Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған


-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек



бет76/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек

1. Суррогат ана болу сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша балаға (балаларға) жүкті болуды және, мерзiмiнен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балалар) тууды бiлдiредi.


2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда, психикалық, соматикалық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі туралы медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер суррогат ана бола алады.


3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың құқықтары және келісімшарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасымен реттеледі.


Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





101-бап. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлығы

1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлары болуға құқығы бар.


2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының, ұрпақты болу ағзалары тінінің кейінгі тағдыры туралы ақпаратқа құқығы жоқ.


3. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлығын жүргізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.


Ескерту. 101-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет