Гуманитарлық факультет


Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы



бет41/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

1. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы


2. 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы

3. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы


Тірек сөздер: даму, тұжырымдама, стратегия.

Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың  2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

ҚР Президентi

Дамыған елдерде кең тараған «E-learning» электронды оқыту жүйесін меңгере бастадық. Оның құқықтық және методологиялық базасы қалыптасуда. 44 білім беру ұйымында «E-learning» пилоттық жобасы басталды. 2012 жылы олардың санын 537-ге жеткізіп, жылдамдығы жоғары (секундына 4-тен 10 Мбитк) Интернетпен қамтамасыз етуіміз қажет.


Электронды білім беру ресурстарын кеңейту мақсатында «Білім беру жүйесін ақпараттандыру» атты IV Форум өткізілді. Онда 14 шетелдік және 24 отандық компания өкілдері өз әзірлемелерін көпшілік назарына ұсынды. «E-learning» жүйесін тиімді енгізу үшін Министрлік аппараты, облыстық білім басқармалары осы жылдың өзінде пилоттық жобаға жан-жақты талдау жасауы қажет. Осының негізінде және әлемдік практиканы ескеріп, «E-learning» концепциясын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру керек. Әлемде электронды оқыту қарқынды даму үстінде, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар аса қажет. Өзекті міндеттердің бірі – білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне сүйеніп «E-learning» жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамыту. Министрлік бірнеше жаңа орталықтар құрды. Ақпараттық-талдау орталығы жұмыс істей бастады. Бұл орталықтың басты міндеті – мемлекеттік бағдарламаның орындалуына талдау жасау. Мемлекеттік білім беру саясатын әлемдік тәжірибемен салыстыра отырып, мониторинг жүргізу.
Бірақ Орталықтың жұмысы баяу жүргізілуде. Сондықтан дереу іске кіріскен жөн.Ол үшін Орталық пен Министрліктің бөлімшелері арасындағы байланыс механизмін жасау қажет.Сонымен қатар, Болон процесі және академиялық мобильдік орталығы құрылды. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында және аймақтық білім жетілдіру институттарының жанынан шағын жинақты мектептерді дамытатын республикалық орталық құрылды. «Ғылым туралы» Заңға сәйкес, Елбасы ұсынған ғылымды басқарудың жаңа моделі іске асырылды. Ұлттық ғылыми кеңестер, Мемлекеттік ғылыми – техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылды.
Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың, ғылым-білім саласын жаңғыртудың ауқымды институционалды базасы жасалды. Мемлекеттік бюджеттен білім беруге бөлінетін қаржы көлемі 2011 жылы 203 млрд. теңгеге өсіп, 1 триллионнан астам теңгеге жетті немесе ішкі жалпы өнімнің 3,8%-ын құрады. 279,5 млрд. теңгені құрайтын Министрлік бюджеті 99,3 %-ға орындалды. Алайда, қаржыландыру мәселесінде біз әлі күнге дейін бухгалтерлік функцияларды атқарып жүрміз. Қаражатты салу тиімділігін арттыру үшін экономикалық жоспарлауға көңіл бөлу қажет. Сондықтан, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде міндетті түрде Министрлік мамандары қатысуы тиіс.

ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының құрылымы:

1. Кіріспе

2. Ағымдағы жағдай және білім беруді

дамытуды тежейтін факторлар

3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

4. Білім берудің деңгейлері мен мазмұны

4.1. Деңгейлері

4.2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

4.3. Орта білім беру

4.3.1. І саты – бастауыш білім беру

4.3.2. ІІ саты – негізгі білім беру

4.3.3. ІІІ саты – орта білім беру

4.3.3.1. Бейіндік оқыту

4.3.3.2. Техникалық және кәсіптік білім беру

4.4. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру

4.5. Жоғары білім беру

4.6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер

6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет