Х. ДосмҰхамедов


Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан айырмашылығы



бет27/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан айырмашылығы. Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығына қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық құқық, аграрлық жəне жер құқықтары, əкімшілік құқық жəне əлеуметтік қамтамасыз ету құқықтары табылады. Еңбек заңдары азаматтық заңдармен өте тығыз байланысты. Азаматтық заңдар қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар- ақшалық жəне өзге де қатынастарды, еңбекпен жəне оның нəтижелерімен байланысты мүліктік қатынастарды реттейді. Яғни, азаматтық құқықтың пəніне белгілі бір жұмысты орындаумен немесе қызмет көрсетумен (тұрмыстық мердігерлік шарты, тапсырма, əдеби тапсырыс жəне т.б.) байланысты қатынастар кіреді. Бұл қатынастар еңбек қатынастарына өте жақын жəне оларға ортақ сипаттар тəн: олар еңбекпен байланысты, еңбек шартына (келісіміне) негізделеді, ақылы сипатқа ие. Еңбек құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының қатарынан əкімшілік құқықты да атауға болады. Басқарушылық топтың еңбегін ұйымдастыру, кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылығының жəне мемлекеттік қызметшілердің құқық субъектілігі мəселесіне келгенде, бұл екі құқық саласының ортақ жері көп. Кəсіби қызметтің бұл түрі бір мезетте еңбек жəне əкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет