ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ
1 тақырып. Археология ғылымы және оқу пәні – 1 сағат.
Дәріс мақсаты. Археология ғылымының даму тарихы және оның пән ретінде қалыптасуын баяндап, осы ғылымның салалары мен бөлімдерін жіктеп, түсіндіру.
Негізгі сұрақтар:
Археология ғылымы және оның қалыптасуы
Археология пәні
Археология ғылымының салалары мен бөлімдері
1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы. Археология – тарих ғылымдарының негізгілерінің бірі. Ғылым аты ãðåêòiң archaios- êөíå және logos- ғûëûì ñөçдеріíåí øûққàí. Негізінен алғанда зàòòûқ äåðåêòåìåëåðãå ñүéåíå îòûðûï, àäàìçàòòûң àðғû äәóiðëåðií çåðòòåéòií ғûëûì.
Бастапқыда «археолог» деп көне дәуірлермен шұғылданған зерттеушіні атаған. Алғашқы қазба жұмыстары (көне замандардағы және орта ғасырлардағы көнеліктерді жерден қазып алуды көздеген патша және билеушілер әрекеттерін есептемегенде) ХVІІІ ғасырдың басында жүргізілді /1711 ж./. Ол кезде Италиядағы антик заманның Помпей қаласын аршып алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар бастапқыда шұңқырлап қазу сияқты ғылыми әдістер әлі қалыптаспаған заманда басталса да, заман өте зерттеудің жетілген үлгілері қолданысқа енеді. Бұл орайда XIX ғасырдағы итальян археологы Фиорелли үлкен еңбек атұарды. Жерорта теңізінің жағалаулары мен аралдарында, континентті Европада және Азияның, Африканың жекелеген аймақтарында жүргізілген қазба жұмыстары археологияны ғылым ретінде қалыптастырды. Жазу мәдениеті шыққанға дейінгі алыс замандар осы жолмен зерттеле бастады, археологияның зерттеу әдістері молығып, ұғымдары анықталды.
Теориялық археологияны дамытуда, қола ғасырын тануда скандинавиялық зерттеушілер Томсен, Ворсо, Монтелиус, ал ертетасты зерттеуге француз Мортилье ерекше үлес қосты. Өзге бір археологтар сенсациялық жаңалықтар ашты. Мәселен, ағылшын Эванс Жерорта теңізіндегі қола ғасырының Крит мәдениетін ашты. Неміс Шлиман аңызды Троя қаласының орнын Түркия жеріндегі Ғиссарлық төбесінен тапты. Қазу жұмыстарының ғылым қалыптастырып келе жатқан әдістерін қаражат иесі Шлиман ескермей, ескерткішке көп нұқсан келтірсе де, ол археологияға деген өз қызығушылығын өзгелерге де, әлем жұртшылығына да дарыта білді. ХIХ ғасыр соңында көне Троя қаласын археолог Дерпфельд дұрыс зерттеп, Шлиманның қателерін түзеді. Сөйтіп, жер бетіндегі өткен замандардың таңғажайып өркениеттері көпшілікке әйгілі болды, тас ғасыры, оның кезеңдері, қола дәуірі, ертетемір туралы түсініктер әдебиетке енді.
Ресейдегі алғашқы археологиялық зерттеулер барлау сипатында 18 ғасырдың бірінші ширегінде жүргізіле бастады. Бірінші Петр заманында және одан кейін көнеліктер іздестірілді және соған байланысты көптеген ескерткіштерге нұқсан келтірілді. Көнеліктерді төбешілер (бугровшиктер) тонады. Жағдай ІІ Екатерина заманында ғана оңала бастады. Орыс жеріндегі қорғандар да әуелі дұрыс зерттелмей, шұңқырлап қазып, заттар ғана іздестірілді. Патшалық Ресейде ғылыми әдістерді археологтар Городцов, Фармаковский, Спицын сияқты зерттеушілер орнықтырды.
Қазақстан жерінде алғашқы қазба жұмыстарын әйгілі ғалым В.Радлов жүргізді. 1865 жылы ол Шығыс Қазақстанда, Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысындағы Үлкен Берел қорғанын қазды.
Кеңестік замандағы Қазақстан археологиясының негізін салушы зерттеушілер қатарында Әлікей Марғұлан, Сергей Черников, Кемал Ақышев, Әбдіманап Оразбаев, Мир Қадырбаев бар.
2. Археология пәні.
Àðõåîëîãèÿíûң íåãiçãi åðåêøåëiктері:
Өткенді зàòòûқ äåðåêòåìåëåð негізінде çåðòòåó.
Арғы, негізінен алғанда, жàçó øûққанғà äåéiíãi çàìàíдарды тану.
Àðõåîëîãèÿëûқ áàðëàó және қазба жұмыстарын жүргізу, сол арқылы өз мәліметтерін толықтыру.
Өзіндік зерттеу әдістері бар.
Археология, сонымен, арғы дәуірлерді зерттеуді қолға алды және ол дәуірлерді танудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Бүкіл тас ғасыры, көптеген аймақтардағы мыстытас, қола ғасыры, ертетемір заманы, ерте орта ғасырлар тек қана археологиялық мәліметтер арқылы, археологиялық зерттеу әдістерінің күшімен зерттеледі. Сонымен бірге, жазу мәдениеті дамыған аймақтар мен замандар үшін де археология тарихты тануға өзінің зор үлесін қоса алады. Бұл жағдайды есепке алғанда, археология тарихты тарих ғылымы дамыған орталықтарда жасалған жазба деректемелер арқылы жазудың олқылығын толықтырады, тарихи даму туралы мейлінше әділ қорытындылар жасайды.Көíå ìәäåíèåòòi, êөíå òàðèõòû, көíå çàìàíäû êөëеìäi сипаттаумен қатар, кейінгі замандардағы құбылыстар мен материалдық мәдениет белгілерін ашуға да àðàëàñàäû.
3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. Зерттелетін дәуірлерге байланысты, аðõåîëîãèÿ ғûëûìûíûң салалары қалыптасқан.
Әуелгі немесе ең көíå çàìàí àðõåîëîãèÿсы. Негізінен, тас ғасырымен шұғылданады. Тас ғасырының кезеңдерімен шұғылданатын салалары: ертетас, ортатас пен жаңатас археологиясы. Сонымен бірге, мыстытас, қола ғасыры археологиясы да осы салаға жатқызылады.
Àíòèê íемеñå êëàññèêàëûқ àðõеология åðòåòåìið, àíòèê çàìàíдарûíûң åñêåðòêiøтерін зерттейді. Біздің жағдайда – ежелгі көшпелілер археологиясы.
Îðòàғàñûðëûқ àðõåîëîãèÿ. Қазақстан жағдайында ортағасырлық қалалар мен көшпелілер мәдениеттері археологиясы.
Зерттеу кезеңдері бойынша белгіленетін салалар:
Далалық археология. Ол ескерткішті орналасқан жерінде (жер бетінде, топырақ қабатында, су астында) барлап және қазып зерттейді.
Лабораториялық (зертханалық) археология. Зертханаларда, ғылыми- зерттеу мекемелерінде әр сала мамандарының қатысуымен жүргізіледі. Заттардың, деректемелердің физикалық, химиялық құрамы, ерекшелік қасиеттері танылады.
Теориялық археология. Зерттеулер қорытындыланады, тарих ғылымына қатысты жаңалықтар айтылады. Мұны кейде кабинеттік археология деп те атайды, өйткені бұл зерттеу кезеңінде археолог кәдімгі тарихъшы сияқты жұмыс істейді.
Зерттеу әдістеріне байланысты да археологияның жеке салаларын белгілеуге болады:
Дәстүрлі археология. Бұл 18-20 ғғ. басындағы зерттеу әдістерінің және оны дамыту негізінде жүргізілетін зерттеулер.
Әуе археологиясы. Ескерткіштерді ұшақ, тік ұшақ арқылы зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталады ( ағылшын Кроуфорд), ал ғарыш аппараттары арқылы зерттеу осы күндері басталған.
Су асты археологиясы. Теңіз жиектерінде (шельфтік аймақтар), көл, өзен астында қалған құрылыстар мен заттарды, суға батып кеткен кемелерді зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталған (француз Пуадебар).
Ғылым саласы, оқу пәні ретінде археологияның бөлімдері:
Археологияға кіріспе. Негізгі деректемелері, ескерткіш түрлері, зерттеу әдістері қарастырылады және үйретіледі.
Археология тарихы.
Археологиялық мәдениеттер (әлем, құрлық, аймақтар шеңберінде оқытылуы). Қазба адамдар, ең байырғы археологиялық мәдениеттерден бастап уақытнамалық ретпен мәдениеттердің алмасуын, олардың өзіндік түрлі белгілерін қарастырады.
Жеке бір мемлекет археологиясы. Археологиялық мәдениеттердің уақытнамалық ретпен белгілі бір мемлекет шеңберінде қарастырылуы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Археология сөзінің мағынасы не?
Археологияның салалары қандай?
2 тақырып . Археологиялық деректемелер және ескерткіштер – 2 сағат.
Дәріс мақсаты. Археологиялық ескерткіштерден алынған заттар және қалдықтар археологиялық деректемелерге, барлау және қазба жұмыстарының нәтижелері жайлы мағлұмат беру. Археологиялық деректемелер түрлері мен ескерткіштер жайлы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар:
Археологиялық деректемелер
Археологиялық ескерткіштер
Археологиялық деректемелер туралы түсінік. Археологиялық ескерткіштерден алынған заттар және қалдықтар археологиялық деректемелерге жатқызылады.
Батыс ғылымында археологиялық деректемелерді тарих алдындағы немесе тарихқа дейінгі және ерте тарих деректері деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Сонымен қатар, ағылшын тілді шетел ғылымында археология деректемелері тарихи деректемелерден бөлек , антропология ғылымының шеңберінде қарастырылады.
Археологиялық деректемелердің ең басты ерекшелігі: деректемелер барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде табылады. Сол арқылы алыс дәуірлер тарихы жасалып, кейінгі дәуірлер жөнінде түсінік толығып отырады. Археологиялық деректемелер дәуіріне, зат материалына, жасалу әдісіне байланысты жіктеледі.
Деректемелерді зерттей отырып тұрмыс-тіршілікке байланысты құбылыстарды ашуға болады. Тарихи қорытынды жасалғанда деректемелерден алынатын мағлұматтар тоғысады., яғни синтезделеді. Зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын археологтардан әр деректің өз маманы қалыптасады. Мәселен, тас құралдарының маманы, керамиканы зерттеуші, әшекей-бұйымдарды танушы, т.б.
Археологиялық деректемелердің көпшілігі жердің астынан қазылып алынады. Олар, әдетте, толық күйінде жетпейді: сынық, фрагмент, тотық түрінде кездеседі. Сол себепті оларды дұрыс қазып алу, қалпына келтіру және сақтау өте маңызды.
Археологиялық деректемелер түрлері. Деректемелер негізін көне заманнан жеткен заттар құрайды, олар көнеліктер, қалдықтар деп те жазылады. Адам жасаған немесе еңбегімен өзгерткен заттардың бәрі «артефакт» деп аталады. Бұл термин, әсіресе, тас ғасыры мүлкіне байланысты жиі қолданылады, себебі: тас құралдарының функционалды қызметін дәл анықтау қиын.
Археологиялық деректер табылу жағдайына, сақталу деңгейіне және олармен жұртшылықтың танысуына байланысты әртүрлі аталады. Археологиялық деректемелердің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
Еңбек құралдары. Жасалған шикізаты, дәуірі есепке алынады. Мысалы: тас, мыс,темір құралдары. Сонымен қатар, құралдар атқаратын қызметіне қарай да жіктеледі.
Қару үлгілері. Жасалған шикізаты және қызметі бойынша жіктеледі Мысалы: шабуыл, қорғаныс құрал-жабдықтары. Сыртқы келбеті мен пішіні есепке алынып, түр-түрімен зерттеледі.
Тұрмыс заттары. Аса үлкен топ. Бұған киім-кешек бөлшектері, заманында қолданылған заттар жатады.
Ыдыс. Ғылымда ыдыстар тиянақты жіктелді, олар ескерткіштердің уақытын білуге, мәдениетіне сипаттама жасауға үлкен көмек көрсетеді. Археологиялық мәдениеттердегі ыдыстардың көпшілігі – керамикалық ыдыстар.
Ат әбзелдері. Көбінесе көшпелілер мәдениеттеріне тән. Ауыздықтар, сулықтар, үзеңгілер, айырбастар. Сүйектен, қоладан, темірден жасалуы мүмкін. Мәдениеттерге сипаттама беруге үлкен көмек көрсетеді.
Өнер туындылары. Бұған көркем әшекейлер, көне суреттер, мүсіндер, ғимарат қалдықтары, жазулар жатады.
Сүйек қалдықтары. Олар адам, мал, аң-құс сүйектері болып бөлінеді. Бұл деректеме тобын дұрыс тану үшін анатомиялық және зоологиялық білім қажет.
Археологиялық деректемелердің бір ерекшелігі – олардың толық, тұтас күйінде жетпейтіндігінде. Көп жағдайда бөлшектермен, фрагменттермен жетеді, өзгерістерге ұшырайды, деформацияланады, диффузияланады, ыдырайды. Қатты тотыққан металл, шіріндіге айналған ағаш пен тері сақталуы нашар деректемелер қатарына жатады. Сол себепті, археологиялық деректемелер түрлі препараттар арқылы қалпына келтіруді және арнайы жабдықтардың пайдалануымен сапалы сақтауды талап етеді. Консервациялық жұмыстардың бір бөлігі далалық жағдайда жүзеге асуы керек. Сонда ғана заттар мен қалдықтар маңызды мағлұмат бере алады.
Археологиялық ескерткіш туралы түсінік. Кейбір ғылыми әдебиет пен оқулықтарда археологиялық ескерткіштер мен археологиялық деректемелерді бір деп дәріптейтін түсінік бар. Шындығында, бұл ұғымдардың айырмашылығын байқауға болады.
Археологиялық деректемелер адам жасаған немесе икемдеген заттар, сүйек және құрылыс қалдықтары болғанда, оларды кабинеттік, зертханалық лабораториялық жағдайларда зерттеп, тануға болады.
Археологиялық ескерткіштер өз орнында зерттеледі. Жоғарыда айтылған деректемелер ескерткіштерден алынады, яғни ескерткіштер ірі объект, оны кабинеттік, лабараториялық жағдайда зерттеу мүмкіншілігі шектеулі. Онда олардың сызба жоспарлары, фото, видео бейнелері ғана қаралады.
Археологиялық ескерткіш жеке жерлеу орны, қоныс, құрылыс болуы мүмкін, ол белгілі жер, су немесе мекен атымен аталуы мүмкін.
Археологиялық ескерткіштерді зерттеудің бірнеше кезеңдері бар:
Ескерткіштер туралы мәліметтер іздестіру
Ескерткіштерді тіркеу, картаға түсіру
Ең толық өлшемдерін анықтау
Ескерткіштерді қазу
Алынған материалдарды зерделеу.
Археологиялық ескерткіштер түрлері. Дәуірлері бойынша зерттеледі, негізгі екі түрі бар:
1.Қоныстар
2.Қорымдар /молалар/
1.Ертетас заманынан қалған адам қонысының жалғыз түрі- тұрақ болды .Тұрақтарды аң аулау және терімшілікпен айналысқан байырғы адамдар қалдырған. Олар тұрақтау мерзіміне қарай ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді аталады.
Ұзақмерзімді тұрақтарда мәдени қабат қалыптасуы мүмкін, топырақ қабаттарында тас құралдары, адам мен хайуанат сүйектері аршылып жатады. Көптеген дәуірнамалық анықтаулар ұзақмерзімді тұрақтарды зерттеу нәтижесінде жасалған. Өйткені, топырақ қабаттарының қалыптасуының геологиялық заңдылықтары бар, демек, геологиялық уақытнама арқылы тас ғасыры ескерткішінің де мерзімін болжау мүмкіндігі бар. Ортамерзімді және,әсіресе, қысқамерзімді тұрақтарда табылатын тас заттар және сүйектер аз болады және мұндай ескерткіштердің табылуы да қиын.
Тұрақтар орналасуы бойынша ерекшеленеді. Бірі үңгірлерде, жартас қуыстарында, өзен-сулардың жар қабақтарына жақын орындарда, оқшау тұрған тау шоқыларында болған. Табиғат жағдайы, жыртқыштардан сақтану мүмкіндіктері ескерілген.
Ортатас және жаңатас замандарында адам тұрақтары жетіле түскен, ал жаңатаста едәуір дамыған қоныс түрі пайда болды. Сол себепті, жаңатас және қола ғасыры замандарындағы адам орныққан жерлер «тұрақ» терминімен емес, «қоныс» атауымен белгіленеді.
Қола ғасырында қоныстар едәуір қуаттанады, олардың кейбірінің қоршау, қорғаныс белгілері бар.
Ертетемір заманында қоныстардың іріленуі жалғасын табады, олардың қалашық түрі қалыптасады. Бірақ бүл өзгерістер егіншілікпен шұғылданған аймақтарда ғана байқалады, көшпелілер қоныстары кішірек келбеттерімен белгілі және олар сирек. Қорғаныс құрылыстары қабырға, ор, дуал қалыптасқан қоныстарға кенттер мен қалашық, қалалар жатады.
Жалпы, қоныс орысша - поселение бірнеше археологиялық дәуірлердің құрылыстарына қолданылатын ортақ атау.
2. Қорымдар, немесе байырғы замандардың жерлеу орындары, негізінен алғанда, жаңатас заманынан бергі уақытқа ғана тән. Дамыған түрлері қола дәуірінде және ертетемір мен ерте ортағасырларда қалдырылған.Адамның мәдениетінің, рухани өмірінің, діни нанымдарының күрделенуіне байланысты жерлеу орындарында түрлі құрылыстар тұрғызылды, олардың белгілі бір мәдениетке тән ерекшеліктері қоныстармен салыстырғанда тіпті көп. Сол себепті, тарихты тануға аса үлкен септігін тигізеді. Жабық комплекс болып келетіндіктен, қорымдарда табылатын заттар өзінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Белгілі мәдениетті сипаттағанда неғұрлым мазмұнды да толымды мәліметтер ұсына алады. Әсіресе, байырғы тайпалар мен халықтардың діни-нанымдарын, жерлеу ғұрпын, мәдениетін қорымдық табылулар арқылы зерттеу табысты келеді.
Жерлеу ғұрпының ең қарапайым үлгілері қазба адамда- палеоантропта да болған. Мәселен, неандарталь адамын жерлегенде, шұңқыр қазбаса да, басына тас жастап, бетін ағаш бұталармен жапқан. Мұндай жерлеу үлгілері Алдыңғы Азияда тіркелген.
Жерлеу ғұрпы дамыған жаңатас заманында терең емес мола шұңқырлары қазыла бастайды, оларды таулы жерде таспен бастыру әдісі шығады. Қола ғасырында шеңбер, төртбұрыш түріндегі қалама тас қоршаулар, тас тақталармен қоршау үлгілері қалыптасады. Мұндай құрылыстар Сарыарқа жерінде көп. Ертетемірде адамдар арасында билікті және қуатты әлеуметтік топтардың шығуына байланысты ірі, патшалық деп аталған оба-қорғандар да тұрғызылған. Орта ғасырларда мазарлық құрылыстар кең тарайды.
Ерте замандарда қола ғасыры, ертетемір, ерте ортағасырлар қорымдық құрылыстардың ішінде Қазақстан жерінде неғұрлым жиі тарағаны қорғандар немесе обалар. Жалпы, жерлеу орындары сыртқы сипатына қарай екі үлкен түрге бөлінеді:
1.Үйіндісі бар жерлеу орны
2.Үйіндісіз жерлеу орны
Үйіндісі бар жерлеу орындары түркі терминімен «қорған» деп аталады. Қорғандар: жер қорған немесе тас қорған күйінде кездеседі. Яғни, үйіндісі топырақтан, қиыршық тас араласқан топырақтан, малта тастардан немесе сындырылған ірі тастардан тұруы мүмкін. Аралас конструкциялы қорғандар да кездеседі.
Адамдардың әлеуметтік жіктелуіне байланысты: зәулім патшалық қорғандар, үлкен, орта, кіші қорғандар болады.
Алғашқы қорғандар далалық жерлерде мысты тас заманынан бастап, ал орманды аймақтарда орта ғасырларда ғана тұрғызылған.
Кескін-келбеті бойынша қорғандар: дөңгелек, ұзын, ұзынша, төртбұрышты келуі мүмкін. Өзге де түрлері бар. Үйіндінің құрылымы әр мәдениетте әртүрлі. Қорғандар шеткі белгілерімен де ажыратылады. Мәселен, ор немесе дуалға ұқсас қабырғалармен, тас сақиналармен қоршалуы мүмкін. Қазақстан жеріндегі қола заманының қорғандық құрылыстары – қоршау түрінде кездеседі.
3.Археологиялық ескерткіштердің өзге түрлері. Өндіріс орындары. Бұл топқа тас және қола ғасырларындағы шеберханаларды, қола және ертетемір заманындарындағы кеніштер мен балқыту орындарын жатқызамыз.
Өндіріс орындарынан еңбек құралдары табылып жатады, ол материалдар да жіктеліп, түрлерін және қызметін анықтау арқылы бір кездегі қоғамның даму деңгейіне баға беріледі.
Көне ғибадатханалар, табыну, еске түсіру орындары. Қола ғасырынан бастап кездеседі.
Ескерткіштердің тағы бір тобына – көлік және суландыру жүйелері жатады. Олар – белгілі бір материалдық қалдықтарын сақтаған байырғы керуен-сауда жолдары, ескі каналдар мен арықтар. Осы құрылыстарды табу арқылы тайпалардың араласуын, шаруашылық және мәдени байланыстарын танимыз.
Ескерткіштердің ерекше түріне – қазыналар жатады. Қазына- белгілі мақсатпен бір кездері қалдырылған заттар жиынтығы, көбінесе соғыс пен стихиялық апатқа байланысты жер қабатында, құрылыс қабырғасында жасырылған заттар. Жақсы сақталуымен, әсем жасалған заттардан тұратындығымен ерекшеленеді. Ортағасырлық қазыналардың көбі металл ақшалар болып табылады. Шаруашылық және өнер тарихын тану үшін аса маңызды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Археологиялық деректемелердің түрлерін ата?
Археологиялық ескерткіштердің қандай түрлері бар?
3 тақырып. Археологиялық зерттеу әдістері – 2 сағат.
Дәріс мақсаты. Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттерін айқындап, барлаудың түрлері мен әдістерін, зерттеу жұмыстарын жоспарлап, қорғау жұмыстарын жүргізу, тізімге алу, оған сипаттама жасау арқылы паспортын құрастырып, мемлекеттік бақылауға алынуына жағдай туғызу жұмыстары жайлы жан-жақты мағлұмат беру.
Негізгі сұрақтар:
Археологиялық барлаулар
Қазба жұмыстары
Археологиялық барлау.
1. Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттері. Археологиялық ескерткіш туралы толымды мағлұматты археологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде жиюға болады. Археологиялық барлау – қазу алдында немесе экспедицияның арнайы жүргізілетін негізгі жұмыстарының бірі.
Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттері:
Біріншіден, ескерткіштерді есепке алу, орналасуын археологиялық картаға түсіру. Ол үшін, таңдап алынған аймақ толық барлаудан өткізіледі. Бұл- тұтас барлауды қажет етеді. Оған археологтар, өлкетанушылар, көнеліктерге жанашырлық білдіретін өзге адамдар қатыстырылады. Ол белгілі әкімшілік - географиялық аймақтарда жүргізіледі Зерттеу жұмыстарын жоспарлап, қорғау жұмыстарын жүргізу. Тізімге алу, оған сипаттама жасау арқылы паспортын құрастырып, мемлекеттік бақылауға алынуына жағдай туғызу.
Екіншіден, жаңа ескерткіштерді ашу. Жинақталған және жүйеленген негізгі мәліметтер толықтырылады, археологиялық кезеңдерді ажырату.
Үшіншіден, ескерткішті толық зерттеп шығу үшін- қазу алдындағы барлау ұйымдастыру.
Төртіншіден, ескерткіштерді қорғап, сақтау – бүліну қаупі төнген немесе авариялық жағдайдағы ескерткіштерді сақтауға бағытталады.
2. Барлауға дайындық. Барлау алдында үлкен даярлық жұмыстары жүргізіледі. Бұған зерттеу алаңын іріктеп алу, жүріс-тұрыс құралдары, карта бойынша маршрут жасау, жоспар жасау кіреді. Негізгі мақсат белгіленіп алынуға тиіс. Археолог осы аймақ жөніндегі археологиялық және өлкетану әдебиетімен, сол жердің географиясымен және климатымен танысып шығуы қажет. Жыл мезгілін таңдап алудың маңызы зор. Біздің еліміздің оңтүстігінде, мысалы, ең қолайлы мезгіл- күздің соңы. Бұл уақытқа ішкі бассейндердің су деңгейінің төмендігі, шөп жамылғысының жоқтығы, жердің жаппай жыртылып тасталуы тән болып келеді. Күн тәулігінің ең жақсы уақыты- ашық күнгі таңертеңгілік немесе кешкілік өйткені бүйірден түскен жарық рельефтің оншама байқала қоймайтын егжей-тегжейлерін табуға мүмкіндік береді.
Барлау құрал-жабдықтары жеңіл, жинақы да, сонымен бірге, ең қажеттілерін қамтуы тиіс, аспаптар, еңбек құралдары, орау материалдары болуы керек. Бұдан басқа барлауға қатынасушылардың документтері мен жұмыс жүргізуге деген рұқсаты болуы қажет.
3. Барлаудың дәстүрлі әдісі. Археологияның жаңадан пайда болған салалары барлау жұмыстарына да өзгерістер әкелді. Әуе археологиясының негізгі жұмыс түрі- археологиялық барлауға жатады. Аэрофотобейнелеу және биіктен түсірілген суретке- дишифровка жасау арқылы жасырын археологиялық ескерткіштер тізімге алынады, жоспарға түсіріледі. Әуе археологиясы арқылы тұтас барлау мақсаттары жүзеге асады. Тізімге алынған ескерткіштер саны дәстүрлі барлаумен салыстырғанда он еседей көп болуы мүмкін.Барлаудың осы әдісімен жер бетінде сыртқы белгілері жоқ ескерткіштердің көбі табылады.
Барлауды аэрофотобейнеге түсіру арқылы да жүргізуге болады. Сол себепті, барлаудың екі түрі қалыптасқан, олар: дәстүрлі және күрделі техникалық.
Дәстүрлі – жаяу немесе көлікпен жүру арқылы барлау.
Күрделі техникалық барлауға жататындар: электрлі – жер астына тоқ жіберу арқылы барлау; магнитті- жер астындағы магнит желісінің ауытқуларын тексеру арқылы қазбай зерттеу әдісі; ұшақпен және су асты техникасымен барлау.
Барлауға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің берген арнайы лицензиясы арқылы рұқсат етіледі.
4. Барлаудың жаңа әдістері ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасынан бастап электрлі және магнитті барлау жақсы дамыды. Бұл барлау салалары жер астындағы құрылыстардың орналасу өлшемдерін белгілеуге және белгілі бір затты дәл табуға мүмкіндік береді.
2. Қазба жұмыстары.
1. Қазба жұмыстарына рұқсат. Археологиялық жұмыстарға рұқсатты жергілікті оқу орны немесе ғылыми мекеменің өтініші бойынша республикадағы яғни Археология институты береді. Археология институтында дала комитеті жұмыс істейді. Ол түскен өтініштерді қарастырып, сол бойынша шешім шығарады. Рұқсат арнайы білімі бар,археологиялық экспедицияларға қатысқан, далалық жұмыс түрлерімен жақсы таныс адамдарға беріледі. Рұқсатсыз өз бетімен қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады және ол заңсыз деп танылады.
Археологиялық барлау жіне қазба жұмыстарына рұқсаттың төрт түрі қалыптасқан:
№1 ашық парақ - толық көлемді қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
№2 ашық парақ - шектеулі жер жұмыстарына рұқсат.
№3 ашық парақ – археологиялық барлау жұмыстарына рұқсат.
№4 ашық парақ – кезек күттірмейтін немесе авариялық жағдайдағы, бүліну қаупіндегі ескерткішті зерттеу үшін рұқсат.
Соңғы жылдары Білім және Ғылым министрліінің жеке зерттеушілерге берілетін лицензиялары арқылы рұқсат беріліп жүр.
Жұмыстар аяқталған кезде Археология институтына толық есеп беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |