Сократтық (классикалық) кезең философтары да табиғат пен Ғарыш мәнін түсінуге ұмтылды, алайда олар философиямен "сократқа дейінгілерден" тереңірек айналысты:
алғашқы бастаманы іздеуге көп көңіл бөлмеді;
табиғат пен Ғарышты жаратуда, Құдай мен идеялардың қатысы бар болуын жоққа шығармады;
мәнділіктің пайда болуының идеалистік тұрғысы қалыптасты;
адам, қоғам, мемелекет мәселелері қызықтыра түсті;
практикалық философиялық- ағартушылық қызмет жүзеге асты (софистер мен Сократ).
Эллиндік кезең- (полистің дағдарысқа ұшырауы, Азия мен Африкада ірі мемлекеттердің пайда болып, Александр Македонский мен оның ізбасарларының билігі) философиясына тән белгілер:
киниктердің антиқоғами философиясының белес алуы;
философияның стоикалық бағытының пайда болуы;
"сократтық" философиялық мектептердің қызметі: Платон Академиясы, Аристотель Ликейі, кирендік (киренаиктер) мектебі және т.б.;
Эпикур философиясы және т.т;
Эллиндік философия ерекшеліктері:
антикалық мораль мен философиялық құндылықтардың дағдарысы;
құдайлар мен өзге де дүлей күштерді сыйлау және олардан қорқудың, үрейдің бәсеңдеуі;
бұрынғы өткен ғұламаларды терістеу, мемлекет пен оның институттарына немқұрайды қарау;
тән мен жан сүйенішін өзінен табу, іздеу;
шындықтан алшақтап, қиялға берілу;
дүниеге материалистік көзқарастың үстем болуы (Эпикур);
ең жоғарғы игілік - жеке адамның ләззаттануы мен бақыты деп ұғыну (тәндік-киренаиктер, моральдік - Эпикур).