Х. ДосмҰхамедов


-дәріс. Еңбек құқығының қайнар көздері



бет29/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

2-дәріс. Еңбек құқығының қайнар көздері
Дәріс мақсаты: Қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты ашу.
Жоспары:

  1. Еңбек құқығының қайнар көздерінің түсінігі.

  2. Еңбек құқығының қайнар көздерінің түрлері.

Еңбек қүқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары
белгіленген құқықтық актілерді айтады. Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік қүқықтық актілер кіреді:
1. Еңбек катынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң Казақстан Республикасының Конституциясы. Барлык еңбек туралы нормативтік қүқықтық актілер Ата Заңға. сәйкес келуге тиіс.
2. Казақстан Республикасының аумағындағы еңбек қаты-настарын реттейтін Казақстан Республикасындағы Еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңы және соған сәйкес қабылданған заңдар және Казақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
3. Казақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
5. Казақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;
6. Казақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқыктық актілері;
8. Жергілікті мәслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері;
9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер;
10. Жұмыс берушінің актілері.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармақшасына сәйкес азаматтардың кұқықтарына, бостандық-тары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды колданудың міндетті шарты болып табылады. Егер Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Казақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқыктық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, атал-ған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей колданылады.
қорыта келгенде, еңбек туралы заңнама мынадай негізгі міндеттерді аткарады:
1) еңбек саласындағы нарыктык қатынастардың құқықтық негіздерін бекіту;
2) еңбек бостандығы мен жеке еңбек шарттарын жасасу бостандығын бекемдеу;
3) еңбек қатынастарындағы жұмыс беруші мен қызмет-керлердің құқықтық мәртебесін белгілеп, айқындау;
4) әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;
5) қызметкерлердің, жұмыссыздардың әлеуметтік қорға-луын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет