Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Махамбет ақын поэзиясының коннотаттық семантикасын зерттеу барысында алынған нәтижелер мен ұсынылған тұжырымдар көркем шығарма тілін талдау, мәтін лингвистикасы, поэтикасы және лингвостилистика теорияларын толықтыруға өзіндік септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.Көркем мәтін лингвистикасы, стилистикасы, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану бойынша оқылатын дәрістер мен арнайы курстарда, Махамбет шығармаларын талдауға арналған семинар сабақтарында, Махамбет сөздігі мен қазақ тілінің түсіндірме сөздігін құрастыруда пайдалануға болады.