Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды


Ишпақай – біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 674 жылы қаза тапқан скифтер көсемі, қазақ даласының перзенті, ғұламасы. Майқы би Мәнұлы



бет45/79
Дата18.08.2022
өлшемі0,99 Mb.
#148135
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79
Байланысты:
Философия силлабус

Ишпақай – біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 674 жылы қаза тапқан скифтер көсемі, қазақ даласының перзенті, ғұламасы.

  • Майқы би Мәнұлы – Хижра жыл санауынан 711 жыл бұрын туып, 800 жылы дүниеден қайтқан. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» өз заманында бүткіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстіне әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты.

    Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845.10.08 – 1904 ж.) – қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер философы, қазіргі заман қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы, композитор, қазақ мәдениеті Ренессансының көрнекті классигі.
    Абайдың философиялық көзқарасы дегенде, ең алдымен оның философиялық жүйе құрастырмағаны, тіптен арнайы философиялық трактат жазбағаны белгілі. Сондықтан Абайдың дүниетанымынан жүйеге келтірілген гносеологиялық принциптер мен бір негізге құрылған философиялық концепцияларды іздеудің қажеті жоқ. Абай дүниетанымын әлемдік философиялық жүйе, тұжырымдарға сәйкестірмей, өзінің шығармашылығынан қарастырған дұрысырақ болар.
    Абай ғылым мен танымның мақсатын көрсетті:

    • ақиқатты тану;

    • пайдалы мен зиянды ажырата білу;

    • адамды адам ету;

    • әрдайым өлшемді, шаманы білу, сақтау;

    • ақыл-оймен Алланы, яғни Даналық – Махаббат - Әділетті тану.

    • Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 – 1931). Шығармалары: «Үш анық», «Шежіре», «Мұсылмандық шарты» және өлеңдері.

    Үш анық:

    • Сенім ақиқаты. Алланы тану және жанның өлмеуі;

    • Ғылым ақиқаты. Сезімдік қабылдау және рационалдық ойлау;

    • Жан ақиқаты – ұждан. Ұждан: ынсап - әділет – мейірім.

    Шәкәрім біріншіден – онтологиялық жолындығы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет