Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет63/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

берті,
келті, тамка, бунта, алты, едку,
т.б. Бүлар қазіргі қазақ айтуында 
берді, келді, тамга — таңба, бунда, енді, игі
түрінде дыбысталады. 
Бірақ осындай тіркестер ол тілде нормалық зандылық болса да, сол 
кездің озінде-ақ ондай тіркестер қүрамындағы дыбыстар бір-бірлеп 
ассимиляциялана бастағаны байқалады. Сол жазбалар тілінде-ақ 
адырылтым
— 
адырылдым, тамқа — тамгах келті — келді, едку — едгу
түріндегі жарыспалы парлар бар. Әрине, соңғы ассимиляцияланған 
варианттар алдыңғылармен салыстырғанда әлдеқайда сирек, бірақ 
кездеседі. Ал одан кейінгі дәуірлер ескерткіштерінде ассимиляция 
ықпалы басым бола бастайды. Біздің бүгінгі тіліміз осы үзақ процестің 
жоғарғы сатыға жеткен түрі.
Коне жазбалар тілінде диссимиляциялық дыбыс тіркестері түбір 
мен қосымша шегінде кездеседі. Ал қазіргі тілімізде бүлар екі буынды 
түбірлер қүрамында орныққан. Соңғы жағдай қазіргі тілдегі осындай 
тіркестермен келетін түбірлер тарихи түрғыдан туынды создер екенін 
дәлелдейді.
Бүл айтылғандардың бәрі қазіргі тіл қүрамында үшырасатын 
диссимиляциялық дыбыс тіркестері тіліміздің өте коне кезендерінің 
орнығып қалған корінісі де, ассимиляция болса осы зандылықтың 
жаңарған жалғасы деп қарауға мүмкіндік береді.
Метатеза. Сөздердің, грамматикалық түлғалардың тарихи дамында
із қалдырған қүбылыстардың бірі — метатеза. Метатеза деп әдетте 
сөздің оз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруын, сойтіп 
соңғы қалпында қалыптасып, орнығуын айтады. Әрине, метатезалық 
қүбылысты айқындау үшін туыстар тілдер мен коне жазбалар тілінің 
фактілерін бүгінгі біздің тіліміздегі сондай фактілермен салыстыру 
қажет. Сонда ғана дыбыстардың орын ауысуын анықтауға болады, 
сол арқылы олардың қандай создермен түбірлестігін, қүрам ы н 
айқындауға мүмкіндік туады.
XI ғасырдың алыбы М. Қашқари озінің атақты еңбегіңде сол заманғы 
түркі тайпалары тіддерінде 
қ
мен 
ч, г
мен 
д, ш
мен 
н, г
мен 
м, г
мен 
л
дыбыстарының түбір соз ішінде метатезалық озгерістерге түсетінін корсе- 
теді. Осы айтып отырған пікірді дәлелдеу үшін 
қарлыгаш, қоңсы, жаңбыр
создерін мысалға келтіреді. Қашқаридың айтуынша, бүл создердің 
бастапқы тура түрі 
қаргылач, қошны, йагмур.
Егер сол бүрынғы сыпатын 
еске алсақ, этимологиялық жақтан қарлығаш созі қар (
қол, иық
мәнінде) 
сөзінен шыққанын, ал 
қоңсьі
созінің 
қос, қосақталу
создерімен түбір- 
лестігін, 
жаңбыр
сөзінің арғы түбірі 
йаг
(жау — етістік) екенін байқаймыз. 
Метатезалық озгерістерді білудің де қажеттігі осында жатыр.
99


ЕКПІН. СИНГАРМ ОН ИЗМ
Екпін. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін сөздің 
соңғы буынына түсетіні белгілі. Бүл ежелгі қүбылыс емес. Түркі соз­
дер! негізінен бір буынды болып, қаркынмен айтылатын қатаң дыбыс- 
тардан басталуы, сондай-ақ поэзиядағы аллитерация қүбылысы, кап- 
кара торізді интенсив формаларының қалыптасуы о баста бір буынды 
создің күшті, қарқынды айтылғандығын дәлелдейді. Бүл жай тек 
қана түркі тілі материалдарымен емес, монгол, тіпті батыста жатқан 
венгер тілі фактілерімен де дәлелденіп отыр. Осыған орай қазіргі 
қазақ тілінің мына фактісі айрықш а назар аударады: бүйрық рай 
түлғасы қарқы нмен айтылса, соңғы буындағы екпін бір буын кейін 
создің басына ыгысады. Қ ы сқасы, создің қарқынмен айтылуы соз 
екпінінің қай буынға түсуіне бейтарап емес. Екпіннің соңғы буыннан 
алға қарай жылжуы сын есімнің интенсив формаларынан да айқын 
байқалады: 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет