Х. ДосмҰхамедов


Еңбек құқығының пәні, түсінігі



бет25/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

Еңбек құқығының пәні, түсінігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Əркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы). Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек
үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады. Еңбек құқығының пəнін құрайтын барлық қатынастарды қарастырып өтелік:
1. Негізгі қатынастар – жұмыс берушінің (ұйым, жеке кəсіпкер) қызметкердің еңбекке қабілетін (оның жұмыс күшін, білімін, дағдыларын жəне т.б.) пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық жəне ақылы негізде жүзеге асырылады. Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады:
а) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды.
ə) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар;
б) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады
в) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты;
д) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты;
е) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады.
ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет