СОФИСТЕР ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ СОКРАТ.
Софистер б.з.д. V- IV ғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды. "Софистер"- грекшеден аударғанда "даналық ұстаздары" дегенді білдіреді.
Софистерді екі топқа бөледі:
аға софистер (б.з.д. V ғ.)-Протогор, Горгий, Гиппий, Продик, Антифонт, Критий;
кіші софистер - Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.
Софистерге тән сипаттар:
дүниедегі шындыққа сыни көзқараспен қарау;
бәрін практика жүзінде қадағалау, кез келген ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық дәлелдеу;
ескі, дәстүрлі өркениет құндылықтарын қабылдамау;
дәлелденбеген ескі ереже, қағидалар, дәстүрлерді терістеу;
мемлекет пен құқықтың шарттылығын, кемшіліктерін дәлелдеуге ұмтылды;
ақиқаттың, білімнің салыстырмалылығы туралы ойды шегіне жеткізу;
мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы шын деп, шындықты жалған деп айтыста қарсыласын жеңу;
пікір айтуда шегіне жеткен субъективизм, әрі релятивизм.
Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) -адамзаттың бірінші ұстазы, Платон шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған. Оның әкесі Никомах-Македония патшасы Аминта III-тің қарамағындағы дәрігер болған. Ғылыми әдебиетте Аристотельдің көптеген лақап аттары кездеседі: Стагирит- туған қаласының кұрметіне, Никомах -әкесінің құрметіне, Перипатетик - мектебінің құрметіне сай аталған. Аристотельдің философиялық баянды қызметін үш кезеңге бөлуге болады:
б.з.д. 367-347 ж.ж. (20 жыл)-17 жасынан бастап Платон Академиясында (Платон қайтыс болғанша) қызмет етті;
б.з.д. 347-335 ж.ж. (12 жыл)-патша Филипптің шақыруымен Пелле-Македония мемлекеттінің астанасында өмір сүрді; Александр Македонскийді тәрбиеледі;
б.з.д. 335-322 ж.ж. (13 жыл) - өзінің философиялық мектебі - Ликейді (перипатетикалық) құрды. Осында өмірінің соңына дейін қызмет етті.
Аристотельдің атақты шығармалары: "Органон" - оның құрамында-"Категориялар"; "Түсіндірмелер"(пікірлер), "Аналитикалар"-тұжырым туралы ілім (силлогизмдер), дәлелдеме туралы ілім; "Топика"- ықтималды дәлелдемелер және диалектика туралы, "Софистикалық дәлелдемелерді жалғандау"; "Метафизика", "Физика", "Аспан туралы", "Жануарлардың түрлері", "Жан туралы", "Никомах этикасы", "Риторика", "Саясат", "Афиндік полития", "Поэтика" және т.б.
Аристотель әмбебап ғұлама-логиканың, философияның, психологияның, биологияның, саяси экономияның, этика, эстетика, өнер теориясының және т.б. көптеген ғылымдардың негізін салды.
Достарыңызбен бөлісу: |