Структура режимі.
Бұл режимде слайдты безендіру күрделі де, ал текстпен жұмыс керісінше оңай жасалады. Ескертпелерді де енгізуге болады.
Слайдтар режимі.
Жеке слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Басқа режимде тұрғанде слайдта маусты екі рет шертсе, слайдтар режиміне ауысуға болады.
Сортировщик слайдов режимі.
Экранда бірнеше слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жаңа слайд қосуға, слайдтардың орнын ауыстыруға, т.б. әрекеттер жасауға болады. Ескерте кететін нәрсе, текст өңделмейді, обьект қойылмайды.
Показ слайдов режимі.
Слайдтарды толық экрандық күйде көру үшін қолданылады. Қарауды тоқтату үшін Esc пернесін басады.
PowerPoint-та слайдқа қойылған әрбір элемент: текст, кесте, сурет, диаграмма, дыбыс немесе видео обьект болып табылады.
Обьект қою.
Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады.
Картинка қою.
Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар слайдтың безендірілуінде екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word-тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint-та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |