тіл қүрамында жалгаулардың пайда болып, молаюы және етістіктердің
меңгеру қабілетінің озгеріп, кеңеюі. V—VIII ғасыр ескерткіштері
тілінде шылаулар өте аз. Сондықтан септік жалғауларының шылаулар
жетегінде қолданылуы аса сирек үшырайды. Ал кейінгі дәуірде
шылаулардың сан жағынан молаюымен бірге, септік жалғауларының
да семантикалық саралануы күшейеді. Осындай өзгерістің екінші
бір түрі етістіктердің меңгеру қабілетінің дамуымен байланысты
болған. Көне түркі тіліндегі жиі үшырасатын, септік жалғаулардың
“жүйесіз” алмасып қолданылуының азайып, белгілі бір жүйеге түсуі
де етістіктердің меңгеру қабілетінің сараланып, жіктелуімен тығыз
байланысып жатады. Мысалы, көне түркі тілінде атау мен табыс,
жатыс және барыс септіктерінің “жүйесіз” алмасып қолданылуы бар.
Кейінгі даму барысында сол етістіктер әлгі септіктердің тек біреуімен
ғана қолданылатын болған.
Қазіргі тіліміздегі септік жалғаулардың аргы кезендегі пішінін,
ең алдымен, ескерткіштер тілінен көреміз. Алайда осы арада мына
бір ерекш еліктерді айту керек. Тарихи салыстырмалы әдісімен
іздестірілуі м ү м к ін сеп тік ж ал ғау лар д ы ң б әр і бірдей ежелгі
ескерткіштер тілінде қолданылатын (живые) қүралдар қатарында
үшыраса бермейді. Ол тілде де іздестірілетін жалғаулардың кейбірі
түбірмен бірігіп кеткен “олі” қосымш а түрінде ғана кездеседі.
Қазіргі түркі тілдеріндегі, солардың бірі қазақ тіліндегі септеу
категориясын тарихи барлауда сүйенетін тірек — көне түркі тілі, сол
тілдің бізге жеткен ескерткіштері екені белгілі. Ол тілдің фактілері
түркі тілдерінің коне дәуірлерінде септелудің үш түрлі жүйесі
болғандығын дәлелдейді. Ондай жүйелер: жай септеу, тәуелдеулі
сөздердің септелуі және есімдіктердің септелуі. Көне түркі тілінде ілік,
табыс септіктері ыңғайында зат есімдер мен есімдіктер септелуінің
арасындағы айырмашылық, табыс, барыс септіктер ыңғайында жай
септеу мен тәуелдеулі септеу арасындағы айырмашылық байқалады.
Алайда сол дәуірде-ақ, яғни, коне түркі дәуірінде-ақ, бүлардың
арасындағы, өсіресе, зат есімдер мен есімдіктер септелуіндегі шектелу
жойыла бастаса керек. Сол жазбалардың тілінде де зат есімге жалғануға
тиіс жалғаудың есімдіктерге не керісінше қолданылуы үшырайды.
Екінші созбен, сол тілде-ақ жоғарыда айтылған айырмашылықтар
жеке-жеке өз аясында қалмай, бірінің белгісі екіншісіне ауыса, араласа
бастауы байқалады.
1 Бүл қүбылыс туралы:
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: