Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Горфункель А.Х. Философия Эпохи Возрождения. Л., 1980.
4. Лосев А.Ф. Эстетика Возрождения. М., 1978.
5. Рутенбург В.И. Титаны Возрождения. Л., 1976.
6. Данте А. Божественная комедия. М., 1967.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.
Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.
Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:
еңбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталистік қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;
сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;
ұлы жағрапиялық жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан);
ғылыми-техникалық жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.);
ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;
ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;
Шіркеу мен схоластикалық философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.
Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:
антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;
мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;
гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытқа деген құқын анықтай бастау;
антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;
пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;
аристотелизм, платонизм, стоикалық және Эпикурлық философиясы ойларының модификациясы;
дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.);
Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;
индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;
әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;
философиялық ойлаудың антифеодалдық, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.
Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі бағыттары:
гуманистік;
неоплатондық;
натурфилософиялық;
реформациялық;
саяси;
социалистік- утопиялық.
Соңғы үш ағымды "әлеуметтік - саяси бағыттар" деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |