Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет193/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Сөйлеу стиліндегі
мәтіндердің интонациясында бірізділік
бірқалыптылық болмайды. Ондай болғанның өзінде де жиі кездесе бермейді. 
Себебі сөйлеу стиліндегі сөз үлгісіне стихиялық қасиет тән, яғни сөйлеуші 
алдын ала дайындықсыз сөйлейді де, оның сөзіне себепкер болған сыртқы 
факторлардың барлығы ауызша сөздің бедерінен көрініс тауып жатады. 
Мұнда сөйлеушінің эмоциясын, прагматикасын, тыңдаушысына деген 
көзқарасын білдіретін тілдік құралдар еркін әрі молынан қолданылады. Осы 
себепті сөйлеу стилінің интонациясы да құбылып отырады. Сөйлеу стилінің 
монологтік түрі мен диалогтік түрінің интонациялары өзара ерекшеленеді. 
Монологте бір коммуниканттың сөзі берілгендіктен, оның интонациясы да 
соған сәйкес безендіріледі. Ал диалогте сөйлеушілер саны екі немесе одан да 
көп болғандықтан, олардың әрқайсысының өзіндік сөйлеу сазы болады да, 
диалогтің ауызша сөзінің бедері көп сарынды болып шығады. Мұндай 
мәтінде сөйлеуші маңызды деп тапқан кез келген сөзіне ой екпінін түсіре 
алады. Сөйлеу стилі мәтіндерінде қазақ тілінің барлық интонемалары көрініс 
таба алады. Диалог мәтінінде жиі көрінетіні жалпы сұрақ арнаулы сұрақ
сондай-ақ лепті интонемалары.

Көмір! Көмір! 

Кәне, кәне, қандай екен? 

Кәдуілгідей болад та... Қандай болуш еді!.. 

Ие, нағыз тас көмір! 

Қаттысын көрдің бе өзінің! 

Осыны кеміретін боламыз да... 

Тіс те керек болар бұған!
(Ғ.Мүсірепов) 
 
Жоғарыда көрсетілген әр түрлі стильдердегі мәтіндердің айтылым 
үлгілері барлық жанрлар үшін бірдей емес. Бір стильге қатысты әр түрлі 
жанрдағы мәтіндердің айтылым үлгілері ерекше болуы мүмкін, дегенмен 
оларға ортақ интонациялық белгілердің тән болатыны да белгілі. Осы ортақ 
белгілерді сақтай отырып сөйлегенде, әр түрлі стильдердегі ауызша сөз өз 
нақышында берілетіні де түсінікті. Алайда шынайы өмірде таза бір стильде, 


басқа стильдің элементтерін араластырмай сөйлеу – сирек кездесетін жағдай. 
Тіпті бұлай түрлі стиль элементтерінің араласып қолданылуының өзі – тілдің 
икемділігінің бір белгісі, өйткені қалыпқа түскен үлгіден шықпай, таза 
стильді сақтап сөйлеу сөз иесінің тілдік мүмкіндіктерін шектейді. Сондықтан 
да ұсынылған айтылым үлгілерін қатып қалған өзгермейтін нұсқа деп 
түсінуге болмайды. Сөйлеу жағдаятына, сөз иелерінің қарым-қатынасы мен 
көңіл-күйіне, сондай-ақ дүниетанымы мен көзқарастарының ерекшелігіне 
қарай олардың айтылымы да түрлі вариантта берілуі әбден мүмкін әрі заңды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет