аталады. Сонда, айналып келгенде, синкретизм тарихи омонимдер
болып шығады. Ал омонимдердің қазіргі күйі, яғни, олардың қазіргі
тілдегі дербестігі ежелгі қүбылыс емес, создер мен морфологиялық
формалардың тарихи дамуының жемісі. Синкретикалық түбірлердің
пайда болуын конверсия қүбылысының нәтижесі деп қарауға әсте
болмайды. Өйткені түркі тілдеріндегі сөздердің бір кездегі екі
жақтылығы сол күйінде қалып қойған жоқ, әрі қарай екі бағытта
бір тобы есімдер, бір тобы етістіктер болып, арнайы морфологиялық
түлғаларға жіктеліп дамыды. Кейде түркі тілдерінде конверсияның
екінш і түрі — Богородицкий айтатын ф он ети калы қ конверсия
қүбылысы үшырасатыны бар. Негізі де, семантикасы да бір-біріне
ешбір үқсамайтын создер фонетикалық өзгерістің нәтижесінде бір ғана
сипат алады. Синкретикалық түбірлер бүл қүбылысқа да жатпайды.
Түркі тілдерінде ортақ синкретикалық етістіктер мен есімдер
қүрамында да фонетикалық озгерістер болып отырады. Бүл жай
әсіресе түркі тілдері дамуының соңғы кезендеріне қатысты. Айталық,
түркі тілдерінде сөз соңындағы
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: