4
Практикалық сабақ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Тәжірибелік сабақ № 1
Тақырып :
Боксшының бастапқы қалыпы
Сабақтың мақсаты:
Боксшының рингтегі бастапқы қалпы деп, оның шабуылға шығуға
немесе бәсекелесінің әрекетіне қарай қорғанысқа көше білуіне, яғни қарсыласының әр
қимылына қарсы тұрарлық әдіс қолдама алуына қажетті ең қолайлы жағдай айтылады.
Боксшының алғашқы турысы шабуыл ушін де, қорғаныс үшін де өте ыңғайлы болып, езін
еркін үстауы керек. Рингтегі жекпе-жекте боксщыға үнемі өте сақтық қажет Ол
қарсыласының әр қимылын назардан тыс қалдырмауы тиіс. Рингтегі әріптесінің
шабуылды ұйымдастыруға дайындығын ертерек аңғарып, соның алдын алуы немесе оны
қорғанысқа көшуге мәжбүр етуі жөн.
Боксшының рингтегі бастапқы қалпы қарсыласының әр қимылына байланысты жиі
өзгеріп отырады. Қол, аяқ, дене қимылдары шабуылға немесе қорғанысқа дайындық
кезінде қарсыласының іс-әрекетіне байланысты өзгереді. Сондықтан рингте көптеген
жекпе-жек еткізген боксшының бастапқы қалпында да өзіндік ерекшелік болады. Бұл
оның үш раунд бойы шыдамдылығын толық көрсетуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: