«Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің басты
көрінісі»
деп педагогикалық техниканың құрылымдық элементтеріне тоқталады.
Мимика
- өз ойын, сезімін, көңіл-күйін бет қимылдары арқылы таныта білу өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер
береді. Мимика ақпараттарды жақсы қабылдатуға көмектеседі.
Оқушылар мұғалімнің «бетінен»-ақ оқиды» Мұғалім әрқашан балаларға
қарап тұруы тиіс, қабырғаға, терезеге, төбеге қарап сөйлеуден қашу керек.
Мимика деталдары: қас пен көз.
Қасты көтеру таң қалуды білдірсе, түю- бір ойға, бір мәселеге келуді, қозғалыссыз болуы- жайлылықты,
үнемі қозғалыста болу- таңдануды туғызады. Ал көзі арқылы барлығын көріп, назарда ұстап тұру қажет.
Пантомимика
– дене, аяқ, қолдың қозғалысы. Ол бастыны анықтауға көмектеседі. Адамның қимылына қарап, айтайын деген ойын ұғынуға
болады. Аяқтың арақашықтығы 13-15 см болу керек.
Алдыға қарай қозғалып айту айтылатын мәселенің маңызды екенін білдірсе, ал артқа қарай кету тыңдаушыларға еркін отыруға мүмкіндік
беретін поза. Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек.Педагог қолдарының
қимылы үйлесімді және жинақы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |