Мақсаты: Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату.
Тренингтің түрі: психологиялық ойын - тренинг.
Әдіс – тіәсілі: пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру, ойын жаттығуларын орындау.
Қажетті құралдар:
Отыру позициясы:
Кіріспе. Психологтың сөзі.
Адамның өзін - өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылыққа машықтануы керек. Ата – ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.Өмір дегеніміз – арнасы кең өзен. Сол өзеннен өз арнаңды тауып алу – басты мақсат.
Шаттық шеңбері:
Қане, бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық.
Осы дөңгелек шңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз?
Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін
күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір – бірімізді жақсы көре аламыз,
жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтан
бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.Енді бәріміз жақсылық
тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Танысу сәті: әр ата – ана өзін таныстырады. Өзінің атына екі- үш сын есімін қосып танысады.
Жаттығу: «Сөйлемді жалғастыр»
Жақсы өмір – бұл….
Бақытты бала – бұл ….
Баланың басты ұстазы – ата- ана….
Ойын – жаттығу: «Сөздің күші»
Барысы: жүргізуші ойынға қатысатын 5 – 6 ата – ананы таңдап алады. Ата – аналардың біреуін бөлме ішінде қалдырып қалғандары сыртқа шығады. Бөлмеде қалған ата – анаға мәтінді әңгіме оқып береді де оны есте сақтап қалуын сұрайды. Осыдан кейін сырттан бір ата – ана келеді іште мәтінді тыңдаған қатысушы жаңа келген қатысушыға әңгімені мазмұнын айтып береді. Осылайша барлығы бір – біріне мазмұндайды. Ал көреремендер мәтіннің дұрыс, бұрыс жеткізілгенін қадағалайды.
Релаксация: «Қайықпен серуенге шығу»
Аяқты созып отыру, көзді жұму, денені бос ұстаңыз.
Таңертең, күн шуағын жер бетінде төгіп тұр. Мен қайықпен көл бетінде жүзіп келемін. Күн өз шуағын айналаға шашып, құстар сайрауда….
Мен барлық денеммен күннің жылуын сезіп келемін. Иығым, қолым, денем, аяғыма жылу сезінеді. Мен жайлымын, өзіме сенімдімін. Барлық жамандық атауы меннен кетті. Көңіл – күйім өте тамаша. Мен өмірге ризамын, өз күлкімді айналадағы адамдарға сыйлаймын. Мен бақыттымын. Енді көзіңізді ашуға болады. Барлығы тамаша, керемет.
Қорытынды:
Ойын «Ата – ана мейірімі»
Ата – аналар ақ параққа гүлден сурет салып, гүлдестерге өз баласына деген сүйіспеншілігін жазып өз ойын пікірін жекізеді де балаларына таратады.
«Адам бір жылын ойласа, дән себеді. Бар ғұмырын ойласа ұрпақ тәрбиелейді» деген даналар сөзі бекер айтылмаған.
Құрметті ата – аналар осымен біздің тренингіміз аяқталды.
Ақмала облысы
Зеренді селосы
«Балауса» балабақшасы
Тренинг
«Баланың бас ұстазы ата – ана»
«Құлыншақ» ортаңғы топ
Өткізген: психолог Тасанова А.О.
2017 – 2018 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |