«1929 жыл. Қаңтар. Қызылорда. Қостанай округінің Батпаққара ауданында туған. Қазақ. Аталары мал шаруашылығымен айналысқан. Ауыл мектептерінде мұғалім болған, Торғайдағы қалалық училищені бітірген. Шартты түрде сотталған (Ж.Аймауытовпен бірже 1922 жылы Торғайдағы ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға үлестіруге мал айдап барғаны үшін «жергілікті жерден жазылған қызыл қыпшақтардың арызы» негізінде жалған жала жабылған. Оның барысы Ж.Аймауытовтың жауабында толық көрсетілген). Бұрын „Алашордада” қызмет еткен. „Еңбекші қазақ” газетінің қызметкері. Міржақып Дулатовтың бажасы. „Мен Ташкент қаласына 1921 жылы ақпан айында Қазақ ревкомының атынан Жанкелдиннің тапсыруымен Шығыс халықтарының арасына үгіт жүргізу үшін жіберілген „Қызыл поездың” құрамында келдім. Онда Дулатовпен, Бірімжановпен бір пәтерде тұрдым. Бірімжанов Бұқараға барып кеді. Не үшін барды, ол жағын білмеймін. Ол онда „Ақ жол” газетінде істейтін әрі оқитын. Редакцияда тұрақты істеді. Мен де „Ақ жолда” жауапты хатшы міндетін атқардым. Әділевпен мен 1921 жылы Ташкентте құқық жөніндегі лектор болып жүргенде таныстым. Болғамбаев содан кейін кеді. Әділевтің қайда тұрғанын білмеймін. Ол Қожановқа барып жүретін. Содан кейін мен 1926 жылы қазақ театрында директор болып тұрғанда бір-ақ көрдім. Қайтып жүздескен емеспін. Ауылда жүр деп. естігемін. Қай ауылда жүрді, ол жағынан мағлұмсызбын. Ташкентте түскен суретке келетін болсақ, Дулатовтың Семейге жүруіне, Бірімжановтың Бұқарадан келуіне орай түстік. Суретке түскендер Халел, Жаһанша Долсмұхамедовтер, Омаров, Болғамбаев Хайретдин, Жәленов Кәрім, Бірімжанов, Дулатов және мен, бадан басқа басқа Тынышбаев пен Құралшин болды-ау деймін». Тергеудің үкімі бойынша: «төтенше комиссияның алашордащылардың ішіне енгізілген тыңшылық қызметін атқармағаны, дер кезінде хабарламағаны үшін» айыпталып, ең жоғары жазаға кесілген. Бұл мәліметті қалай түсінуге болдады? «Сексоттықтан» бас тартып, сыр сақтағаны үшін алғау керек пе, жоқ, алашқы тыңшы болуға келіскені үшін қарғау керек пе? Бұған анық жіп таға алмадық. Саяси астыртын ұйым жұмысы неше түрлі әдіс-тәсілге, амал-айлаға құрылады. Соның ішінде: «Алашорда» мүшелерінің соңынан қойылған аңду мен тыңшылық әрекеттерін біліп отыруы үшін оның «төтенше мекеменің сеніміне» әдейі кіргізілуі де мүмкін. Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова апай бұл мәліметті алғаш естігенде қатты мазасызданып, Ахметсафаның ақ жарқын мінезін, балажандылығын айтып, «Алашордаға» тыңшылық жасауға әйелі … де, бажасы Міржақыптың да мүмкіндік бермейтініне сендірген еді. Кейін тергеу ісімен тереңдей таныса келіп, сұрақ-жауаптарының астарына айтып, жоғарыдай пікірімізді білдіргеде: «Бұл әбден мүмкін» – екендігіне келісті. Қаралау үшін де, алғау үшін де емес, тек тергеу ісіндегі дефекті жеткізу үшін ғана құлаққағыс жасай кетуді жөн көрдік.