Графика. Орфография. Орфоэпия


шш геминатасының арнайы  щ



Pdf көрінісі
бет34/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
шш
геминатасының арнайы 
щ
әрпімен таңбаланатын 
орындары бар. Бірақ бұлардың саны тек 
ащы, тұщы, кеще, ищ-ай
(одағай) 
тәрізді үш-төрт сөзбен шектеледі.
Кейбір сөздердің геминаталарға қатысты әліптемесі жазу 
тәжірибесінде әртүрлі беріліп жүр: 
жаппар – жаббар, тәкаппар – тәкаббар, 
ләббай – ләппай; тұттығу – тұтығу, тұттықпа – тұтықпа, құттықтау – 
құтықтау, молла – молда, алла – алда 
т.б.
Тіпті Орфографиялық сөздікте (1978 ж.) 
ләббай – ләппай, жаппар – 
жаббар 
варианттарының 
жаббар, ләббай
нұсқасы берілген. Бірақ дәл осы 
тәрізді 
тәкаппар – тәкаббар
вариантының осы сөздікте 
тәкаппар
нұсқасы 
негізге алынған. Осы сөздердің орфографиялық сөздікте бұлай берілуі 
негізсіз емес. Бір жағынан, ұяң вариант түріндегі 
ләббай, жаббар
сөздері, 
олардың қатаң түріне қарағанда, тұрақты қолданылатын орны, әрі жиірек 
жұмсалатын жері көне, кітаби контекст деуге болады. Екінші жағынан,
олар пассив лексикаға жататын көне реңкке ие сөздер. Ал 
тәкаппар 
– реңкі
жағынан бейтарап жатады. 
Тәкаппар – тәкаббар
варианттарының 
реңктерін бейтараптық, экспрессия, көнелік т.б. тұрғыдан қарағанда, біріне-
бірі қарама-қарсы сипатта деуге болмайды. Ал 
молла – молда, біссімілла – 
біссімілда
варианттары бұл жағынан қарама-қарсы сипатта: 
молда
– 


бейтарап реңкте,
молла
– кітаби, көне реңкте, керісінше, 
алла, біссімілла – 
кітаби реңкте, ал 
біссімілда, алда
– сөйлеу тіліне тән реңкте.
[т] дауыссызының бірде геминацияланып, бірде жалаң айтылуына 
байланысты сөздердің жазылуы да әртүрлі. Мысалы: 
құттықтау
(орфографиялық сөздікте) – 
құтықтау
(орфографиялық сөздікте берілмеген), 
тұтығу
(орфографиялық сөздікте) – 
тұттығу
(орфографиялық сөздікте 
берілмеген). Мұндағы 
құттықтау – құтықтау
вариантын кейде саралап
қолдану фактісін кездестіруге болады: 
құттықтау
«приветствие» 
(приветственная речь – құттықтау сөз), 
құтықтау
«поздравление». Ал 
тұттығу – тұтығу, тұттықпа – тұтықпа
вариантының геминациямен 
айтылатын нұсқасын (экспрессиялық өң, көне реңк т.б. мақсатта жұмсауды 
қажетсінбеуге байланысты) сөз қолданыста бірте-бірте ығыса бастаған
деуге болады. Сондықтан орфографиялық сөздікте бұл сөз жалаң 
т 
нұсқасында берілген.
Геминация құбылысына байланысты екі түрлі вариантта жазылып 
жүрген сөздердің бірі – 
жедді
(жеддінің айы, жеддінің жұлдызында; жедінің 
айы, жедінің жұлдызында), 
мүкаммал – мүкамал
. Сөйлеу тілінде 
жеді

мүкамал
түрі ұшырағанмен, 
жедді, мүкаммал
нұсқамының тұрақты орын
тепкен жері – кітаби, көне контекст. Орфографиялық сөздікте бұл
варианттың геминацияланған түрінің (жедді, мүкаммал) берілуі сондықтан.
Сонымен, 
кейбір 
сөздердің 
құрамына 
геминацияланған 
дауыссыздардың болуы мынадай құбылысқа саяды деуге болады: а) 
геминацияланған дауыссыздар бір сөзден екінші бір сөзді ажыратып тұрады. 
Оларға дауыссызды геминациясыз жалаң түрде айтуға болмайды. Ондай 
жағдайда сөздің тұрқы бұзылды, мысалы: 
әккі, күллі, мүттайым
т.б. 
сөздердегі дауыссызды геминациясыз айту мүмкін емес; ә) кей жағдайда
сөз құрамындағы дауыссызды геминацияланған түрде де (мүдде, ләззат 
т.б.), жалаң түрде де (мүде, мәзат т.б.) айтуға болады. Бірақ сөздің 
геминациялы вариантының экспрессиялық реңкі басым болады; б) 
гемината дыбыстар сөзге көнелік реңк үстейді (жедді, жаббар, ләббай т.б.). 
Экспрессиялық, көнелік реңктері актуализацияланған мұндай варианттар
нормалаушы сөздіктер арқылы кодификацияланып отырады. Алайда
зәрредей, біссімілда, алда
(алла деген мағынада), 
жеді
(ескіше айдың аты), 
жаппар, ләппай
тәрізді варианттардың нормалаушы сөздікте алынбауы 
олардағы экспрессиялық (зәрредей,), көнелік
– 
кітаби (молла), сөйлеу тілі 
(жеді, алда, әмме, жаппар, ләппай т.б.) тәрізді реңктерінің 
актуализацияланбауына байланысты деуге болады. Ал 
жөппелдемеде, іззет
тәрізді геминацияланған варианттарды экспрессия тұрғысынан қажетсіну 
жөпелдемеде, 
ізет
нұсқаларына қарағанда басым деуге болмайды. 
Сондықтан орфографиялық сөздікте оларды 
ізет, жөпелдеме
түрінде беру 
тиімді.
Қазақ орфографиясындағы кейбір қиындық сөз аяғында кездесетін 
синкопа, эпитеза, апокопа тәрізді дыбыс құбылыстарымен байланысты. 
Әсіресе аяқ шені кейбір дауыссыздар тіркесіне біткен ауыс-түйіс сөздердің 
фонетикалық игерілуі көп вариантты болып келеді. Мысалы 
бақт, тақт, 


дост, дәст 
т.б. парсы, араб сөздері қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына 
орай үш түрлі жолмен игерілгендігін байқауға болады.
1. Сөз аяғында іргелес келген екі дауыссыздың аралығына қысаң 
дауыстыны селбестіріп айту: 
уақт – уақыт, бақт – бақыт, тәрк – тәрік, 
тақт – тақыт.
2. Сөз аяғында іргелес келген екі дауыссыздың соңғысын түсіріп айту: 
уақт – уақ, бақт – бақ, дост – дос, тақт – тақ, дәст – дәс
(дәс орамал).
3. Сөз аяғында іргелес келген дауыссыздың соңына қысаң дауыстыны 
қосып айту: 
уақт – уақты, бақ – бақты, дост – досты, дәст – дәсті
.
Үшінші тәсілмен игерілген 
тақты, бақты, досты, дәсті
деген атау 
тұлғалы сөздер көбіне байырғы мұралар тілінде жиі кездеседі.
Орыс тілінен енген қоғамдық-саяси және ғылыми-техникалық 
терминдердің және кейбір атаулардың қосымшалармен түрленуінде осы үш 
түрлі тәсілдің «Қазақ орфографиясының ережесі» бойынша (1957 жыл) 
екіншісі (синкопа) мен үшіншісі (эпитета) жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет