График а алматы "Білім" 2012


§ 14.1. Нобай туралы жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет90/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суранчиева Улжан Алтынбековнаға
 § 14.1. Нобай туралы жалпы түсінік
Нобай (эскиз) - бір рет қана қолданылатын, тетікті (бұйымды) жасауға жəне 
тексеруге қажетті барлық мəліметтер (пішіні, құрылымы, өлшемдері т.б.) 
қамтылған конструкторлық құжат. Масштаб тетіктердің пропорционалдықты 
сақтай отырып, тік бұрыштап (ортоганальды) проекциялау əдісі бойынша 
көз мөлшерімен алынып, сызу құрал-жабдықтарын пайдаланбай, қолмен 
орындалады.
Нобайлар жабдықтарды жөндегенде, яғни істен шыққан тетіктердің орнына 
жаңа бөлшек қажет болғанда қолданылады. Ондай нобайды тетіктің нақты 
өзіне қарап жасайды. Өндіріс орындарында көбінесе тетікті тікелей нобай 
бойынша жасауға тура келеді, сондықтан оны маңызды техникалық құжат 
деп түсіну керек. Стандарттық бұйымдарға (бұрандама, бұрамасұқпа, сомын, 
тығырық жəне тойтармаға) нобай орындалмайды.
Нобайды сызба қағазына немесе торкөзді қағазға орындайды. Қағаздар 
орындайтын тетік пішіміне сəйкес таңдап алынады. Нобайда сызықтың 
түрлері, шрифт мемлекеттік стандарт бойынша орындалады. Нобайды 
торкөз қағазға орындау – қолайлы əрі тез. Торкөз қағазы бойынша тетікті 
кескіндегенде, бөліктерінің пропорциональдығын сақтау, перпендикуляр жəне 
параллель сызықтарды жүргізу, сызықтар бойымен түзу сызықтарды сызу 
оңайлайды. Сызу сабақтарында шеңбер сызуға циркульді қолдануға болады 
жəне олар кейін қолмен бастыра жүргізіледі. Нобай жұмсақ қарындашпен (М 
немесе 2М) орындалады.
ХІV-тарау
РАСТЫРУ СЫЗБАСЫ


241
Нобайды тетіктің нақты өзіне қарап отырып сызғанда, оны əр түрлі өлшеу 
құралдарын пайдаланып, өлшеу үшін қолданады. Тетіктерді өлшеу үшін 
əр түрлі құралдарды: металл сызғыштар, кронциркуль жəне нутромерді 
қолданады (269-сурет). Тетіктің ұзындығын металл сызғышпен өлшеуге 
болады. Тесіктің ішкі диаметрін өлшеу үшін – нутромер, цилиндрлік өзектің 
диаметрлерін өлшеу үшін кронциркуль пайдаланылады. Нутромер жəне 
кронциркульмен алынған өлшемді сызғыш бойынша есептейді.
Тетікті дəлдікпен өлшеу үшін, штангенциркуль құралын қолдану өте 
қолайлы (270-сурет). Штангенциркульмен өте дəл, миллиметрдің оннан бір 
жəне жүзден бір үлесіне дейін өлшенеді. Ол бірден сызғыштың да, нутромердің 


242
де жəне кронциркульдің де орнына қолданылады. Штангенциркульмен тетік 
бойындағы шұңқырдың тереңдігін де өлшеуге болады.
1. Нобай сызбасын орындағанда, ең алдымен салынатын сызбаның 
берілген көріністер мен шартты белгілері бойынша, тетіктің сыртқы жəне 
ішкі пішінін мұқият қарап алып, сызбадағы өлшемдер мен жазуларды анықтап 
біліп алу шарт. Берілген тетіктің пішімін толық анықтап, масштабты сайлап 
алғаннан кейін пішімді тағайындайды. Нобай сызуын бастағанда тетікпен 
мұқият танысып алу қажет. Жан-жағынан қарап алып, геометриялық пішінін 
анықтап, шұңқырлар мен тесіктерін тауып, ұғып алу керек. Тетіктің пішіні 
туралы толық түсінік беру үшін көрініс, тілік жəне қималар таңдап алынады. 
Алдыңғы көріністі таңдауға ерекше көңіл аудару керек. Алдыңғы көрініс 
тетіктің ішкі жəне сыртқы пішіні мен өлшемдері туралы толық мəлімет беруге 
тиіс. Нобайда Ø жəне
Сызбаның рамкасы мен негізгі жазудың орны 
сызылады. Кескіндер сызба қағазына біркелкі орналастырылып, бөлшектің 
айналу осьтері мен симметрия осьтері салынады. Көріністің тұрпатын 
шектейтін габариттік тік бұрышты сызықтар жүргізіледі. Мүмкіндігінше 
толық мəлімет беретін алдыңғы (басты) көріністі, тілікті жəне қиманы таңдап 
алу керек.
2. Тетіктің көрінетін сыртқы контурын жуан сызықпен көріністе бастыра 
жүргізеді. 
3. Тетіктің көрінбейтін бөліктері үзік сызықтармен сызылады. Тілік пен 
қима орындалған жерді штрихтайды.


243
4. Шығарма жəне өлшем сызықтары түсіріледі.
5. Тетікті өлшеу құралдарымен өлшеп, өлшем сандары қойылады.
Негізгі жазу толтырылады. Негізгі жазуда тетіктің аты, оның жасалған заты 
жəне кескіннің масштабы көрсетіледі.
Нобайды тексергенде мыналарға назар аударған жөн:
a. Орындайтын тетіктің алдыңғы көрінісі дұрыс таңдап алынған ба?
b. Тетіктің пішінін толық түсіну үшін алынған көріністер жеткілікті ме?
c. Өлшемдер дұрыс түсірілген бе, қайталанатын өлшемдер жоқ па?
d. Түсіндірме жазудың барлығы да жазылған ба?
e. Сызбаның негізгі жазуы дұрыс толтырылған ба?
1
2
271 a -
сурет


244


245


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет