2.Партия мектебінің оқытушысы Жұмабаевпен жалпыға ортақ мәселе жөнінде сөйлесіп жүрдім. Астыртын әдеби үйірме жөнінде ешқандайда әңгіме естіген емеспін. 3. Әділевке 1926 жылы қазақ театрының директоры болып тұрғанда бір қысқа хат жаздым. Одан қысқа ғана жауап алдым».
ҒАЗЫМБЕК БІРІМЖАНОВ
«24 қаңтар 1929 жыл. Мен 1896 жылы тудым, 1914 жылы реальдық училищеде оқыдым, одан кейін майдандағы қара жұмысқа тартылғандарға көмектесу үшін Киевке бардым. Қазақтардың көпшілігі орысша білмейді, сондықтан да майданға баруды қоғамдық парызым деп есептедім. Жоғары оқу орнына түсудің реті келмеді. 1917-1918 жылдары Орынборда болдым. Менің қалыптасқан тұрақты көзқарасым болван емес. Бар ойым – оқу болғандықтан да, қазір де саяси іске шорқақпын. 1918 жылы Торғайға бардым. Сол кезде Тұнғашин мен Жанкелдин ұсыныс жасады. Уезд комиссары Аравин болатын. Онда тұрақты өкімет те, өзара бөлінушілік те жоқ болатын. 1918 жылы мен Орынбордағы „Алашордашыларға” қосылдым. Басшылары Бөкейханов, Байтұрсынов, Қаратілеуов еді. Оған дейін «Алашордашылардың» ешқайсысын білмейтінмін. Нақты бір қызмет атқарғамын жоқ. Қызыл әскерміз деп келгендер қазақтарды тонап, аттарын тартып алып жатты. «Алашорданың» жасағы бар болатын. Жанкелдинмен келісім жүргізіп, Байтұрсыновты Мәскеуге жіберді. Сол кезде казак полкі сау ете қалды. Баратын жер қалмады. Біз казактардың билі гін мойындауға мәжбүр болдық. Мені Колчакқа жұмсап жіберді. Неге ондай тапсырма бергенін білмеймін. „Алашорданың” тапсырмасын орындауға тырыстым. Бұл 1919 жылдың көктемі болатын. 1919 жылдың басында Валидовке жіберді. Валидовтің „Алашорда” үкіметін қолдауын өтініш етті. Орынборда „Алашорданың” әскери кеңесі өтіп жатқанда Валидов те сонда болды. Ол ешқандай көмек көрсеткісі келмеді, қазақтармен арадағы байланысы да нашарлады. Содан кейін кеңес өкіметі жағына шығу ресми түрде шешілді. Торғайдағы әскери кеңес қарусыздандырылды. Кеңес жетекшілері Дулатов, Сейдалин, Қадырбаев Семейге кетті. Туған ағам сонда – Семейде тұрғандықтан да мен де Семейге келдім. Семейде Бөкейхановты, Қозыбағаровты кездестірдім. 1921 жылдың басында губревкомға орналастым. Қайтадан Орынборға, одан Ташкентке келдім. Бұл 1921 жылдың күзі болатын. Дулатовпен бұрыннан таныс едім. Ол мені газетке орналастырды. Мен Дулатовпен бірге тұрдым. 1922 жылы мен шет елге оқуға кеттім. Онда Валидовпен бірнеше рет ескі таныстар есебінде кездестім. Оған ешкімнен ешқандай хат-хабар тапсырғамын жоқ. Шет елдегі өзбектердің ұйымы туралы ештеңе білмеймін. Мәдениет жөнінде бір бірлестік болатын. Олар кілең бұқаралықтар еді, ал мен жалғыз қазақ болғандықтан да, олармен байланыс жасаудың еш қажеттігі болмады. Германияда татар және өзбек комиссиясы бар, ал тәуелсіз Түркістан мекемесі деген ұйымды естігемін жоқ. Елге қайтқанда Валидовтан ешкімге ешқандай да хат әкелген емеспін. Қызылордаға келген профессорды білесің бе, жоқ па, деген сұраққа жауабым: Оның аты Клайн, оның осында келгенін және Оқу-ағарту комиссариятының қазақ мәдениеті қоғамы арқылы мені іздестіріп жүргенін естіп, кездестім. Ол Қазақстанды араламақшы екен, маған еріп жүруді өтінді, мен бас тарттым”. Бұл күнгі тергеу осымен аяқталған сияқты.