Постреквизиттер: оқылатын пәндерге пайдаланылатын пәндер тізімі: Азаматтық құқық және іс жүргізу, Қылмыстық құқық және іс жүргізу. Пәнді оқу кезінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасының негізгі ережелерін білу; алынған білімді тəжірибеде сауатты қолдану, өзінің көзқарасын дəлелдей білу.
Пән сипаттамасы
2.1 Оқу пәнін оқытудың мақсаттары Болашақ қызметі аясында еңбек құқығы теориясынан алған білімді және еңбек заңдарының нормаларын қолдана алады; еңбек құқығын еңбекті қолдану аясында тараптардың қызметіне ықпал ететін заң құралы ретінде жариялау іс-әрекеттерін жүргізу, еңбекке орналастыру, қабылдау және еңбек шартын жасақтау, сондай-ақ еңбектік құқықтық қатынасты жүзеге асырады. Құқықтық мәселелер бойынша дұрыс және сауатты кеңес бере алады, құқықтық мәселелер, оның ішінде ғылыми сипаттағылары бойынша өз көзқарасын жеткізе және қорғай алатын болады;