ежелгі грек және ежелгі рим философиясының өзара ықпалы (ежелгі грек философиясы римдік мемлекеттіліктің шеңберінде дамып, оның ықпалында болды, сол сияқты ежелгі рим философиясы ежелгі грек философиялық дәстүр мен идеялардың жалғасы болып табылды);
ежелгі грек және ежелгі рим философиясының шын мәнінде бірігіп, антикалық философияға айналуы;
антикалық философияға жаулап алған елдердің (Шығыс, Солтүстік Африка және т.б.) философиялық дәстүрлері мен идеяларының ықпалы;
философияның, философтардың мемлекеттік институттарға жақындығы (Сенека рим императоры Неронды тәрбиеледі, Марк Аврелий өзі император болды);
қоршаған дүние, табиғат мәселелеріне көп көңіл бөлінбеді;
эстетиканың гүлденуі (оның пәні ойлау мен адам қылығы философиясы болды);
стоикалық философияның шарықтап дамуы; ең жоғары игілік пен өмір мәні тұлғаның рухани дамуы, білімпаздығы, өзін өзі ұстай білуі, бейқамдығы (атараксия, жабайрақаттылығы) болып танылды;
адам қоршаған дүниеден бөлінбей, табиғат бөлігі болып ұғынылды;
философиядағы екі бағыт қалыптасы-"Платон бағыты" және "Демокрит бағыты"
Атомистер -материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер - "атомдар" деп білді.
Атомистердің негізгі өкілдері - Левкипп пен Демокрит (б.з.д. 460ж.)
Демокрит ілімінің негізгі қағидалары: