 2004

3. Джумамуратова Р. Баланың бас ұстазы-ата-анасы. //Жанұя мен мектептегі тәрбие. №3 2012

4. Мәдениет А. Тәрбие мен білім беруде отбасымен қарым- қатынас қалыптастыру.

// Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері. №1 2014

5. Макаренко А. С. Ата-аналар кітабы. А., 1987

Аннотация. В даннной статье рассматривается влияние семьи на воспитание ребенка. Семья- это особого рода коллектив, где закладываются основы личности ребенка.

Annotation. This article is shown the influence of family to child’s education. What, child acquires in childhood keeps forever. The family’s importance as education is very important because for a long time a child is in it.


373

Қ40

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ
Қапанова Ж.Т., Қуанышева Ә. Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, №7 балабақша, Тараз қ.
Жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру тәрбиешінің ең негізгі міндеттерінің бірі екендігі баршамызға мәлім. Балабақшадағы тәрбие-барлық тәрбиенің бастауы. Балабақшадағы әрбір тәрбиеші- педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемше танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, көптеген ұйымдастырылған іс- шаралар ата- аналардың қатысуымен өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім- тәрбиеге байланысты. Сондықтан ба балабақша ұжымы ата-аналардың балабақшада өткізілетін түрлі іс-шаралар мен тәрбие ісіне қатысты ертеңгіліктерге қатысуларын қамтамасыз етіп отырады [2].

Адамгершілік санасы биік ата- ананың, отбасы мүшелерінің бір- бірімен сыйласуы, сенуі, қолдасуы, көмегі, татулығы мен ынтымағы, бір- біріне талап қоя білуі, әрқашан адал болуы, өзара қамқорлығы салтқа кірген отбасынан қашанда көргенді, білікті іскер азаматтар өсіп шығатыны белгілі.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оған көмектесе алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиеші шешуші рол атқарады. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелеріне тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбекке ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл- сананың, сезімдердің, мінез- құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде,ойын және оқу ісінде жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие процесі ойын түрінде ұйымдастырылатындықтан ойынның бала өміріндегі алатын орны ерекше. Ойынды тәрбиеші баланың іс- әрекетін жандандыруға арналған тәсіл ретінде қолданады. Ойын арқылы тәрбиеші балалар бойына сыпайылық, байсалдылық, алғырлық, бауырмалдық, шыншылдық т.б, қасиеттерді қалыптастырады. Дидактикалық ойын адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге, балалардың жеке басын дамытуға көмектеседі [3].

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармалармен, суретшілер туындылармен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбексүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Балаларды ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырыс, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте- бірте қалыптастырады.



Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері- балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез- құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттердің адамгершілік ұғымдары мен мінез- құлық түрткілерін қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап- ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым- қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларға қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда бболады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса, оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс- әрекетке, көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым- қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қаруды білдіретін сан алуан мінез- құлық дағдыларын қалыптастырады.

Сананың қалыптасуы бала мектепке бармастан бұрын жақын адамдардың өзара қарым- қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Оның мәнін «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа», «Жаман дос жолдасын жауға қалдырар» деген мақалдардан көруге болады.Сондай-ақ мақал- мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер де адамгершілік тәрбиенің арқауы болады. Үлкенді сыйлау- адамгершіліктііің бір негізі. Балабақшада балаларға адамгершілік тәрбие беру мақсатында би-шешендердің тәрбиелік, адамгершілік қасиеттер жөніндегі өсиет сөздерін, тағылымды нақыл сөздерін қолданған абзал. Мысал, «Болмасаң да ұқсап бақ «- деп Ұлы Абай айтқандай үлгі- өнеге балалардың аддамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге, өмірде өз орнын табуға бағыт- бағдар береді.

Ұрпақ тәрбиесін толық жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, балабақшада жалғасын табады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез- құлқының ең қарапайым дағдылары қалыптасады [1]. Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс- әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне- өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты. Тәрбиеші балаларды адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез- құлыққа тәрбиелейді..

Адамгершілік нормалары:



  • қайырымдылық

  • сыпайылық

  • әділдік

  • қарапайымдылық

  • жанашырлық және т.б.ұғымдарды тәрбиеші бірте- бірте балаларға түсіндіру арқылы

меңгертеді.

Тәрбиенің дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Балабақшадағы балаларға адамгершілік тәрбие беруде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылық, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса тәрбиешінің де, ата- ананың да болашағы зор болмақ .

Адамгершілік- адамның рухани байлығы, ол болшақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым- қатынастарында қалыптасады. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Осының ішінде ата- ана, отбасы тәрбиесіне тоқталып өтсек, «Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай айтқандай, бала адамның да, өмірдің де қызығы. Ата- ана тәрбие өнегесі, сондықтан, мынадай қазақ мақал- мәтелдері ертеден жатталып айтылып келеді.«Ата көрген оқ жонар, ана көрген- тон пішер», «Баланың ұяты- әкеге, қыздың ұяты- шешеге».

Отбасы- ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтық салт- дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Әрбір отбасында балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты [5].

«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын, туған- туысын, жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деп қазақтың белгілі ағарушы педагогы Ы. Алтынсарин ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын ролін айрықша атап көрсеткен. Бала тәрбиесі өте күрделі құбылыс. Жас ұрпақтың тәрбиесі- қоғам алдындағы ортақ іс [4].

Еліміздің көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.

Тәрбие- тал бесіктен басталады» деген дана халқымыз. Демек, баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне бірден- бір ықпал ететін орын- балабақша. Тек қана отбасындағы тәрбие баланың жан- жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына аздық етеді. Сондықтан бала дамуының негізгі баспалдағын-балабақшадағы адамгершілік тәрбие беруді қалыптастыруымыз қажет. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешкашан ескірмейді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата ана мен тәрбиешінің басты міндеті.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы. Дарын 2004

2.Бала мен балабақша журналы №6. 2012

3.Отбасы және балабақша №2,3 №2011.

4. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. Шымкент, 1994

5. Бекжанова Б. Адамгершілік- рухани тәрбиенің маңыздылығы. // Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту №1, 2012


Аннотация. В статье рассматриваются проблемы нравственного воспитания детей дошкольного возраста.

Annotation. This article discusses the moral education of children of preschool age.n this article are consifered some problems of the moral edication at children of the preschool ade.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет