Проблемалық оқытудың технологиясы дұрыс, тиімді қолданылған кезде оқушылардың ойлау – таным қызметін дамытуға, өздігінше жұмыс істеу біліктерін қалыптастыруға, қоршаған ортада болып жатқан қоғамдық – саяси өзгерістерге өздігінше баға беруге жаттықтырады. Проблемалық оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін проблемалық ситуация туғызу керек.
Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі - оқулықтағы оқу материяның құрылымы үнемі сәтті бола бермейді, соның салдарынан тақырыптың оқу мақсатын жобалауда, нәтижеге жету де қиындық туғызады. Бір модульде дәстүрлі сабақ, лекция, семинар, қорытып – қайталау сабағы болу мүмкін. Басты дидактикалық мақсат - әрбір оқушының жоспарлаған нәтижеге жетуін қамтамассыз ету.
Дамыта оқыту тарихты оқытуда көп уақыттан бері пайдаланылып келеді. Оларды дұрыс, тиімді пайдаланған уақытта оқушылырдың ойлау, таным қызметін ойдағыдай дамытуға, шығармашылықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін жетілдіруге мүмкіндік туады. Тарихтағы әр кезенде болған ұқсас тарихи оқиғаларды, құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, айырмашылықтардың болу себептерін анықтау сиақты тапсырмалар бұған өте қолаилы. Тарихтағы жеке көрнекі қайраткерлердің атқарған қызметін толық ашып көрсету, оларға өздігінше баға беру сиақты тапсырмалар да осындай сипаты бар жұмыс түрлеріне жатады.