- Грамматикалық мағынаның түрлері.
- Орындаған: Сеитова Н
Грамматикалық мағынаның түрлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі - 1.Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасы.
- 2.Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары.
- 3.Грамматикалық мағынаның түрлері:
- а) жалпы грамматикалық мағына;
- ә) категориялық грамматикалық мағына;
- б) қатыстық грамматикалық мағына.
- 4.Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі.
ЛМ мен ГМ арақатынасы - Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.
Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары - 1. Семантикалық тәсіл. Ол - сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып жалпылануы арқылы іске асатын белгілі бір топтағы сөздерге ортақ мағына.
- Мысалы: дала: заттық мағына, деректі зат атауын білдіруі, жалпы зат атауын білдіруі, жансыз зат атауын білдіруі.
Синтетикалық тәсіл - Оның жолдары:
- қосымша қосылу жолы,
- префикс қосылу жолы,
- ішкі флексия жолы,
- екпін арқылы,
- супплетивті жол.
Аналитикалық тәсіл - Жолдары:
- негізгі сөздердің тіркесуі,
- негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші етістік, шылау, т.б.) тіркесуі,
- сөздердің қосарлануы арқылы,
- сөздердің орын тәртібі арқылы,
- дауыс ырғағы, интонация арқылы.
Грамматикалық мағынаның түрлері - Жалпы грамматикалық мағына
- Категориялық грамматикалық мағына
- Қатыстық грамматикалық мағына
Жалпы грамматикалық мағына - - лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағына.
- Жалпы грамматикалық мағына сөз топтарының семантикалық сипатынан туындайды.
Категориялық грамматикалық мағына - - грамматикалық форма арқылы берілетін мағына.
- Грамматикалық форма деген ұғымға, ең алдымен, сөзге түбірге үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жатады
Қатыстық грамматикалық мағына - - грамматикалық мағынаның сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы берілуі.
- семантикалық тәсіл
- синтетикалық тәсіл
- аналитикалық тәсіл
ГМ мен ГФ сәйкестігі - “Грамматикалық мағынасыз грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына берілмейді”
- 1. ГМ-сыз ГФ кездеседі.
- 2. ГФ-сыз ГМ беріледі.
- 3. 1 ГМ бірнеше ГФ арқылы беріледі.
- 4. 1 ГФ бірнеше ГМ береді.
Әдебиеттер: - К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1972. 8- 16-беттер.
- А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 7-
- 10, 13-18 -беттер.
- С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А.,1992. 28-40-беттер.
- С.М. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 32-45-беттер.
- А. Ысқақов. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма. // Қазақстан мектебі. 1961. N4 60-66-б
- С.Исаев. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нольдік тұлға// Қазақстан мектебі. 1976. N 8 92-96-б.
-
Дұрыс па? - 1.Грамматикалық мағына сөйлеу барысында туады.
- 2.Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да жалпы болады.
- 3. Грамматикалық мағынаның 3 түрі бар.
- 4.Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына беріледі.
- 5.Қосымшалар арқылы берілетін мағына қатыстық грамматикалық мағына деп аталады.
- 6.Ноьдің форма арқылы грамматикалық мағына беріледі.
- 7.Грамматикалық форманың екі түрі бар.
- 8.Морфологиялық категориялар сөз таптарына байланысты емес.
- 9.Грамматикалық категорияның анықтамасы: тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
- 10.Сын есімнің шырай категориясы – грамматикалық категория.
- 11.Грамматикалық мағына семантикалық жолмен беріледі.
- 12.Грамматикалық мағына қосарлау арқылы беріледі.
- 13.Грамматикалық категория сөз таптарының түрленуіне байланысты.
- 14.Ол келді. – “келді” сөзінде КГМ біреу.
- 15..Бала ойнады. “Бала” сөзінің КГМ-сы – заттың атын білдіруі.
Достарыңызбен бөлісу: |