218
Тетіктердің сұққыш арқылы біріктіріліп қосылуы 237-суретте көрсетілген.
Сұққыш бірінші бөлшек (білік) пен екінші бөлшек (тұрық)
тесілген тесікке
сұғылады. Құрастыру сызбаларында, сұққышта тілік орындалмайды
(238-сурет).
§ 13.9 Пісірмелі қосылыс
Бөлшектерді пісіру арқылы ажырамастай етіп қосуды пісірмелі қосылыс деп
атайды. Металдарды балқытып қатайтқаннан кейін, бөлшектердің түйіскен
жерінде пісіру жапсары пайда болады. Пісіру дегеніміз - əртүрлі
металдардан
жасалған тетіктерді бір-біріне жалғастыратын жерлерін балқытып пісіру.
Пісірілетін тетіктердің өзара орналасуына байланысты пісіру жапсарының
мынадай түрлері болады: түйістіре пісіру С əрпімен, бұрыштап пісіру У
əрпімен, қапсыра пісіру Н əрпімен, тəріздендіріп пісіру Т əрпімен белгіленеді.
Түйістіре пісіру қосылысы 239, 240-суреттерде көрсетілген.
237-
сурет
1-
тетік
2-
тетік
Сұққыш
238-
сурет
239-
сурет
221
Пісірмелі қосылыс жіктерінің шартты кескіндері
мен белгіленулері
стандарт бойынша орындалады. Сызбада пісірмелі қосылыстың жіктері
шартты түрде кескінделеді. Пісірмелі қосылыстың жіктері көрінетін болса,
тұтас
негізгі сызықпен сызылады, ал көрінбейтін болса, үзілме сызықпен
көрсетіледі. Нүктелі жіктер «+» таңбасымен кескінделеді (248-сурет).
Шығарма сызығының үстіңгі жағында орналасқан жіктің кескіндемесі 249,
а-суретте көрсетілген. Ал, шығарма сызығының
астыңғы жағында орналасқан
жіктің көрінісі 249, ə-суретте көрсетілген.
Стандартты пісіру жіктерінің шартты белгілену құрылымы 250-суретте,
шартты белгілеудің анықтамалары 3-кестеде көрсетілген.