Биологиялық объектілердегі мөлшерлік микроанализ
Белгілі элементтердің 40 шақтысы организмнің тіршілігінде елеулі қаты-настарда роль атқарады. Олар организмдердің құрамында өзгеріске ұшырай-тын және өзгермейтін болып екіге бөлінеді.
Өсімдіктермен жануарлардың құрам бөліктерінің өзгермейтін элементте-ріне сутек, көміртек, оттек, азот және фосфор жатады. Бұл элементтер тірі материяның барлық формалардың құрамында кездесуі және олардың физи-калық құрылымын анықтайды. Екіншілік өзгермейтін элементтерге кальций, магний, натрий, калий, темір, хлор және күкірт жатады. Олардың организм-дегі мөлшері едәуір аз. Екіншілік өзгеретін элементтерге мырыш, титан, ва-надий және бром жатады. Кейбір организмдерде бұлардың мөлшері әжеп-тәуір, ал кейбіреулеріндегі мөлшері анықталмаған, ал кейбір организмдерде бұлар жоқ. Мыс, молибден, марганец, иод, бор, кремний және фтор барлық тірі материяның тіршілік формаларында және табиғаттың өлі формаларында да міндетті түрде болатындар.
Организмдердің микрокомпоненттерінің өзгермелі элементтеріне литий, рубидий, цезий, күміс, берилий, стронций, кадмий, германий, қорғасын, қа-лайы, мышьяк, кобальт, никель және хром жатады. Кейбір организмдерге бұл элементтер өте қажет, ал кейбіреулері үшін у болып саналады. Өсімдіктер-мен жануарлардың кейбіреулерінің микрокомпоненттер ретінде барий, аргон, талий, гафний, селен және алтын элементтері денелерінде кездеседі. Эле-менттердің бұл тобын кездейсоқ ластағыш элементтер тобы деп қарастыруға болады, тіпті кейде тканьдерге патологиялық өзгерістер тудыруыда мүмкін.
Микрокомпоненттердің организмдердің тіршілігіндегі ролі әлі де болса толық зерттелмеген. Оның себептерінің ішіндегі біреуі талдаудың қажетті әдістерінің болмауынан, ол саладағы зерттеулердің нәтижесінің қанағатта-нарлығы еместігі.
Достарыңызбен бөлісу: |