2. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға тапсырма беріледі.
Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы.
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз
PAINT графикалық редакторы
ІІ. Мағынаны тану
1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |