График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет82/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

§ 13.8 Сұққыш қосылысы
Сұққыш (штифт) дегеніміз - тетіктерді қосу үшін қолданылатын цилиндрлік 
немесе конустық өзек. Кейбір сұққыштар бөлшектерді біріктірумен қоса 
айналмалы қозғалысты жеткізуші міндетін де атқарады. Тетіктерді өзара 
дұрыс қондыру үшін көбінесе сұққыш қосылысы қолданылады. Тұрмыста 
ең көп тараған цилиндрлік жəне конустық сұққыштың екі түрі 235-суретте 
көрсетілген. Цилиндрлік жəне конустық сұққыштардың сызбасы мен 
өлшемдері 236-суретте көрсетілген.
235-
сурет
А
А
А
А


218
Тетіктердің сұққыш арқылы біріктіріліп қосылуы 237-суретте көрсетілген.
Сұққыш бірінші бөлшек (білік) пен екінші бөлшек (тұрық) тесілген тесікке 
сұғылады. Құрастыру сызбаларында, сұққышта тілік орындалмайды 
(238-сурет).
§ 13.9 Пісірмелі қосылыс
Бөлшектерді пісіру арқылы ажырамастай етіп қосуды пісірмелі қосылыс деп 
атайды. Металдарды балқытып қатайтқаннан кейін, бөлшектердің түйіскен 
жерінде пісіру жапсары пайда болады. Пісіру дегеніміз - əртүрлі металдардан 
жасалған тетіктерді бір-біріне жалғастыратын жерлерін балқытып пісіру. 
Пісірілетін тетіктердің өзара орналасуына байланысты пісіру жапсарының 
мынадай түрлері болады: түйістіре пісіру С əрпімен, бұрыштап пісіру У 
əрпімен, қапсыра пісіру Н əрпімен, тəріздендіріп пісіру Т əрпімен белгіленеді.
Түйістіре пісіру қосылысы 239, 240-суреттерде көрсетілген.
237-
сурет
1-
тетік
2-
тетік
Сұққыш
238-
сурет
239-
сурет


219
Бұрыштап пісіру қосылысы 241, 242-суреттерде көрсетілген.
241-
сурет
Қопсыра пісіру қосылысы 243, 244-суреттерде көрсетілген.
243-
сурет
Тəріздендіріп пісіру қосылысы 245, 246-суреттерде көрсетілген.
245-
сурет


220
Пісіру жіктеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: шахмат тəріздес 
(247, а-сурет), тізбекті пісіру (247, ə-сурет), тұйықталған (247, б-сурет), 
тұйықталмаған (247, в-сурет).
а

ə

б

в

247-
сурет


221
Пісірмелі қосылыс жіктерінің шартты кескіндері мен белгіленулері 
стандарт бойынша орындалады. Сызбада пісірмелі қосылыстың жіктері 
шартты түрде кескінделеді. Пісірмелі қосылыстың жіктері көрінетін болса, 
тұтас негізгі сызықпен сызылады, ал көрінбейтін болса, үзілме сызықпен 
көрсетіледі. Нүктелі жіктер «+» таңбасымен кескінделеді (248-сурет).
Шығарма сызығының үстіңгі жағында орналасқан жіктің кескіндемесі 249, 
а-суретте көрсетілген. Ал, шығарма сызығының астыңғы жағында орналасқан 
жіктің көрінісі 249, ə-суретте көрсетілген.
Стандартты пісіру жіктерінің шартты белгілену құрылымы 250-суретте, 
шартты белгілеудің анықтамалары 3-кестеде көрсетілген. 


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет