Хайретдин болғамбаев



бет1/9
Дата05.02.2022
өлшемі386,75 Kb.
#17150
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ХАЙРЕТДИН БОЛҒАМБАЕВ


ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы жол. Петорвқа берге жауабы. Тергеу барысының хаттамасы ауызша жазылған болуы керек, сөз, пікір қайталаулары, аяқталмаған ойлар, жанама түсініктер, өзара байланыссыз мәтіндер орын алыпты. Алашордашыларға тағылған негізгі айыптың бастысы болғандықтан да сұрақ-жауаптың жалпы желісін сақтай отырып, мазмұндап беруді жөн көрдік.
1922 жылдың көктемінде Оқу ағарту комиссариатының баспасөз бөлімінің атынан Орынбордан Ташкентке іссапарға аттандым. Сонымен қатар Бөкейхановтың, Байтұрсыновтың, Сәрсеновтің атынан Бұхара халық республикасындағы Валидовпен келісім жүргізу туралы тапсырма алдым, олар хат жазып берді. Мұны Орынборда Әлібек(ов - ?) пен Омаров қана білді. Ташкентке келген соң Дулатовқа хабарластым. Бұқараға келісімен Оқу-ағарту комиссары Әріптің (Арифов – ?) бөлмесіне жиналды. Ол Валидов тұратын бір өзбектің үйін көрсетті. Валидов ұлт саясаты жөнінде айтты, қазақ ұлтшылдары үшін бұл ешқандай жаңалық емес еді: башқұрттардың қазақтармен байланыс жасауы халықтардың ынтымақтастығын сақтау үшін керек – деді. Сонымен қатар өзінің Каспий теңізіне дейін түйемен жеткенін әңгімеледі, келесі күні Бұқараға барып бізді өзіне шақыратынын айтты. Бізбен кімдердің болғанын білмеймін. Ертеңінде біз оның пәтеріне келдік. Мен онда 1,5-2 сағаттай болдым. Алғашқы кездесуден кейін ол менің назарымды онша аудара қойған жоқ. Содан кейін онымен кездескемін жоқ. Бір апта ауруханада жатып, Ташкентке қайттым. Әділов сонда қалып қойды. Ташкентте кімдерді көргенім есімде қалмапты, Халел Досмұхамедовпен, Бірімжановпен кездестім. Дулатов Ташкентте жоқ болатын. Құрылтайдан кейін Ташкентте бір-ақ рет болдым».
Жауаптың соңына «1929 жыл 29 қаңтар» деп. көрсетіліп, қолын қойған.
Тергеу ісіндегі жауаптардың жазбалары ретке келтірілмеген. Әр түрлі қолтаңбамен жазылған. Мысалы, жоғарыдағы жауап 26 қаңтар күні қағазға түскен сияқты, ал екінші кісінің қолымен жазылған айғақта «29» деп. көрсетілген. Арасына қиылып, желімделіп қосылған. Тергеу барысында әр оқиғаны нақтылайтын сұрақтар қойылғандықтан да келесі жауаптар алдыңғы айтылғандарды толықтырып, нақтылай түседі:
1922 жылдың наурыз-сәуір айында Бөкейхановқа , Байтұрсыновқа Валидовтен хат кеді деп. естідім. Нақты қайсысына тиісті екені есімде жоқ. Менің Байтұрсыновпен таныстығым жақсы болатын және ол жеке пәтерде тұрды. Өте сирек баратынмын. Оған барсаң не ұйықтап жатады, әйелі: «Түнде кеш жатты» - деп оятпайды, не жазу жазып отырады. Негізінен ол өзі сөзге сараң адам. Оған сұрақ беріп сөйлетпесең, өзі сөз бастамайды. Ал Бөкейхановпен сөйлесу әлдеқайда жеңіл. Бөкейханов өзінің Валидовтен хат алғанын, онда оның арнайы адам жіберуді өтінгенін айтты. Бір жолы мені Сәрсенов өз бөлмесіне шақырды. Кіріп барсам Бөкейханов пен Әділев отыр екен. Олар хаттағы өтінішіне орай мені Валидовке жіберуге ұйғарып отырғандарын хабарлады. Мен өз орныма Сәрсеневті ұсындым. Олар маған: «Ол Оқу-ағарту комиссариятында жауапты қызметте, оның Бұқараға барғаны өзге адамдардың күдігін тудырады, сондықтан да болмайды» - десті. Ақыры мен келістім, Әділев те өзін менімен қоса жіберуді өтінді. Бөкейханов: Валидовтің қандай ой бар екен, жоспары қандай, соны білуді және ешқандай уәде бермеуді, естіп-білгенімді Бөкейхановтың өзіне ғана мәлімдеуімді тапсырды. Әділев Ташкентке барып, Валидовті Бұқараның қай жерінен табуна болады, оған қалай жолығу керек, соны біліп, мағлұматтарды алдын-ала дайындап қою үшін Ташкентке жүріп кетті.
Бірнеше күннен кейін Байтұрсыновтың, Бөкейхановтың, Сәрсеновтің Валидовке жазған хатин алып мен де Ташкентке келдім. Ташкентте Дулатовпен, Халел Досмұхамедовпен жүздестім. Солар арқылы бізден бұрын Бірімжановтың Валидовпен кездесіп келгенін білдім. Ташкентте астыртын ұйымның бар екенінен хабарым мүлде жоқ еді, кімнің үйінде екені есімде жоқ, тек бір рет кездескенде: Валидов Бірімжановқа ашылып ештеңе айтпауы мүмкін, арнайы хат апаратын әрі одан көрі тәжірибелі маған ойын ашық айтуы мүмкін – деген епіків айтылды, сөйтіп менің Бұқараға баруым керек деп шештік. Онда Әділев, Досмұхамедов, Есполов, Бірімжанов болды”.
Хайретдин Болғамбаевтің өзге жауаптарының негізгі өзегі осы. Бөкейханов, Байтұрсынов мойындамаған не «мән бермегенсіп қараған» бұл оқиғаның шындыққа жанасымы қандай? Тергеу жауаптарының өзгенің қолымен жазылуына арап, Д.Әділевтің өзін-өзі қайраткер ретінде көрсетуге тырысқан қисынсыз да жүйесіз жауаптарымен сәйкес келсе де, бұл мәселеге орай: Х.Болғамбаевқа қоқан-лоққы көрсетіп, мәжбүрлеп айтқызды ма деген көптеген күдік ұялаған еді. Сондықтан да жиырма жылдан астам уақыт бұл айғақтарды жария етпей келіп ек. Тергеу ісімен үстірт танысқандар, не өзге мәліметтерге сүйеніп піків қорытушылар бұл жағдайды әр қисын да түсіндіріп жүр. Біз төрелік айтпаймыз. Тек тергеушіге берілген жауаптарды іріктеп тарихшылардың назарына ұсынамыз.

Тергеудің жалғасы. Мұнда алдыңғы жауаптардан туындаған сұрақтар қойылып, нақтылана түскен.


1.Бұқараға баратын мандатты кім жазды, оны білмеймін. Бөкейханов, Байтұрсынов, Биахмет Сәрсенов берген мандатта ешқандай жасырын тапсырма жоқ, менің „Алашорда” атынан барғанымды сендіру үшін ғана жазылған. Тапсырма: Валидовтің қандай жоспары бар, соны біліп келу ғана болатын. Ескі таныстарының атынан келгендіктен де Валидов маған сенді. Бір башқұртпен бірлесе жұмыс істеу туралы айтты. Ол адамның кім екенін де білмеймін, атын да ұмыттым. Валидов кейін қайда кетті, басмашыларға кетті ме, жоқ Мәскеуге кетті ме, ол жағын да білмеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет