Х. ДосмҰхамедов


-дәріс. Еңбек қатынастары субъектілері



бет35/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

4-дәріс. Еңбек қатынастары субъектілері
Дәріс мақсаты: Қажетті материалдарды баяндай отырып, тақырыпты ашу.
Жоспары:
1.Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі жəне түрлері.
2.Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мəртебесі.
Глоссарий
1. еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келісілген міндеттемелері;
2. еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
3. жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
4. жұмыс берушілердің өкілдері - құрылтай құжаттары немесе сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
5. қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
6. қызметкерлер өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сəйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады. Құқықтық мəртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады:
а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық деликтқабілеттігі):
ə) негізгі (статуттық) еңбек құқықтар жəне міндеттер;
б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне арнайы кепілдіктері;
в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік.
Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының əрбір субъектісінің құқықтық мəртебесін құрайды.
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде. Азаматтар еңбек құқықғының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет