сықьірла, шақылдау
мен
шықылдау,
дырылдау
мен
дарылдау
тәрізді
а
мен
ы
сәйкестігіне негізделген
сөздердің өзара м агы н алы қ (кейде м ән ер л ік) айы рмаш ы лы ғы
дауыстылар сәйкестігіне негізделген.
Э. В. С евортян еріндік ж әне езулік дауы сты лар сәйкестігін де
етістіктің қ ү р а м ы н д а к е зд е с е т ін ф л е к с и я л ы қ қ ү б ы л ы с деп
корсетеді. О ны ң айтуынш а, қ а зақ тіліндегі
біт
етістігі мен
бутін
есімінің арасындағы м ағы налы қ айы рм аш ы лы қ (әри н е, тарихи
түбірлер ы ңғайы нда) / езулік дыбысы мен
у
еріндік ды бы сы ны ң
ш ен д есу ін е қ ү р ы л ғ а н . Қ а з ір г і қ а з а қ т іл ін д е е т іс т ік т е р д ің
сем антикалы қ айы рмаш ы лы ғы н дәлелдейтін еріндік ж әне езулік
дауыстылардың сәйкестігім ен қ алы п тасқан етістіктер ж оқты ң
қасы. Бүл қ а зақ тілінде еріндік үндестік заң ы н ы ң өлсіреуіне
байланысты болуы да мүмкін.
139
ТҮБІР СӨЗ ДАМУЫНЫҢ ІЗДЕРІ
Түбірдің тарихи сыпаты. Қазіргі қазақ тілінде
тын, қарт, қария,
айт, кел, кет
тәрізді өр түрлі грамматикалық кластарға жататын
сөздер - түбір (жалаң түбір) деп танылады да,
айтыс, келіс, кетіс,
қарттық, тыныіи
тәрізді сол түбірлерден әр түрлі аффикстер арқылы
жасалған сөздер туынды түбірлер немесе туынды сөздер деп қаралады.
Осы сөздерді өзара салыстырғанда, олардың өз арасында да кейбір
алшақтықтар кездесетіндігі байқалады. Мысалы,
қарт, қария, кәрі —
бүл үшеуіне ортақ морфема
қар-, -т, -йа, -і
белгісіз қосымшалар,
түбір қүрамына қатысы ж оқ элементтер,
айт, айтыс, айқай,
ортақ
түбір
ай-,
сонда айтыс сөзінің қүрамындағы қосымшалар
-ыс
және -
т
элементі, ал
айқай
алдыңғылармен түбірлес екені мағыналық
байланы сы нан корінеді. Кейде бір-бірімен тікелей м ағы налы қ
байланы сы ж о қ сөздерді салы сты ру арқы лы да ортақ түбірді
ажыратуға болады:
кел, кет, кері
сыртқы озгешелік бүл создердің
соңғы дыбыстарында ғана, ал алгашқы беліктері бірыңғай
(ке~), қал,
қайт, қайыр
етістіктерін өзара салыстырғанда да алдыңғы морфемалар
бірыңғай да
(қа-), -л, (й) т-, (й) ыр
морфемалары ғана озгеше болып
шығады. Бүл фактілер кейбір антонимдік қатынасты сөз парларының
қалы птасуы да белгілі дәреж еде арнаулы аф ф и кстер арқы лы
болғандығын корсетеді. Қ ы сқасы , осы азғана фактілер тобына
жасалған талдаудың өзі де (жэне тек бір ғана тіл ыңғайында) қазіргі
тіл нормалары бойынша боліп-жаруға келмейтін жалаң түбір деп
қаралаты н создердің недәуір тобы “м ағы н асы з” түбірлер мен
“белгісіз” қосымшаларға ажырайтындығын корсетеді.
Қ азак тілінің, жалпы түркі тілдерінің түбір морфемасы жайлы
соз қозғалғанда, түбірдің фонетикалық қүрылысы мен сыпаты, аумақ
көлемі жайлы мәселеге соқпай оту мүмкін емес. Мәселе мынада:
түркі создерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болып келеді.
Сөйтіп түбір морфема екінші жағынан буын ретінде де үғынылады.
Сондықтан да алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін үғымдар сол түбірді
қүрайты н буынның сыпаты жайлы үгыммен тығыз байланысты
болады.1 Л ексикалық қордың үйтқысы бір буынды түбірлер болуы
тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің
1
Түркі түбірлсріиің буыіщық қүрамы туралы түркологтардың қайсысы
да соз қозғаган. Дегенмен, сол пікірдіц жиынтық қорытындысы рстінде
Н. А. Баскаковтын “Введение в изучение тюркских языков” (М., 1969) дейтін
белгілі еңбегінің III тарауын қараған мақүл.
140
ортақ ерекшелігі болып табылады. Бүл ерекшелік, яғни байырғы
түбірдің бір буындылыгы, қазіргі түркі тілдерінің бойында да
сақталған. Қазіргі қазақ тілінің создік қорында бір буынды түбірлер,
екі томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” бойынша 60 процентке
жуық, яғни, қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының жарымынан көбі
тек қана бір буынды түбірлер. Сөз топтары ыңғайынан қарастырғанда,
етістіктер қүрамында бір буынды түбірлердің саны екі буындыларға
қарағанда әлдеқайда аз, бірақ сол азғана топ бір буындылар барлық
етістіктердің үйтқысы болып отырады.
Бір буынды түбірлер аффиксацияның нәтижесінде коп буындыға
(екі буынды, кейде үш буынды) айналып, кейін осының өзі түрақты
қүбылысқа айналған. Қазіргі тілдегі екі буынды байырғы түбірлердің
к о б ісі-ақ жай коздің өзіне де байы рғы түбір м ен қосы м ш аға
ажырайды. Мысалы,
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |