Х. Жұмабаев атындағы Қарсақ бастауыш мектебі 2015-2016 оқу жылының оқу- тәрбие жұмысына сараптама


Ұлттық отбасы күніне арналған сынып сағаттары өтті



бет4/31
Дата25.12.2016
өлшемі5,71 Mb.
#4885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Ұлттық отбасы күніне арналған сынып сағаттары өтті.

Мақсаты:Қазіргі таңда баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.Баламен дұрыс тіл табысуға,сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.Ата-ананың баласына деген сенімін ояту,оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Әр сынып жетекшілер өз сыныптарында әңгімелер,сурет салу ұйымдастырды.Балалар өз отбасылары туралы әңгіме шертіп,отбасындағы салт туралы әңгімелеп берді.

Бүгінгі ұл ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі,бүгінгі қыз ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп,бой түзеді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы демеуші ата-ана.Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы ата-ана.

«Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ,бала әкеден ақыл,анадан мейір алады.



Мектепте 8-18 қыркүйек аралығында «Тіл мерекесіне» арналған жоспар құрылып,бекітілді.Жоспар бойынша барлық іс-шаралар уақытында орындалып,қорытындалды.Іс-шараларға 1-4 сынып оқушылары түгел қатысты. «Тіл тазалығы – ой тазалығы», «Тіл - халықтың жаны», «Тәуелсіздік тірегі - тіл»атты сынып сағаттары өтті.Ашық сабақтар өтті.

Мақсаты: оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.Өлең-жыр,ойлы сөздер айту арқылы оқушылардың тіл туралы алған білімін дамыту.Өз ана тілін – мемлекеттік тілді қастерлеуге,басқа ұлттардың тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сынып сағаттарында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқыды,әндер шырқады.Мақал-мәтелдер сайысы шаттық шеңбері түрінде өтті.



Сайыста кім көп мақал білетіндегі жөнінде, мақалдарды жалғастыру жұмыстары жүргізілді.Үш тілде өлеңдер оқыды.Мәнерлеп өлеңдер оқып,ертегілер еліне саяхат жасады.



Мақалдар,жаңылтпаштар жинақтап кітапшалар жасады.Қорытынды күні белсенді қатысқан оқушыларға алғыс айтылып,марапатталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет