Х. ДосмҰхамедов


Еңбек шартының түсінігі, олардың түрлері



бет39/99
Дата08.02.2022
өлшемі227,99 Kb.
#118968
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99
Байланысты:
enbek kuk g zhane aleumettik kams zdand ru kuk g (2)

1. Еңбек шартының түсінігі, олардың түрлері.
Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, еңбек Кодекінде, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Еңбек шартының тараптары болып қызметкер, яғни белгілі бір жасқа жеткен, еңбек құқықсубъектілігіне ие, жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан жəне еңбек шартына сəйкес белгілі бір жұмысты орындайтын азамат пен жұмыс беруші, яғни қызметкерді жалдаған жəне оған тиісті жұмыс берген, қызметкермен еңбек шартын жасасқан заңды немесе жеке тұлға табылады. Еңбек шартының тараптары оны жасасу кезінде тең құқылы болады – екі тарап та өздеріне еңбек шартының тарабын таңдауға құқылы, екі тарап та міндеттерге ие болады, екі жақ та ішкі еңбек тəртібіне бағынуға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет