9. Бар дүниені бір принциптік негізде түсіндіру: A) дуализм
B) экзистенционализм
С) монизм
Д) геосаясат
E) реализм
10. Философияның негізгі сұрағын екі жақтан шешу ол: А. Онтологиялық және гносеологиялық жақтан
В. Дуализм, деизм жақтан
С. Эмпиризм, рационализм жақтан
D. Идеализм, материализм жақтан
E. Сенсуализм, релятивизм жақтан
№ 2 дәріс.
Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары. Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі Дәрістің қысқаша мазмұны: Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтті:
Б.з.д. VIIғ.-б.з.ІІІғ.- ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы;
ІІІ-ХІХ ғ.ғ. Үндістаннан Қытайға буддизмнің (б.з.ІІІғ.)енуі және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы;
ХХІ ғ.-қазіргі заманғы кезең- Қытай қоғамының біртіндеп ашыла бастауы, қытай философиясының еуропалық және дүние жүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.
Қытайдағы ежелгі ұлттық философиялық ілімдер:
даосизм;
конфуцийшілдік;
легизм.
Онша көп таралмаған ілімдер:
моизм;
натурфилософия;
номинализм.
Қытайға буддизм (ІІІ ғ.) енгеннен кейінгі және ХІХ ғ. соңына (екінші кезең) дейінгі қытай философиясының негізін қалаған ілімдер:
чань-буддизм (ұлттық қытай буддизмі);
неодаосизм;
неоконфуцийшілдік.
ХХ ғасырда қытай ұлттық философиясы мына әлемдік философиялық идеялармен байыды: