қажеттілігі болған жоқ, керісінше, ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен дыбыстық
жағынан өзгерген түрлерін пайдалану түсінікті, әрі тиімді болды. Сондықтан
алғашқы қазақ жазба тіл үлгілері – тұңғыш баспасөз
беттерінде де қазақ
тілінің дыбыстық жүйелеріне сәйкестендірілген тұлғаларын жазу орын
алады. Түпнұсқа тіл мен қабылдаушы тілдің дыбыстың фонетикалық
айырмашылықтары
әсерінен апокопа
(болыс – волость, облыс – область),
синкопа (бөрене – бревно), протеза (үстел – стол), эпентеза (сүрек – срок,
бөрене – бревно, күршек – крючок)
тәрізді тілдік құбылыстарға ұшыраған
осындай сөздердің жазылу емлесі қазақ тілі емлелік сөздіктерінде айқын
беріледі. Және де бұндай сөздерде жарыспалылықтың болуы да –
заңды
құбылыс. Сондықтан жазу практикасында олардың емле ережелерінде,
сөздіктерде көрсетілген үлгілерін басшылыққа алу орынды (1-қосымша).
Айтылуы әсерінен өзгертіліп жазылатын сөздердің келесі бір тобы –
соңы
-а
дыбысына аяқталатын сөздер. Олардың емлесі туралы қағида Негізгі
ережелерде көрсетілмегенімен «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы
жайындағы анықтағышта» арнайы ұсынылады: «Орыс тілінен енген бірқатар
сөздердің соңғы дауысты дыбысы түсіріліп қалыптасқандықтан, сол
ықшамдалған түрінде жазылады:
газет (газета емес), минут (минута емес),
пар (пара емес), секунд (секунда емес), аптек (аптека емес), гранат
(граната емес), координат (координата емес), цифр (цифра емес), террас
(терраса емес)
»[46].
Қазіргі жазу практикасында
бұндай сөздер қатары
Достарыңызбен бөлісу: