дүниенің жаратылуы Құдайдың қалауының, ерігінің нәтижесі;
дүние Құдайдың құдіретімен тұр;
табиғат өздігінен өзін жарата алмайды;
Әлемдегі жалғыз жасампаздық бастама-Құдай;
Құдай мәңгі, тұрақты және бәрін білуші;
нағыз болмыс тек Құдай болып табылады;
Құдай жаратқан дүние нағыз болмыс емес, ол Құдайдан пайда болған, туынды;
дүниені Құдай жаратқандықтан, дүние өзіне-өзі ие емес, тұрақсыз, өзгермелі және уақытша;
Құдай мен Оның жаратқанының арасында шек жоқ, шекара жоқ.
Аян догматы:
дүниені тек Құдайды тану арқылы тануға болады;
таным үшін Құдай тылсым (Құдайға біліммен жете алмайсың);
Құдайды тануға болмаса да, Ол Өзін аян арқылы - Інжілде (өзі туралы ізгі хабар) Өзін тануға мұрсат берді;
Құдайды және барлық мәнділікті танудың жалғыз жолы -Інжілді ұғу;
Құдайды тек сенім арқылы тануға болады.
Ортағасырлық философияда қайырымдылық пен зұлымдылық(жамандық пен жақсылық) мәселесі де қарастырылды;
Қайырымдылық пен зұлымдық мәселесінің шешімі жаратылу идеясынан туындайды:
дүниедегі барлық шарапат Құдайдан;
Құдай қайырымдылық пен әділетілікті беруші, демек қоршаған дүние басталуынан қайырымды;
дүниеге залымдықты күнәқар періште-ібіліс әкелді, ол Құдайға қарсы шықты;
бастапқы дүниеде зұлымдылық болмағандықтан, ол жиі қайырымдылықты бүркініп өзінің қара мақсатарына жетеді;
дүниеде қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі толастамайды, бірақ дүниені Құдай жаратқан, Құдай мейірімді, сондықтан түбінде қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.
Патристика (лат.patres -әке)-II-VIIIғ.ғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.
Патристика шеңберінде мына кезеңдерді атап өтуге болады: