5
Тәжірибелік сабақ № 2
Тақырып : Қапталдан жасалатын соққылар
Сабақтың
мақсаты:
Қапталдан жасалатын соққылар алып және орта
арақашықтықтарда пайдаланылады. Егер боксшы қарсыласымен арақашықтықты
жақындатқысы келмесе, осындай соққылар жиі қолданылады. Немесе қарсыласының
қорғанысын бұзуға арналады Сонан кейін орта және жақын қашықтықтарда шабуылды
жалғастыруға болады. Қапталдан жасалатын қысқа соққылар — бокстағы негізгі
соққылардың бірі. Себебі мұндай соққы кезінде нысананың жақын болатындығы сондай,
қарсылас соққы берген қолдың жылдам қозғалысын барлық уақытта бірдей байқай
алмаймыз. Соққы беретін қолдың қолының қысқалғы, соған байланысты иық бұлшық
еттерінің қатаюы соққының күшін арттырады. Мұндай қысқа соққылар нысанаға нық
тиеді. Қапталдан жасалатын қысқа соққылар қысқа арақашықтықтағы шабуылды немесе
қарсы шабуылды одан әры дамытады. Қысқа соққылармен алыс және орта
арақашықтықтардан да шабуылдауға болады. Ол үшін боксшы жылдам қадамдар жасап,
қапталдан жасалатын қысқа соққыларды шабуылға және қарсы шабуылға тиімді
пайдалану үшін, оны рингтің әр жағына қозғала жұп жасауды жете үйренуі керек. Сол
қолмен басты қапталдан соғуды, әсіресе, сол қолмен жақсы жұмыс істеуді боксшылар көп
пайдаланады. Ондай боксшы үшін қарсыласының сол қолы қауіпті. Жақын жерден сол
қолмен басқа немесе денеге бағытталған жұдырықтан қорғану өте қиын. Сол себептен әсіресе
қысқа соққыпарды боксшының ұпай қорын арттыруға да қосар үлес көп. Сол қолмен басқа
жасалатын ұзын және қысқа соққылардың арасынан сол аяқпен алға бір аттап жүзеге
асырылатын соққылар негзінен шабуылдар қолданылады. Боксшы шабуылды көбіне тек
осындай соққылармен ғана жасайды. Сонымен қатар қапталдан жасалатын соққылар
қарсыластың қорғанысын бұзу үшін де пайдаланылады. Қапталдан сол қолмен жасалатын ұзын
соққылар қазір бокста жиі қолданылады. Оны рингке шығып, тәжірибе жинақтаған
боксшылардың бәрі де ұнататынын біз күнделікті жарыстардан көріп жүрміз. Бұл соққыны
жасағанда алғашқы қимыл оң аяқтан басталады. Созылған оң аяқтан дененің салмағы алға
аттауға көтерілген сол аяқка тез ауысады. Сол қозғалыспен қабаттаса сол қол алдымен
төмен түсіріледі, сонан кейін ол төменнен доға жасап, қарсыластың басына қарай жұмсалады.
Қолдың осындай әдіспен нысананы көздеуінен, дене де оңға қарай бұрылады. Міне осы
қозғалыстың бәрі соққының күшін арттырады. Бұл кезде оң қол басты және денені
қарсыластың қарсы соққыларынан қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: