Халық ақыны Фариза Оңғарсынова Жүрегін әнмен тербеткен



Дата05.11.2016
өлшемі74,9 Kb.
#460
түріӨмірбаяны
№18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектеп

Халық ақыны

Фариза Оңғарсынова

Жүрегін әнмен тербеткен

Ән-саз пәні мұғалімі: Жетімекова С.І

Мақсаты:

Жыр дүлділі,ақын жазушы Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыруға ,ақын шығармалары арқылы елін, жерін, Отанын сүйе білуге,сөз өнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу.

Жоспар


1.Кіріспе:

Қайырлы күн Құрметті Ұстаздар мен оқушылар!Армысыздар ардақты көрермендер мен кеш қонақтары!

Республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды.Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып,автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен терең танысуға мүмкіндік алды.2013 жылдың халық жаппай оқитын кітабы ретінде халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ие болды.

Өлең оқылады:

Фариза Оңғарсынова

ТУҒАН ЕЛ

Аймалайды өпкен желі,

Нұрға оранып көк пен жері.

Бала сағым бұлдырайды,

гүлмен ойнап бөктердегі.

Қаз-үйректің таныс әні

ерке өзенмен табысады.

Бір-бірінен күле қашып,

ақ толқындар алысады.

Терек, қайың жымыңдасып,

самал желмен тұр ымдасып.

Жапырақтар тербеледі,

бір-бірімен сыбырласып.

Гүл жамылған өлкедегі

бұталар да ән төгеді.

Күн шуағы аймалаған,

елім неткен көркем еді!

Пауза:

2.Негізгі бөлім:

Жүргізуші: Жыр дүлділі, қазақ ақыны,халық жазушысы Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жүрегін әнмен тербеткен» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.



Өмірбаяны оқылады:

1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.

1966-1968 жж. Гурьев облыс тық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.

1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.

1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР ПарламентіМәжілісі 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

Жүргізуші:Республикаға танымал Атыраулық күйші-сазгер Сейілхан Құсайыновтың күйі: «Мереке»

Орындайтын: 8-сынып оқушысы Тулеев Досбол



Жүргізуші: Фариза Оңғарсынованың жыры – айдын көл,шалқар теңіз емес , тылсым мұхит.Көкірекке сонша сыр,көңілге сонша жыр,тындыра білуге бір ғұмырдың бастан кешкендері азық қылары даусыз.Ақынның өлеңдерінде жасандылық жоқ,азаматтық лирикасы – сыншылдығымен,қоғамдағы,адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді.Ақын-аспанға алау атып,шоқ шашыратып жатқан рух жанар тауы.Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары.

6-сынып оқушылары ақынның өлеңдерін оқиды.

Жүргізуші: Мектептің «Балбырауын» көркемөнерпаздар үйірмесінің оқушыларының орындауында Жергілікті сазгер Тоқсанбай Құлтумиевтің күйі : «Комсомол»

Шығармашылығы:

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.


Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді.

 1979 жылы жарық көрген "Сенің махаббатың" жинағындағы "Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы" атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан.

1984 жылы "Үйім — менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

7-сынып оқушылары өлең оқиды.

Жүргізуші:

Жетпiсiншi жылдары қазақ руханиятына Фариза Оңғарсынова келгенде қараша үйде еңсес түсiп, қалғып-мүлгiп отырған бiз­дiң үстiмiзге көне түркi дүниесiнен үстi-басы алтынмен апталып, күмiспен күптелген Томирис ханша кiрiп келгендей болып едi. Қазақ жырының өңiне қан жүгiрiп, орта ғасырдағы жыраулық дәстүр, жауын­герлiк-рыцарлық поэзия төркiн жұртына қайтып келдi. Бұл – “адасқан ұлдың ата-жұртына қайтып ора­луы­на” пара-пар құбылыс болды! Қазақтың баяғыда көзден бұлбұл ұшқан көне ұлттық мақамы еуропалық-классикалық өлең мәде­ниетiмен жасанып, жаңғырып, арада бес ғасыр өткенде өзiнiң қаһарына қайта мiндi. Ежелгi қазақ поэзиясының күллi әлем жырында мүлдем кездеспейтiн ыршыған ырғақтарымен қауыша табысқан тұста арқамызға аруақ қонғандай болғаны әлi есiмде. Ұлы Мұқағалидың: “Фариза, Фаризажан, Фариза қыз,Өмiрде ақындардың бәрi жалғыз” дейтiнi осы кез.



Фариза!

Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз...

Иә, ол рас... Өмірде ақындар ғана емес, дәл осындай жан тебірентер әсем ән де жалғыз. Бұл өлеңге композитор Әбиірбек Тінәлив ән жазған. Ән болып шырқалмағанда Мұқағали Мақатевтыңкөп өлеңдерінің бірі болып қана қалар ма еді



Ән тарихына үңілсек, «Фариза» 1987 жылы туған екен.
Осы әнді әнші Мақпал Жүнісованың орындауында экраннан назарларыңызға ұсынамыз.Экранға назар аударыңыздар.

Жүргізуші: Өнердің шыққан жері Атырау облысы екені баршамызға аян. Күй атасы Құрманғазының күйлері тарихта мәңгілік сақталып келеді.Олай болса дәл осы сәтте Құрманғазының күйін тыңдамау мүмкін емес.9-сынып оқушысы Жұмабаев

Нұрпейістің орындауында Құрманғазының күйі «Ақсақ киік»
Студент кезімізде Фариза Оңғар­сы­нованы жастанып оқымағандар аз бо­латын тобымызда. 1-курстың қыс­қы сессиясын аяқтап, демалысқа келсем ау­данымызда қуанышты жағдай бол­ға­лы жатыр екен. Алматыдан атақты ақын Фариза Оңғарсынова келіп, халықпен жүздеспекші дейді. Жанында қаламгер екі інісі – Өтеген Оралбаев пен Мереке Құлкенов бар. Ақ­панның аязды күніне қарамастан Жы­лыой ауданының клубтары адамдарға лық толып, ақын жырын естіп мерейленіп қалған еді. Ақын апамыздың тілегі де мақпалдай. Оған бұл ауданның ауасы да, желі де, аязы да жат емес. Мейірлі кө­ңіл­мен Жылыой туралы жырларын маз­да­­тып жатты. Мына бір шуақты жыры сол жолғы әсерден жазылған болуы керек. Белгілі сазгер Айтқали Жайымов бұл өлеңг­е әуен жазыпты. Бұл ән жылыойлықтар­дың жүрегінен орын алғаны соншалықты жиі айтылады дейді ақын Маржан Ершу.

Мұғалім сөзі: Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған,сазгер Айтқали Жайымовтың «Жылыойға сәлем» әнін өзім сабақ беретін 6-сынып оқушылары орындайды.

Жүргізуші:

Фариза Оңғарсынова

ҰСТАЗ

Заводта болсаң, күнбе-күн



көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң, түрлі емің –

сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің

өзгеше тіпті басқадан:

ол - өзін арнап ел үшін

осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,

байлығы туған халықтың,

шапағын шашар үнемі

көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,

тағдырын ойлап толғанып.

Әр үйдің бір-бір еркесін

үйреттің өзің қолға алып.

ұстазсыз жанда сөнбек күн,

шәкіртсіз өмір – сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің

бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

жанымнан жалын жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің,

әр сәтің тұрған бір ерлік!
Қорытынды бөлім:

Кеш қонақтарына сөз:

Аудандық «Кең Жылыой» газетінің тілшісі Қайрат Нұртайұлы Дүйсенбетовке

Мектептің оқу-ісінің меңгерушісі:Жолдыбике Назарқызы

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Меңтай Ідірісқызы

Хор: ән : «Ертеңі – ертегі Құлсары»

Сөзі : Бүркіт Базарбаев

Әні: Қосан Үбіғалиев



орындайтын мектептің «Балбырауын» көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет