Кəсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері ретінде. Олар еңбек құқығының ерекше субъектілері болып табылады. Кəсіптік одақ ұйымдарының мəртебесі белгіленген заңнамада кəсіптік одақтардың жалпы құқықтары мен əрекетқабілеттігі, олардың негізгі (статуттық) құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар, оларды жүзеге асырудың кепілдіктері бекітілген.
Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде.Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындайтын мекемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар белгіленген тəртіп бойынша құрылады. Мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық жəне жергілікті болуы мүмкін