Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет61/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
Түбір сөздердің жазылуы.
Орыс тілінен енген түбір сөздер қазіргі 
қазақ орфографиясындағы негізгі қағида бойынша, орыс орфографиясына 
сәйкес, өзгертілмей жазылады. 
Орыс графикасына негізделіп, қосымша әріптермен толықтырылған 
қазақ алфавитінің бекітілген кезінен бері қарай қолданылып келе жатқан бұл 
қағида бірден-бір дұрыс ереже болып отыр. Орыс тілінен енген сөздерді осы 
қағида негізінде жазу қазақ емлесінде бұрын орын алып келген ала-
құлалықтарды жойып, жазу нормаларын бір ізге түсірді. Және де қазақ әдеби 
тілінің сөздік құрамына совет дәуірінде енген орыс тілі сөздері, негізінен, 
интернационалдық мазмұндағы және СССР халықтарының көпшілігіне ортақ 
терминдік сөздер мен сөз тіркестері; ал терминдік қабаттың ерекшеліктері 
үшін де (дефинициялық дәлдігі, ортақ интернационалдық сипатта болуы т.б.) 
түбір сөздерді орыс орфографиясымен бірдей, графикалық-фонетикалық 
тұрқын бұзбай жазу емлесі орнығуының тиімді жақтары бар. Бұл емлелік 
қағида, 
біріншіден, 
СССР-дегі 
ұлт 
халықтарының 
барлығында 
интернационалдық мазмұндағы терминдердің жасалуы мен жазылуында 
мүмкіндігінше айырмашылықтар болмау керектігі талабына толық сәйкес 
келеді [69, 60б.]. Сонымен қатар қазақ тіліндегі бұл қабатты түпнұсқа қалпын 
өзгертпей жазу орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілден енген 
термин сөздердің дефинициясына нұқсан келтірмей дәл түсінуге көмектеседі
орыс тілін оқып-үйренуді, жетік меңгеруді жеңілдетеді; жазуда 
варианттылық туғызбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет